Еңбекті қорғау


Жабдықтар мен ыдыстар демеркуризациясы



бет47/62
Дата19.05.2023
өлшемі1,15 Mb.
#95245
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62
Жабдықтар мен ыдыстар демеркуризациясы. Өте таза сынап шыны мен фарфор бетіне жағылмайды, ал тіпті аз мөлшерде былғанған сынаптың өте ұсақ тамшылары шыны мен фарфор ыдыстарына және жабдықтарға жабысады. Сондықтан сынап салынған ыдысты кәдімгі сумен раковина астында жууға тиым салынады, оны алдымен мұқият демеркуризациялайды.
Шыны ыдыс бетінен сынапты кетіру мақсатында, металдың сұйытылған азот қышқылында еру қабілетттілігі пайдаланылады:

6Hg + 8HNO3 = 3Hg2(NO3)2 + 2NO + 4Н2O


Ұсақ ыдыстар мен жабдықтар детальдарын, олар дәл сиятындай көлемдегі қалың стақанға салады да, сұйытылған азот қышқылын құйып, бірнеше сағатқа немесе түнге қалдырады. Осындай өңдеуден кейін ыдысты сумен жуады. Үлкен ыдыстар мен жабдықтардың ішінен, реакцияны жылдамдату үшін біршама қыздырылған 50-56%-дық азот қышқылының біраз мөлшерімен мұқият шаяды. Егер шыны жабдық сыртынан былғанса, оны бірнеше рет ылғалды қағазбен сүртеді.


Сынап жабдықтың металды бөлігіне түсіп, амальгам түзген жағдайда демеркуризация өте қиынға соғады. Мұнда қышқыл қолдану нәтижелі болмайды. Бұл жағдайда сынаппен былғанған металды бөліктерді ұзақ уақыт сорғыш шкаф астында қыздыру арқылы оңтайлы нәтижеге жетуге болады.

Сұрақтар:


1. Сынап буы концентрациясының улы қасиеттерінің қауіптілігі қандай?
2. Адам ағзасына сынаптың буы қалай әсер етеді және сынап буымен уланудың қандай белгілері бар?
3. Ауадағы сынап буының құрамын және аймақта жиналған металл сынапты сандық түрде қалай анықтайды ?
4. Жұтқыш ұнтақ ретінде қандай заттар пайдаланылады?
5. Бөлменің, аппаратуралардың және ыдыстардың демеркуризациясы қалай жасалады?


АЙДАУ


ҚАУІПТІЛІК КӨЗДЕРІ

Айдау-әртүрлі қайнау температурасына негізделген заттарды бөлу немесе тазалау. Айдау, зертханалық тәжірибеде реакция өнімдерін бөлу үшін, ерітінділер мен реагенттерді тазалау үшін қолданылады. Айдау осы кезде барлығы бір бірімен тіркес жиі әсер ететін потенциалды қауіпті факторлар қатарымен байланысты болады. Мұндай факторлардың қатарына өте нәзік шыны ыдыстарды, электрлік немесе газды жылытқыштарды, кейде жанғыш заттарды (ЖЗ) немесе оңай тұтанатын заттарды (ОТЗ), аппараттың қозуын (вакуумды айдау кезінде) немесе біршама жоғары қысымды қолдану жатады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет