Еңбекті қорғау


ОРГАНИКАЛЫҚ ЕРІТКІШТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ



бет30/62
Дата19.05.2023
өлшемі1,15 Mb.
#95245
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62
Байланысты:
treatise36891

8. ОРГАНИКАЛЫҚ ЕРІТКІШТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ


8.1. ҚАУІПТІЛІК КӨЗДЕРІ

Зертхана пайдаланылатын өрт қауіптілігі бар заттардың ішінде органикалық еріткіштер ерекше орын алады. Олар оңай тұтанады, тез жанады және қиындықпен өшіріледі. ОТС (оңай тұтанатын сұйықтар) жанған кезде, ағашпен салыстырғанда, жылуды 10 есе көп бөледі. Көптеген органикалық еріткіштердің булары бөлме температурасының өзінде-ақ ауамен қосылып өртқопарылғыш қабілетті қоспа түзе алады.


Органикалық еріткіштерді пайдалану мен сақтау қауіптіліктері бірнеше жағдайларға– сұйықтың мөлшері мен жанғыштығына, температураға, аппаратура немесе ыдыстың герметикалығына, тұтану көздерінің қасында болуына тәуелді.
Тұтану температурасына қарай ОТС шартты түрде үш разрядқа бөлінеді:
Қауіптілік разряды Сұйық сипаты Тұтану температурасы, С˚
жабық тигельде ашық тигельде

I аса қауіпті 18-ге дейін 13-ке дейін


II үнемі қауіпті 18 - 23 13 - 27
III жоғары температурада
қауіпті 23 - 61 27 – 65

Тұтану температурасы жабық тигельде 61С˚- тан, ашық тигельде 65 С˚- тан асатын және жану көзін жойғаннан кейін де жана беретін сұйықтар ЖС-ға ( жанғыш сұйықтар) жатады.


I разрядқа жататын сұйықтар: акролеин, аллилхлориді, ацеталь, ацетальдегид, ацетон, бензиндер, гексан, диметилдихлорсилан, дипропил эфирі, диэтиламин, диэтил эфирі, изопропиоламин, изоприпилхлориді, метилаль, метилметакрилат, метилформиат, пропилен тотығы, петролейн эфирі, пропилхлориді, күкіртті көміртек, тетрагидрофуран, фуран, циклогексан, циклогексен, этиламин, этилформиат және т.б.
II разрядқа жататын сұйықтар: акрилонитрил, аллилбромиді, аллиламин, амилхлориді, ацетонитрил, бензол, бутиламин, трет-бутил спирті, бутилхлориді, винилацетат, гексаметилдисилоксан, гептан, дибутил эфирі, диоксан, дихлорэтан, диэтилхлорсилан, диэтилкетон, изопропилацетат, изопропанол, изопропилформиат, изорпопилкарбонат, лигроин, метилацетат, метанол, метилүшхлорсилан, метилхлорформиат, метилэтилкетон, пипередин, толуол, үшэтиламин, циклогексиламин, этилакрилат, этилацетат, этилбензол, этиленимин, этанол және т.б.
 разрядқа жататын сұйықтар: амилацетаты, амилбромиді, амилформиаты, анизол, ацетилацетон, бензилхлориді, бромбензол, бутанол, гексилхлориді, декан, диамил эфирі, дикетен, диметиламиноэтанол, диметилсульфат, ,- диэтиламиноэтанол, диэтилкарбонат, изоамилацетат, керосиндер, ксилол, метилакрилат,морфолин, құмырсқа қышқылы, октиламин, пентанол, пропилбензол, пропанол, скипидар, стирол, уайт-спирит, сірке қышықылы, сірке ангидриді, хлорбензол, циклогексанон және т.б.
Кейбір органикалық еріткіштер сақталу процесінде ауадағы оттегін сіңдіріп, онымен асқын тотық түзе реакцияласады. Органикалық асқын тотықтар соғылысу, қажалу, жылу, от, былғану, кейде білінбейтін себептер әсерінен ыдырайтын тұрақсыз қосылыстар болып саналады. Асқын тотықтары бар органикалық еріткіштерді пайдаланудың қауіптілігі – кейбір жағдайда асқын тотықтың ыдырауы өте қарқынды жүріп, қопарылысқа дейін соқтыруында. Әсіресе мұндай еріткіштерді қайта айдау немесе буландыру кезіндегі қауіптілік өте жоғары. Өйткені асқын тотықтардың ұшқыштықтары еріткішке қарағанда төмен болғандықтан, қайта айдау немесе буландыру процесінде оның концентрациясы көбейіп кетеді де, еріткішті толығымен айдамақ болған жағдайда қопарылыс болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет