Ш ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК -
ПСИХОЛ ОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1. Әлеуметтік психологиядагы жеке тұлға проблемасы
Әлеумеггік психолошя, жалпы психологиядағы "жеке тұлға"
анықтамасына сүйене отырып, жеке тұлға бір жагынан, қандай нақты
топтарда әлеуметтік әсерлерді қалай игеретіні, екінші жағынан
қандай нақгы топтарда өзінің әлеуметтік мәнін қалай іске
асыратьшын анықгайды. Жеке тұлғаны зерттеуде элеуметтік
психологияның негізгі бағдары: жеке тұлганың топпен қарым-
қатынасында, немесс жеке адамды топ мүшесі ретінде қарастыру.
Әлеуметтік психологтар адамдардың көбісі бір-бірін қалай
бағалайды, бір-біріне қалай әсер етеді, элеуметтік жағдайлардың
ьщпалы көптеген адамдарды адамгершіліктік немесе қатыгездік
көрсетуге қалай итермелейді, қапайша адамдар келісімпаз немесе
тэуелсіз болады деген сұрақгарға жауаптар іздестіреді.
Егер де элеуметтік психологияда жеке түлғаны талдаудың түйіні
— оның топпен эсерлесуі болса, онда ең алдымен қоғамның жеке
тұлғаға әсері қаңдай топтар арқылы іске асырылатынын анықгау
қажет. Ол үшін жеке адам даму барысында қандай микро-,
макроортада болғанын қарастыру керек. Яғни, элеуметтік
психологияның дэстүрлі тіліне жүгінсек, Бүл - элеуметтену
проблемасы.
Екінші жағынан, егер де жеке тұлғаны қалыптастырудағы эсер
етуші жүйелер қарастырьшса, онда нэтиже қандай болады, жеке тұлға
басқалармен белсенді қарым-қатыиасқа түскенде өзін қалай ұстайды,
немесе оньщ
әлеуметтік багдары қандай екенін қарасгыру қажет.
Осы екі бағыт та әлеуметтік психология ғылымының жалпы
қисынынан туьшдайды және де осы багытта әлеуметтік психологтар
тарапынан көптеген жүргізілген (эсіресе, шет елдік ғалымдарының
жетістіктері қомақты). Қазіргі кезде үшінші бағыт — жеке тұлғаның
әлеуметтік-психологиялық сапаларын талдау проблемасы туындап
отыр.
Достарыңызбен бөлісу: