Еңбекті қорғау


Улы заттардың жарақаттанбаған тері арқылы өтуі



бет5/62
Дата19.05.2023
өлшемі1,15 Mb.
#95245
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
treatise36891

Улы заттардың жарақаттанбаған тері арқылы өтуі. Зертхана қызметкерлері әдетте теріге зияды заттар төгілгенде аса мән бермейді. Дегенмен, көптеген органикалық заттар – анилин, бензол, диоксан, дихлорэтан, пипередин, метанолдар теріге түскен кезде тез сіңіп кететін қабілетке ие. Мұндағы бір рет теріге төгілген улы заттың ағзаға сіңетін мөлшері жүздеген миллиграмм болса, ал ұзақ қатынаста немесе терінің көлемді бөлігіне төгілген кезде ол граммға шабады. Ал ағзаға өкпе арқылы осы мөлшерлі улы зат, атмосферада ұзақ уақыт(ондаған сағат) тек осы заттың үлкен концентрациясының буымен тыныс алғанда ғана өтеді. Тері арқылы сіңген улы заттар әлбетте қанға түсіп, жедел улануды қоздырады немесе май талшықтарында тығылып, созылмалы улануға, аллергиялы дерматитке және басқа да ауруларға соқтырады.
Қатты зиянды заттар да, әсіресе олар ұсақдисперсті және тозаң тәрізді күйде болғанда жарақатталмаған тері арқылы өте алады. Олар киімнің ішкі қабатына еніп, терімен қажала оған сіңеді. Тері суланған кезде, мысалы терлеген кезде, олардың тері арқылы өту жылдамдығы бірден артады.
Текстилді материалдардың сұйық және газ тәрізді заттардың қатнасы бойынша әсіресе жүн мен мақтаның жоғары сорбциялық қабілетін ескеру керек. Арнайы киімсіз жұмыс істегенде улы заттар жеке киімге сіңіп қалады. Ақырын-ақырын десорбция ұшырап улар барлық тері бетіне сіңіп алады, тіптен олардың әсері зертхананың қабырғасы арқылы да өтеді.
Улардың ағзаға тері арқылы енуіне жеке гигиенаны сақтау және арнайы киімдер кию арқылы жол бермеуге немесе төмендетуге болады.
Зертханадағы барлық жұмысшылар, соның ішінде тікелей химиялық заттармен жұмыс жасамайтындар да, жұмыс орнында мақта материалынан тігілген арнайы киім киюге тиісті. Арнайы киімді үйде немесе химиялық зертханада жууға тиым салынады. Арнайы жұмыс киімі мен жеке тұлға киімдерін бірге сақтауға болмайды. Зертханада кірленген киімдерді үнемі арнайы кір жуатын жерге өткізу ұйымдастырылуы қажет.
Тері қандай да бір затпен былғанған кезде, оны тез арада тазалау керек. Әр жұмыс бөлмесінде қол жуғыш және кептіргіш болуы тиіс, зертханада қол сүрткіш пайдаланбаған дұрыс.
Көптеген жағдайларда химикаттармен жұмыс істегенде резина қолданғанда едәуір ластанулардан сақтап қалады. Әртүрлі заттардың әсерінен резина қолғаптары қоды бірдей дәрежеде қорғамайды. Ерітінділердің көпшілігі жұқа резина пленкасынан тез өтіп кетуге қабілетті болады.
Зертханада көзді қорғауға аса көңіл бөлінуі қажет. Көзге азғана болса да қаупі бар кез келген операцияларды жасағанда көзілдіріксіз немесе маскасыз жұмыс жасауға тиым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет