Еңбекті қорғау


Иодталған көмірді дайындау



бет45/62
Дата19.05.2023
өлшемі1,15 Mb.
#95245
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   62
Иодталған көмірді дайындау. 100г активтелген көмірге құрамында 10г иоды және 20 г калий иодиді бар 200 мл сулы ерітіндіні құяды. Массаны қарқынды шайқайды. Ерітінді түссізденгеннен кейін көмірді сүзіп алып, 100-120С температурада 2 сағат кептіреді. Қалған калий иод ерітіндісін иодты ерітуге қайтадан пайдалануға болады.
Иодталған көмірдің сыйымдылығы марганец диоксидіне қарағанда әлдеқайда төмен, бірақ дайындалуының қарапайымдылығына қарай оны ұсынуға болады.
Силикогельді жұтқышты дайындау. Жұтқыш әзірлеу үшін силикагельдің 0,5-1,0 мм өлшемдегі бөлшектері жарамды. Түйіршектелген силикагельді уатады да, елеуіш арқылы керекті фракциясын елеп алады. Бұдан соң сұйытылған тұз қышқылының (11) 3мл мөлшерін 1г силикагель мөлшеріне есептей, оны қайнатып өңдейді, одан кейін сүзіп, дистилляцияланған жылы сумен Cl¯ ионының жоқтығын көрсететін реакцияға дейін жуады. Силикагельді 100-110С-та кептіреді, 700-750С-та муфель пешінде қыздырады, одан соң суытып, тығыз тығыны бар склянкаға салады да, ыстық қаныққан калий перманганаты ерітіндісін құяды, мұқият араластырып болғаннан кейін оны төгіп тастайды. Силикагельді вакуумда қыздырусыз кептіреді және тығыз тығыны бар склянкада сақтайды.
Индикатор ұнтағын дайындау. Индикатор ұнтағы – төменде көрсетілген жолмен алынатын мыс иодидінің суспензиясымен сіңдірілген силикагель болып табылады:

2CuSO4 + 4KI = Cu2I2 + I2 + 2K2SO4


Мыс иодидін дайындау үшін әрқайсысынан 100 мл мөлшермен 10-дық калий иодиді ерітіндісі мен 10-дық мыс сульфаты ерітіндісін бірге құяды. Тұнбаны толық тұндырады, сұйығын төгіп, массаны Бюхнер воронкасында сүзіп, оны 10-дық натрий сульфиті немесе тиосульфаты ерітіндісімен түссізденгенше бірнеше рет дистилляцияланған сумен жуады. Жуылған тұнбаны стақанға ауыстырып, 50-60 мл этил спиртін қосып қарқынды араластырады. Суспензияға тұз қышқылымен өңделген және силикагельді жұтқышты кептірген сияқты дайындалған 40г силикагельді араластыра отырып қосады. Мыс иодиді суспензиясымен сіңдірілген силикогельді ауада кептіреді және герметикалық түрде жабылған склянкада сақтайды.


Құрамында сынап буы бар ауамен индикатор ұнтағы қатысқанда, ұнтақ күлгін түске боялады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет