1. Химиялық зертханаларда жұмыс істеу ережелері
Химиялық зертханалардағы жұмыстар әртүрлі қауіпті және зиянды өндірістік факторлармен байланысты болғандықтан, химиктердің қауіпсіз еңбектерін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінуі қажет.
Қауіпсіз жұмыс жасау негізі - зертханадағы әрбір қызметкердің қауіпсіздік теникасы ережелерін есте сақтауы болып табылады. Тәжірибелі қызметкерлер қауіпсіздік техникасы талаптарына немқұрайлықпен қарауға жол бермейтін психологиялық атмосфера жасауды өздерінің тікелей міндетттері деп санаулары тиіс.
Қауіпсіздік талаптарынан ауытқу ешқандай да ерекше жағдайлармен ақталмауы керек. Бұл талаптартарды апат болмайтынына көзің жетіп тұрғанның өзінде де бұзуға болмайды, өйткені бұрыс ілім қалыптасып, кейінгі қауіпті жағдайларда әдетті түрде қолданылып кету қаупін тудырады.
Әрине, әрбір нұсқаулардың бұзылуы қайғылы жағдайларға алып келе бермейді. Сонда да ұсақ қателіктер әдетке айналып, соның салдарынан үлкен қателіктер туындайды.. Нәтижесінде зертханада объективті түрде өндірістік жарақаттану себептері өсуі мүмкін.
Сондықтан толық жазылған нұсқаулардың өзінде де қандай да бір нақтылы тосын жағдай тууы ықтимал болғандықтан, қауіпсіздік техникасы ережелерін тек біліп қана қоймай, оның мәнін түсіне білу, оны тосын жағдайда пайдалана алу және кез келген істің салдарын бағалай білу қажет. Жарақатсыз және апатсыз жұмыс істеу - кез келген қызметкердің жетікті маман екендігін анықтаудағы негізгі қағида.
ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР
Зертхана жұмысына медициналық тексеруден және қауіпсіздік техникасының нұсқауынан өткен тұлғалар жіберіледі. Жұмысқа тұратын барлық тұлғалар біліміне, жұмыс стажына немесе лауазымына қарамастан, сонымен қатар өндірістік үйрену немесе машықтану үшін командировкаға келгендер де, жаппай нұсқаудан өтуге міндетті.
Химиялық зертханадағы кез-келген жұмыс нақтылы, ұқыпты және асығыссыз істелуі қажет.
Зертханада берілген тапсырыспен тікелей байланыспаған, қандай да бір басқа жұмыстар жасауға тиым салынады.
Жұмыс орнында берілген нақтылы жұмысқа қатысты ғана реактивтер, жабдықтар мен қондырғылар болуы қажет. Жұмыс орнында ретсіздікке жол берілмейді.
Кез-келген жұмысқа, егер оның барлық деңгейі толығымен дерлік түсінікті және ешқандай күмән келтірмеген жағдайда ғана кірісуге болады. Түсініксіз жағдайда, жұмыс бастар алдында, жетекші көмегіне жүгіну керек. Бұрын таныс емес операциялар, сонымен бірге жаңа заттармен жұмыс бастау алдында, әрбір бастаушы қызметкер жетекшіден толық нұсқау алуы тиіс. Аса қауіпті операцияларды тек жетекшінің немесе машықтанған қызметкердің тікелей қатысымен жасау қажет.
Әдебиеттерде келтірілген синтездерді жасау барысында, бірінші тәжірибені заттардың нұсқауда ұсынылған мөлшерімен және тәжірибе жағдайын қатаң сақтай отыра жасау қажет.
Алдын-ала нәтижесін болжай алуға мүмкіндік жоқ кездегі зерттеу жұмыстарын, заттардың көп мөлшерімен өткізуге болмайды. Тіпті сыналатын тәжiрибелер аз мөлшердегі реактивтермен тегіс өтеді, препаратты синтездер ауысқанда сақтықа болу керек.Мысалы, азған көлемнен жылудың бөлінуі немесе массаның көбіктенуі кедергілік шақырмайды, бірақ белгілі бір көлемнен асса апат болуы мүмкін.
Зертханада сақталатын реактивтер мен химиялық заттар салынған ыдыстарда, олардың аты мен химиялық формулалары анық жазылған этикеткалары болуы тиіс. Этикеткалардағы жазуларды түзетуге немесе ескі этикетканы алмай оның үстіне басқасын жапсыруға және оңай жуылып кететін бояулармен жазуға тиым салынады. Этикеткасыз немесе ол анық жазылмаған жағдайдағы реактивтерді пайдалануға болмайды. Мұндай жағдайда талдау арқылы бірден заттың дәл формуласын анықтау, не оны бірден жою қажет.
Реактивтердің таза күйінде сақталуына мұқият қарау керек. Реактивтер салынған ыдыстардың қақпақтарын ешқашан шатастыруға және таза емес қалақшамен ыдыстағы затты алуға болмайды т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: |