Әбеуова И.Ә. Әлеуметтік психология


IV ТАРАУ. ТОПТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТПС



Pdf көрінісі
бет13/16
Дата03.05.2023
өлшемі1,67 Mb.
#89431
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
b1088

IV ТАРАУ. ТОПТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТПС 
ПСИХОЛОГИЯСЫ
1. Әлеуметтік психологиядағы топтар проблемасы
Әлеуметтік-психологиядагы топтар проблемасы тек элеуметтік 
психология гана емес, социологияның да маңызды мэселесі. 
Социологиялық зерттеулерде негізінен шартты топтар үғымы 
қодданылады (статистика, демографикалық зерттеулер, т.б.)
49


Әлеуметтік психологияда әртүрлі бірлескен іс-әрекетте болатын, 
немесе бірыңғай жағдайларда топтасқан бірлестіктерде, адамдардың 
өздерінің осы бірлестік мүшесі деп сезінуі ретінде деп түсінуге 
болады. Әртүрлі әлеуметтік функцияларды орындауда, адам көптеген 
элеуметтік топтар мүшесі ретінде, осы топтардың (қиьшысуында) 
әсерімен қальттасады. Жеке түлга көптеген топтардың көзқарастар, 
нормалар және қүндылықтар жүйесіне енгізіледі. Сондықган да 
осьшардың бірлескен әсері қалай іске асырылатьшын, адам санасына 
қандай ықпал ететінін анықтау маңызды. Осы орайда психологиялық 
түргыдан адам үшін топтың мәні неде деген сүраққа жауап беру үшін, 
әрі элеуметтік, эрі психологиялық тұргыны қарастыру қажет.
Әлеуметтік түргьщан ең негізгісі - топтардың бір-бірінен 
өзгешеліктерінің объекгавті көрсеткіштерін табу. Топтардың бір- 
бірінен ерекшеліктерін діни, этникалық және саяси сипаттамалары- 
нан көруге боліады. Әрбір элеуметтік жүйе үшін негізгі көрсеткішті 
тандап алу маңызды. Осындай обьективті көрсеткіш тұрғысьшан 
элеуметтану (социология) әрбір элеуметтік топты қарастырып, оның 
қоғаммен, соған кіретін жеке түлғамен сәйкестігін талдайды.
Әлеуметтік психология элеуметтік және 
жалпьшсихология- 
лық" түргыны біріктіруі қажет. Яғни, нақты элеуметтік топтарға 
топтастырылған адамдардың мінез-қүлқы мен іс-эрекеттерінің 
заңдылықтарын 
зерттеу, 
осындай 
топтардың 
мазмүндылық 
сипаттамасьш, нақты элеуметтік топтың жеке тұлғаға әсер етуінің 
ерекшеліктерін анықтаумен айналысады. Андрееваның көзқарасын- 
ша, топ белгілі бір іс-әрекет жүйесі, сондьщтан да нақгы бір іс-эрекет 
субъектісі ретіңде көрініп, сол арқылы қоғамдық қатъшастарға 
кіргізілген.
Әлеуметтік топтарға талдау жасау үшін, топтардың элеуметгік 
талдамасына сүйене отырып, 
әрбір тошың 
психол огиял ық 
сипатгамасын, оның әрбір топтың жеке мүшесіне маңызын 
сипаттауға болады.
Топтың іс-эрекетінің бірлігі, сол топтьщ психологиялық 
сипатының да бірлігін тудырады, оны "топтық сана" деп атауға 
болады.
Топтардың психологиялық сипаттамаларына: топтық қызығу- 
лар, топтық қажетгіліктер, тошық нормалар, топтық құндылықтар, 
топтық пікір, топтық мақсаттарды жатқызады. Топтың дамуы мен 
оның адам қоғамы тарихындағы ролін талдауда (Поршнев, 1966), 
топтың негізгі таза психологиялық сипаттамасы "біз — сезімі". Яғни
50


қауымдастықты психикалық тұрғыдан топтастыратын кешенді 
принцнп, "біз" деген топтық құрылымға кіретін индивидтердің, 
"олар" топтық құрылымынан өздерін ажырата білуі.
Осылайша қарастырғанда, топтың психологиялық сипаттама- 
лары бекітіліп, ал топтың өзі саналы мақсат үшін өзара әсерлесетін 
"қауымдастық, іс-эрекет субъектісі ретінде объекгивті көрінетін 
қауымдастық" 
(Шерковин, 
1975) 
деп 
анықталады. 
Кейбір 
зертгеушілер, индивидтер құрьшьшына сәйкес, топ үшін де: топтық 
ес, топтьщ ерік, топтьщ ойлау, т.б. көрсеткіштерді қарастыруды 
ұсынады.
Қазіргі 
кездегі 
көзқарастарға 
сай, 
қарапайым 
топтық 
параметрлерге: топтың құрамы, топ құрылымы, топтық процесстер, 
топтьщ нормалар мен құндьшьщтар, санкциялық (жазалаушылық) 
жүйелері жатады.
Топтарды зерттеуде топ мүшесі ретіндегі индивидтің орны да 
топтарды зерттеуде өте маңызды. Бұл жағдайда қолданылатьга негізгі 
терминдер арқылы: "статус", "позиция", немесе индивидтің топтық 
өмірдегі орны аньщталады. Кейде бұл терминдер синоним ретінде де 
қолданылады.
Индивидтің топ ішіндегі екінші сипаттамасы: "рөлі". Мысалы, 
отбасьщда, оның мүшелерінің түрлі статустары: әкесінің (шешесі) 
статусы, үлкен қыз, кіші ұл, т.б. Егер де осы эрбір статусқа сәйкес 
қажетті функциялар жнынтығын суреттесек, соңда ана, әке, үлкен 
қыз, кіші ұп рөлдсрінің сипаттамасын аламыз. Ролдің динамикалы- 
льны (өзгергіштігі) сонда, статус өзгермесе де рол біртектес топтар 
да, топтың даму барысында сан алуан түрлі болуы мүмкін. 
Отбасының тарихи даму барысыңда отбасындағы ерлі-зайыптылар- 
дың рөлінің өзгеруі, осы айтқанға айқын дәлел бола алады.
Индивидтің топтағы сипаттамасының бір компоненті "топтық 
күтінулер" жүйесі. Бұл терминнің маңызы, эрбір топ мүшесі кез 
келген бір функцияны атқарушы ғана емес, міндетті турде басқа 
адамдардың оны қабыддауы мен багалайтындыгында. Сол арқылы 
топ (мінез-құлықгың күтілетін жағдайларының жүйесі) әрбір 
мүшесінің іс-эрекетін қадағалай алады. Кейбірде күтінулер мен топ 
мүшесінің ролді орындауының арасында сәйкессіздік туьгадайды. 
Күтшулер жүйесін нақты анықтау үшін топ ішінде тағы да екі 
құрылым: топтық норма мен топтық санкциялар болады. Барлық 
топтық нормалар, әлеуметгік нормалар да болып табылады.
51


Топтық нормалар — топтың өзі құрастырған және қабылдаган 
белгілі бір ережелері, топ ішіңдегі бірлескен іс-әрекет іске асырылуы 
үшін, әрбір топ мүшесі сол ережелерге бағынуы қажет. Яғни, 
нормалар іс-әрекетті реттейтін функцияны атқарады. Топтық 
нормалар топтық құндылықтармен де баблаңысты. Әрбір әлеуметгік 
топтардың құндылықтары әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан 
нормалар міндетті түрде топтық құндылықтарға негізделеді. Тонтық 
нормалар жалпыға маңызды (қоғамдық) да, осы нақты топқа ғана тән 
нормаларды да қамтиды.
Индивидтің топпен өзара қарым-қатынасын, ол топтағы қандай 
нормаларды қабылдайды не қабылдамайды, не себептен олай істейді, 
соны анықтау арқылы түсінуге болады. Оның маңыздылығы, топтық 
жэне қоғамдық нормалар мен құндылықтар сэйкес келмеген 
жағдайда, топ қоғамдық нормаларға сай емес құндылықтарға 
бағыттала бастағанда көрінеді.
Әрбір топ мүшесінің нормаларды қабылдау мөлшері де маңызды 
проблема болып табьшады. Әрбір топ мүшесінің топтық нормаларды 
сақтаудан қаншалықты ауытқығаны, әлеуметтік жэне "жеке 
тұлғалық" нормалардың қаншалықты алшақтығын анықтау қажет. 
Осы жағдайда топтың өз мүшесін топ қатарына қайтаратын 
механизмдерін — санкцияларын талдау керек. Санкциялар екіге 
бөлінеді: көтермелейтін жәнё тоқтау салатын, позитивті жэне 
негативті. Саикииялар жүйесі нормаларды сақтамауды толықгыру 
емес, сол нормаларды сақтауды қамтамасыз етуге арналған.
Топтың осьгадай әлеуметтік-психологиялық сипаттамалары 
белгілі бір негіз ретінде болады, оның мазмұнын толықтыру, нақты 
топтың ерекшеліктеріне байланысты.
Енді элеуметтік психологиядагы топтар жүйесіне тоқталайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет