Еңбекті қорғау


ЭЛЕКТРЛІК ТОКТЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ



бет28/62
Дата19.05.2023
өлшемі1,15 Mb.
#95245
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62
Байланысты:
treatise36891

5.2. ЭЛЕКТРЛІК ТОКТЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ

Мұндағы маңызды факторлар қатарына жатқызуға болатындар: ток пен электр тізбегінің параметрлері – ток көзі, жиілігі, кернеу мөлшері; жарақаттану жағдайлары – денедегі токтың жолы, оның әсер ету уақыты; жарақаттанған кездегі ағзаның физиологиялық және психологиялық күйі – тері ылғалдылығы, жынысы, жасы, аурулары, шаршауы, ынтасының төмендеуі; сыртқы ортаның әсері – температура, ылғалдылық, атмосфералық қысым, электрлік және магниттік өрістер, ауаның ластануы.


Электр қауіпсіздік мәселелерін шешуде, қолайсыз жағдайда жарақаттанудың себебі болуы мүмкін токтың, кернеудің және тізбектің басқа да параметрлерінің орташаланған емес, ең төменгі мәндерінің ағзаға әсер етуіне бағытталуы маңызды.
Аса қауіптілікті тудыратын жиілігі төмен, соның ішінде 50 Гц - өндірістік жиіліктегі айнымалы ток болып саналады. 50 Гц айнымалы токтікіне қарағанда тұрақты токтың әсер ету бастамасының мәні 3-4 есе көп болады. Өйткені 50 Гц жиіліктегі сезілетін токтың әсер ету бастамасы 0,5 - 1,5 мА, 10 кГц-те – 30 мА шамасында, ал тұрақты ток үшін – 5-7 мА.
Әсер ету бастамасының деңгейіндегі токтардың денсаулыққа ешқандай зияны болмағанымен, қолайсыз жағдайда жұмыс істеп жатқан адамға кенеттен мұндай ток әсер еткенде қауіпті жағдайлар тууы мүмкін. Сондықтан химиялық зертханада кез-келген сезілетін токтың адамға әсері қауіпті болып саналады.
Токтың ең көңіл аударарлық мөлшері - әсер ету бастамасындағы жібермейтін ток мөлшері болып саналады, яғни мұндай ток қол арқылы өткенде бұлшық еттердің тырысатындығы соншалық, адам қолындағы сымнан арыла алмай қалады. 50 Гц жиіліктегі әсер ету бастамасындағы жібермейтін ток мөлшерінің мәні ер адамдар үшін 15 мА, ал әйелдер үшін бұл мән 30% -ға төмен келіп, 10 мА құрайды.
Әсер ету бастамасындағы жібермейтін токтың мәнін экспериментті түрде сынағанда, адам электродты қолында ұстап тұрады. Ал іс жүзінде электр тізбегі тек алақан - алақан немесе алақан - аяқ схемасымен ғана жүрмейді. Көп жағдайда, жарақат алған кезде, ток қолдың сыртқы жағымен, білекпен, тіземен өтеді. Ал адам денесінде, әсіресе қолдың сыртқы бөлігінде, токқа сезімтал жерлері болады. Осы осал жерлер арқылы электр тізбегі пайда болғанда, ауыр жарақатқа және өте аз ток мөлшерінің өзінде өлімге соқтырады. Мұнда көңіл аударуратыны, өмірге маңызды органдар – жүрек, өкпе, ми арқылы ток өтпеген жағдайда да, өлімге ұшырауға болатындығында.
Аса қауіпті болып, әсер ету бастамасындағы жібермейтін токтан күші жоғары ток саналады. 25-50 мА ток белден жоғары жолмен өткенде, адамның тыныс алуы тарылып, жүрек жұмысы қиындайды. Егер көмектесетін адам болмай, жарақаттанушы ток тізбегінен өз бетімен шыға алмай қалса, ол есінен танып, 3-4 минуттан кейін өлімге ұшырайды. 50-80 мА ток ұзақ уақыт жүрек аумағына әсер етіп тұрса, жүрек қызметінің бұзылуы қауіпті фибрилляцияға дейін болады. 100-150 мА ток күші жүрек фибрилляциясын және 2-3 с кейін тыныс алу параличін тудырады.
Электр тогының ағзаға әсері оның күшімен сипатталғанымен, іс жүзінде бұл шама тек эксперимент түрінде ғана анықталады. Нақты жарақаттанған жағдайда әсер еткен токтың шамасын тізбек кернеуі мен адам денесінің кедергісін тауып қана есептейді. Сондықтан адам денесінің кедергісінің минималды шамасын табу – электр қауіпсіздігінің маңызды мәселелерін шешуге қажет.
Адам денесінің кедергісі – тұрақсыз шама. Жарақаттанбаған құрғақ терінің кедергісі ең көп болады. Дененің әртүрлі бөлігіндегі эпидермис қалыңдығына, капиллярлардың қанға толу дәрежесіне, тер шығару шамасына және де басқа факторларға қарай терінің кедергісі оннан жүзге дейінгі килоом шамасында тербеледі.
Ішкі талшықтардың және дене органдарының электрөткізгіштіктерін дәл анықтау өте қиын. Сондықтан әртүрлі жағымсыз факторлардың бір сәтте болып қалу мүмкіндіктерін ескере отырып, электр қауіпсіздік мәселелерін шешуде адам денесінің толық кедергісінің есептелген шамасы ретінде 1000 Ом қабылданды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет