Еңбекті қорғау


Тыныс алу жолдары арқылы улану



бет14/62
Дата19.05.2023
өлшемі1,15 Mb.
#95245
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62
Тыныс алу жолдары арқылы улану (газдармен, булармен, аэрозольдармен дем алу). Мұндай кезде зақымданған адамды таза ауаға шығарып, тез арада дәрігер шақырады. Дәрігер келгенше ол адамды жағдайы жақсы сияқты болып тұрса да, жалғыз қалдыруға болмайды. Өйткені, жедел интоксикацияның айқын симптомдары – тыныс алу, жүрек-тамыр соғысының жетіспеушілігі, естен тану – зақымданған адамның халі уақытша жақсарған кезінде, аяқ астынан нығаяды.
Зақымданған адамды ыңғайлы жерге жатқызып, тоңдырмау қажет. Тітіркендіргіш газдармен (хлор, азот тотықтары т.с.с) уланған кезде терең тыныс алуға болмайды.Жасанды тыныс алдыруды тек қажет болғанда ғана және кеудені баспай жасайды. Тұншықанда отекпен ингаляция жасайды.
Теріге удың түсуі. Тез арада у түскен жерді сабындап, жылы сумен жуып, былғанған киімді шешеді. Ыстық душ пен ванна қабылдауға болмайды. Уды органикалық еріткіштермен, соның ішінде этил спиртімен жууға болмайды, өйткені спирт тері арқылы удың өтуін қамтамасыз етеді. Егер улы зат гидрофобты қасиетті және сумен нашар жуылатын болса, оның негізгі бөлігін құрғақ шүберек, мақтамен сүртіп кетіреді.
Терінің химиялық күюі. Химиялық күю кезінде зақымданған жерді ағынды сумен ұзақ уақыт, 15минуттан кем емес, жуады. Ары қарай, қышқылдармен және қышқыл сияқты күйдіргіш заттармен күйген кезде, 2% натрийдің бикорбанаты ерітіндісіне, ал сілтілермен күйгенде - 2% сірке, лимон немесе жүзім қышқылдары ерітіндісіне батырылған дәкені жапсырады.
Тәжірибе көреткендей химиялық күю кезінде теріні ұзақ уақыт жуу керектігін жәбірленуші немесе көмек көрсетуші бағаламайтыны анықталды. Агрессивтi зат толық шайылғаны туралы жалған сезім бірнеше минуттардан кейін пайда болады. Алайда зат зақымдалған терінің тереңіне енеді және оны жою үшін ұзақ уақыт қажет. Шетел әдебиеттерінде көрсеткендей, химиялық күю кезінде теріні мұздай сумен 2 сағатқа дейін жуу кезінде зақымдалған аумақтың шапшаң жазылуына мүмкіндік туғызады. Отандық әдебиеттегi оның тиiмдiлiгiнiң растауына дейiн ұқсас әдiстерді ұсыну орынды болмас, дегенмен (15 мин) жуудың минемалды уақытын қысқартуға жол берілмейді.
Егер агрессивті зат киім сыртынан теріге түссе, киімді шешпес бұрын, күйген жерлерді ұлғайтып алмас үшін, оның былғаннған жерін қайшымен қиып алып тастау керек.
Синтетикалық киім кейбір агрессивті заттарда, мысалы күкірт қышқылында, еріп кетуі мүмкін. Сумен жуған кезде полимер коагуляцияға ұшырап, теріні жабысқақ қабықшамен жауып қалады. Сондықтан бұл жағдайда сумен жуу нәтиже бермейді. Алдымен терідегі қышқылды құрғақ шүберекпен сүртіп, содан кейін сумен жуады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет