Еңбекті қорғау


ЖАНҒАН СІЛТІЛІК МЕТАЛДАРДЫ СӨНДІРУ



бет37/62
Дата19.05.2023
өлшемі1,15 Mb.
#95245
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62
Байланысты:
treatise36891

10.5. ЖАНҒАН СІЛТІЛІК МЕТАЛДАРДЫ СӨНДІРУ

Өрт сөндіру әдісін таңдауда сілтілік металдың өзі жанғанын, металл мен су әрекеттесу процесінде бөлінетін сутегінің жанғанын және сілтілік металл қатысындағы органикалық еріткіштің жанғанын ажырата білу қажет. Мұндағы ең қауіптісі - сілтілік металдың өзінің жануы, бірақ мұндай жағдай өте сирек кездеседі.


Литийді сөндіру. Аса қауіптілікті жанған металл литий тудырады. Әдетте қолданатын өрт сөндіргіш құралдары (су, көбік, көміртектің қос тотығы, көмірсутектердің галогентуындылары) жануды не күшейтеді, не жарылыс тудыртады. Литий 250С температурадан асқан кезде тез арада шыныны, кварцты, бетонды, өртке төзімді материалдарды бұзады, құммен әрекеттеседі. Сөндіру үшін натрийдің хлориді мен карбонаты да жарамсыз, өйткені жанған литий бұл тұздармен жанасқан кезде натрийді ығыстырып шығарады.
Литийді сөндіру үшін арнайы гидрофобизиялаушы қосымшалары бар әртүрлі флюстар мен графиттер негізіндегі ПС-11, ПС-12 және ПС-13 ұнтақ құрамдары тағайындалған. Сонымен қатар бұл жағдайда ұнтақ графитті, литий хлоридін, калий хлоридін пайдалануға да болады. Литиймен жұмыс барысында, әдеттегі өрт сөндіру құралдарымен қатар, жоғарыда көрсетілген ұнтақтардың біреуінің жеткілікті мөлшерін дайын ұстау қажет. Литийді жанып жатқан от көзінен ауаны аргонмен ығыстырып шығару арқылы да сөндіруге болады. Аргон ағынын сұйық металлды жан-жаққа шашып жібермейтіндей етіп жіберу керек. Сөндіріп болғаннан кейін металл қалдықтары аргон ағынымен суытылуы тиіс.
Натрий, калий және калий-натрий құймасын сөндіру. Бұл металдарды сөндіруде ең жақсы нәтижеге ПС-1 және ПС-2 ұнтақтарымен толтырылған өрт сөндіргіштерді қолдану арқылы жетуге болады. Жану, сонымен қатар құрғақ кварц құмын, кальциденген ұнтақ соданы, ұсақ ас тұзын металдарға сеуіп тастаған кезде де тоқтайды.
Натрий мен калийді аргон және азотпен өшіруге де болады. Аргон ауадан әлдеқайда ауыр болғандықтан, оны қолдану тиімдірек болады.
Көміртектің қос тотығы натрий мен калийді сөндіруге жарамайды, бірақ натрий металы бар еріткіш жанған кезде көмірқышқылды өрт сөндіргіштермен ойдағыдай өшіріп алуға болады. Әдетте еріткіш жанып бітпей натрий тұтанбайды, өйткені еріткіш булары металды ауадағы оттегінің қатынасынан қорғайды. Кейде бұл эффекті жанған металды ойдағыдай сөндіруде қолдануға болады. Егер ыдыстағы жанып жатқан натрийге біраз мөлшердегі керосинді құйса, оның нәтижесінде пайда болған отты толығымен көмірқышқылды өрт сөндіргіштер көмегімен өшіріп алуға болады.
Сілтілік металдар, олар суып болғаннан кейін ғана толығымен өшті деп саналады. Жанбай қалған металл қалдықтарын ұқыптап қалың фарфор стақанына жинап, кәдімгі әдіспен жояды.

Сұрақтар:


1. Қауіптілік көздеріне қатысты сілтілік металдардың әрқайсысына тән қандай жеке қасиеттері бар?
2. Сілтілік металл қалдықтарын қалай жояды?
3. Сілтілік металдарды тотық қабыршақтарынан тазалаудың қандай әдістері бар?
4. Еріткіштерді металл натриймен қалай абсолюттейді және ол қандай еріткіштерді кептіруге жарайды.
5. Сілтілік металдар жанған кезде, өрт сөндірмес бұрын қандай жағдайды ажырата білу керек?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет