Бақылау сұрақтары
1. Оқыту формасы дегенiмiз не?
2. Мектептiң даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың қандай негiзгi формалары қалыптасты?
3. Сыныптық-сабақ жүйесi қандай дара ерекшелiктерiмен сипатталады?
4. Қазiргi кезде сабаққа қойылатын негiзгi талаптарды атаңыз? Олардың маңызы қандай жəне
сипаттамасын берiңiз?
5. Сабақты жiктеу тəсiлдерi, ол неге байланысты жəне оның жолдары қандай?
6. Сабақтың негiзгi түрлерi мен оның құрылысын атаңыз?
7. Аралас сабақтың негiзгi жетiстiктерi мен кемшiлiктерi қандай?
8. Жаңа оқу материалын енгiзу сабағының құрылымын айтыңыз?
9. Мұғалiмнiң сабаққа дайындалу тəсiлдерi қандай?
10. Оқыту жұмысын ұйымдастыру формасының сабақтан басқа түрлерiн атаңыз жəне оларға
сипаттама берiп, маңызын дəлелдеңiз.
11. Оқушылардың өзiндiк жұмысының маңызы, ерекшелiгi қандай?
2.6
Оқушылардың оқу-танымдық əрекетiн тексеру жəне бағалау
1. Оқыту процесiнде бiлiмдi есепке алу, бақылау
жəне бағалаудың маңызы, қызметi
Оқыту процесiнде оқушылардың бiлiм, бiлiк, дағдыларын есепке алу, бақылау жəне
бағалау оның аса қажет құрамдас бөлiгi болып есептеледi. Мұғалiмнiң сабақтар жүйесiнде оны
дұрыс ұйымдастыра бiлуi, көптеген жағдайда оқу-тəрбие процесiнiң табысты болуының оң кепiлi.
Ол үшiн, мұғалiм оқушының оқу материалын меңгеру дəрежесiн, сапасы мен көлемiн үнемi
анықтап отыруы тиiс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесiнде бiлiм, бiлiк, дағдыларын
есепке алу, бақылау жəне бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегiмен теориялық бiлiмдi
меңгерудегi сапа, бiлiктiлiк пен дағдының қалыптасу дəрежесi анықталады.
Осы тұрғыда бiлiм, бiлiк, дағдыны есепке алу жəне бағалау мəселесiне теориялық жəне
практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Бақылаудың тақырыптық түрiн ұйымдастырудың практикалық мəселелерi П. Горбунов, Е. С.
Березняк, В. И. Иващенко, А. К. Исаков, Е. И. Перовский, С. Ф. Сухорский, Н. В. Чертинский, В.
О. Онищуктiң ғылыми педагогикалық еңбектерiнде талданған.
Бақылауды ұйымдастырудың жекеленген əдiстемелiк мəселелерi жайында М. Р. Львов, Н. Н.
Светловский, А. П. Пышкало, Т. Л. Коган жəне т.б. теориялық талдау жасаған.
Осылардың негiзiнде қаралып отырған педагогика-лық мəселенiң теориялық аспектiсi
жеткiлiктi дəрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады, себебi ''есепке алу'', ''бақылау'',
''бағалауды'' ұйымдастырудың мəнi, олардың оқу-тəрбие процесiндегi қызметi, форма-лары мен
тəсiлдерi анықталған.
Екiншiден, оқыту сапасын тексерудiң ''5'' балдық жүйесi оқушылар бiлiмдерiнiң нақтылы
дайындық дəрежесiн барлық жағдайда дұрыс көрсетпейдi. Ондағы негiзгi кемшiлiк, оның жеткiлiктi
түрде iшкi жəне сыртқы керi байланысты қамтамасыз ете алмауында, соның нəтиже-сiнде оқыту
процесiнiң сапасын арттыруда мұғалiм əркезде бағалау жүйесiн дұрыс қолдана алмайды.
Жоғарыда айтылған тұжырымдамаға сүйене отыра, бiлiм, бiлiк пен дағды нəтижесiн есепке
алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы жəне практикада қолдану тəжрибесi арасында
əлi де болса қарама қайшылықтың бар екендiгiн байқаймыз.
Ғылыми-педагогикалық əдебиеттерге талдау жасау негiзiнде бұл мəселенiң қалыптасуы мен
даму динамика-сын бiрнеше кезеңге бөлуге болады.
20 жылдары үй тапсырмасын беру, бiлiмдi жəне емтиханды бағалауды оқыту процесi
жүйесiнде қарастырмайды, соның нəтижесiнде оқушының үлгерiм сапасына мұғалiмнiң бақылау
жасау орнына ''бригадалық-лабораториялық'' əдiс жүйесiне негiзделген ''өздiгiнен бақылаудың''
түрлерi кең көлемде тартылды. Ол бiр жағдайда үлгерiм нəтижесiн бақылауда иесiздiк, жауап-
кершiлсiздiкке əкелсе, екiншi жағдайда, оқу сапасының төмендеуiне керi ықпалын тигiздi.
30 жылдары бiлiм, бiлiк пен дағды нəтижесiн есепке алуды бақылау (Е. В. Гурьянов) жəне
тəрбиелiк қызметiне (П. Г. Ананьев) көптеп көңiл аударыла бастады.
40-60 жылдары бұл мəселе төңiрегiнде отандық ғылым мен практика тəжрибесiн жинақтау
жұмыстары қолға алынды. Онда бiлiмдi бақылау (Е. И. Перовский), оқушыларды бақылау ретiнде
қарастырылды. Оқушыларды бақылау: əрi оқыту, əрi тəрбиелеудi көздесе, кейiннен оның дамыту
қызметi ойластырылды (Н. Т. Дайри).
Осы мəселенi дұрыс шешудегi оң қадам 70 жылдары Педагогика ғылымы Академиясының
оқыту мазмұны мен əдiстерi ғылыми зерттеу институты қызметкерлерiнiң зерттеулерi негiзiнде
бастама алды. Мұнда оқу-тəрбие процесiнiң барлық буындарын басқару жəне тексерудiң
диагностикалық қызметi айқындалды.
80 жылдардан бастап оқыту нəтижесiн есепке алу, бақылау жəне бағалаудың мазмұны,
амал-тəсiлдерi мен қызметiнiң дидактикалық-əдiстемелiк негiздерiн талдап, жасау қолға алынды.
Оның əдiлдiгiн, дəлдiгiн көтеруге бағытталған мəселелер, үлгерiм нəтижесiн есепке алуды қатаң
жəне тəртiпке келтiру жүйесiне арналған жұмыстар қолға алына бастады. Бұл бағыттағы жұмыстар
күнi бүгiн де өз жалғасын табуда.
Дегенменде, бүгiнгi таңда оқыту теориясында бақылау немесе бағаның мəнi, тəсiлдерi
жайлы əлi де болса ортақ пiкiр қалыптаспай отыр.
Бақылау - кең көлемде бiр нəрсенi тексеру деген мағынаны бiлдiредi. Бақылау оқыту
процесiнде оқушы-лардың оқу əрекетiне басшылық жасау қызметiн атқарады, олардың
творчестволық күшi мен қабiлетiнiң дамуына ықпал етедi.
Бағалау - оқытудың құрамдас бөлiгi жəне қорытын-дылау сатысы. Бағалау, бiр нəрсенiң
деңгейiн, сапасын, дəрежесiн белгiлеу. Оны оқушының оқу-таным əрекетiнде қарастырсақ оқыту
процесiнiң мiндеттерiн оқушылардың қандай дəрежеде меңгеруi, дайындық деңгейi мен дамуын,
бiлiмдерiнiң сапасын, бiлiк пен дағды көлемiн анықтайтын құрал.
Келесi кезекте бiлiм, бiлiк жəне дағдыны бақылау жəне бағалау қызметiне тоқталамыз. Ол
негiзiнен үш жақты сипатта болып келедi: бiлiм беру, тəрбиелеу жəне дамыту.
Бақылаудың бiлiм беру қызметi негiзiнде оқушылар жаңа бiлiмдердi қабылдайды, бұрын
алған бiлiмдерiн толықтырып, жетiлдiрiп, белгiлi бiр жүйеге келтiредi.
Тəрбиелiк қызметi оқушыларды жүйелi түрде жұмыс iстеуге үйретедi. Бақылаудың
нəтижесiнде олар күнделiктi сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершiлдiк сезiмдерi артады.
Дамыту қызметiнiң маңызы сол, оқушылар өз бетiнше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа
бiлiмдердi қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар əзiрлейдi, хабарламалар жасайды.
Бағалаудың да қызметi үш топқа бөлiнедi: хабарлау-шылық (информирующие),
басқарушылық (управляющие), тəрбиелеушiлiк (воспитывающие).
Бiрiншi топ өз алдына: белгiлеп қоюшылық (фик-сирующая), бағдарлаушы
(ориентирующая), бақылаушы (контролующая) болып келедi. Бұл топтың қызметi бiлiм, бiлiк жəне
дағдыны бағалауды, əрбiр бағаның көрсет-кiштерi мен өлшемдерiне мұғалiм мен оқушылардың
арқа сүйеуi жағдайында iске асады.
Екiншi топ: ұйымдастырушылық (организующая), реттеушiлiк (регулирующая), дəлдеп
түзетушiлiк (коррек-тирующая) болып келедi. Осы топты жүзеге асырудың қажеттi шарты бағадағы
көрiнiс тек қана оқытудағы қол жеткiзiлген нəтиженiң мөлшерi ғана емес, сонымен бiрге сапасын
белгiлейтiн көрсеткiш.
Үшiншi топ: қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық (развивающая),
ынталандырушылық (стимулирующая) болып келедi. Бұл топтың қызметiнiң нəтижелi болуының
кепiлi, баға оқытудың нəтижесiн нақты бейнелей бiлуде.
2. Бiлiмдi бақылау жəне бағалаудың түрлерi,
əдiстерi мен формалары
Педагогика ғылымы саласында бiлiм, бiлiк, дағдыны бақылаудың көптеген түрлерi кең
тараған. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю. К. Бабанский, Н. А. Сорокин бақылауды күнделiктi,
оқтын-оқтын, қорытынды деген пiкiрлер айтады. Ал Г. И. Щукина - күнделiктi, тақырыптық,
оқтын-оқтын, қорытынды жəне емтихан деген көзқарастарын бiлдiредi. Е. А. Дмитриев -
күнделiктi, тақырыптық жəне қорытынды, нəтижесi деген тұжырымға келген.
Профессорлар Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаевтың ''Педагогика'' оқулығында ол
тақырыптық, тараулар бойынша, оқтын-оқтын жəне қорытынды бақылау деп бөлiнген.
Күнделiктi бақылау оқыту процесiнде күнделiктi қолданылады жəне сабақ барысында
оқушылардың оқу-танымдық əрекетiне басшылық жасайды. Ол iшкi жəне сыртқы байланысты жан-
жақты жүзеге асырауға мүмкiндiк туғызады, соның негiзiнде оқушылардың келесi оқу əрекетiне
ықпал етедi.
Күнделiктi бақылау мұғалiмнiң жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелi түрде
бақылау жасау көмегiмен жүргiзiледi. Бақылаудың бұл түрi оқушылардың сынып немесе үй
тапсырмаларын өз бетiнше орындауға деген ниеттерi мен берiлген тапсырманы орындауға деген
олардың қызығушылығы жəне жауапкершiлдiк сезiмiн ынталандыруда үлкен манызға ие болады.
Тақырыптық бақылау - оқу бағдарламаларындағы белгiлi тақырыптар бойынша өткiзiледi.
Сабақтың тақырыбы жəне əрбiр кезеңдерi негiзiнде оқушылардың бiлiмдi, iскерлiктi, дағдыны
игеруi тексерiледi. Сонымен бiрге, мұғалiм жаңа тақырыптың кейбiр басты мəселелерiн өткен
сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбiр ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми
ережелердi оқушы-лардың есiне салады.
Қорытынды бақылау - барлық пəндер бойынша жыл аяғында өткiзiледi. Бақылау
процесiнде тақырыптық жəне тарау бойынша бақылау нəтижелерi есепке алынады. Оқушылардың
жыл бойында алған теориялық жəне тəжiрибелiк бiлiмдерi анықталады. Сондықтан қорытынды
бақылаудың негiзi емтихан жəне оқушылардың жылдық үлгерiм бағалары болады. Емтихан мен
жылдық үлгерiм бағаларынан педагогикалық кеңестiң шешiмi бойынша қорытынды бағалар
шығарылады. Бақылау əдiстерi арқылы оқушылар жұмысының тиiмдiлiгi мен мазмұны туралы керi
байланыс қамтамасыз етiледi. Бақылау əдiстерiне ауызша, жазбаша жəне графикалық бақылау
əдiстерi жатады. Бұл əдiстерге қарағанда бағдарламалап бақылау əдiстерiнiң өзiндiк ерекшелiгi
бар. Олар машинасыз жəне машиналы бағдарламалап бақылау əдiстерiне бөлiнедi.
Машинасыз бағдарламалап бақылау əдiстерi бойынша перфокарталар жəне бақылау
карталарын қолданып, оқушылардың теориялық жəне практикалық бiлiмдерiн анықтайды. Мұғалiм
оқыту жəне бiлiм беру мазмұны бөлiмi бойынша 20-25 сұрақтар дайындап, əрбiр сұраққа 4
вариантты жауаптың мазмұнын жазады. Олардың iшiнен бiр сұраққа ғана дұрыс жауап берiледi.
Қалған сұрақтар варианттары: дəл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сəйкес
келедi'' (1, 269 бет).
Бақылаудың тағы бiр бөлiгi, кейбiр жағдайда, тапсырмалар түрi деп ұғынылады (жазбаша
бақылау жұмысы, тесталық жұмыс, зертханалық-тəжiрибелiк жұмыс, зачет, шығарма, диктант т.б.)
немесе оқушылар əрекетiнiң түрi болып (баяндама, хабарлама, оқушы əңгiмесi, мұғалiм сұрағына
жауап беру т.б.).
Бiлiмдi бақылау жəне бағалау ғылыми дəлелденген, тəжiрибеде қолданылған принциптер
негiзiнде жүргiзiледi: əдiлдiк, жан-жақтылық, жүйелiк, жеке-даралық, диф-ференциалдық жəне
тəрбиелiк.
Əдiлдiк, шындық (бiлiм сапасының нақтылығы, баға өлшемi мен ережесi нормасына
қатысты) – бұл субъек-тивтiк факторларды болдырмауды көздейдi.
Жүйелiк, бiрiздiлiк - əрбiр сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу əрекетiнiң басқа
буындарымен байланыстыра қаралып, оқыту процесiнiң барлық кезең-дерiнде бақылау жүргiзудi
көздейдi: түйiндi сұрақтар бойынша оқыту нəтижесiн қорытындылау, тақырыптық бақылау,
сабақтар бойынша балл қою т.с.с.)
Жеке-дара қатынас - əрбiр оқушының ерекшелiгiн бағалау (оның қабiлетi, бейiмдiлiгi,
денсаулығы, оқу əрекетi т.б.) қарастырады.
Жан-жақтылықта - бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлiгiн қамтиды, оқушылардың
теориялық бiлiмдерiн, интеллектуалдық жəне практикалық бiлiк пен дағдысын бақылауды
қамтамасыз етедi.
Диффериенциалдық қатынас - əрбiр пəннiң ерекше-лiгiн, жекелеген бөлiмдерiн, сонымен
бiрге оқушылардың жеке-дара қасиетiн ескерiп, соған сəйкес бақылаудың əртүрлi əдiстерi мен
мұғалiмнiң педагогикалық əдеп сақтауын талап етедi.
Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың сенiмдiлiгiн жəне оқыту
процесiнде өздерiнiң алдында тұрған мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етедi, бақылауда əр
түрлi қателiктер мен сəтсiздiктердiң болмауына кепiлдiк жасайды.
Оқушылардың бiлiм, бiлiк жəне дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен
практикасында белгiлi бiр əдiстердi қолдану негiзiнде жүзеге асады. Олар мыналар:
- ауызша баяндау (əңгiме, жеке-дара, топтық, фронтальдық сұрақ).
- жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру).
- практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тəжiрибе
жүргiзу).
- машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды,
диафильмдердi қолдану).
- өзiн-өзi бақылау, бағалау (қателердi болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетiстiктерiн бағалау,
соған сəйкес балл қою).
Оқыту процесiнде бақылаудың фронтальдық, топтық жəне дербес формалары
қалыптасқан. Оның тиiмдiлiгi - мұғалiмнiң оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.
Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны
бiрдей тапсырмалар берiледi. Оларды орындау барысында оқушылар арасында ынтымақтастық,
жолдастық сезiм пайда болады, бiр-бiрiне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған
жұмыстарды өзара тексерiп, iске асырады. Демек, бiрiгу iс-əрекетiнде əлеуметтiк құнды мотивтер
қалыптасады.
Топтық бақылауда белгiлi оқушылар тобы сабақ барысында мұғалiмнен тапсырмалар алып
орындайды. Кейде, кейбiр оқушылар түрлi себептерге байланысты (сабақ жiберу, нашар үлгеру,
ауыру т.б.), қосымша көмектi қажет етулерi мүмкiн. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске
алған жөн.
Бақылаудың дербес формасы əрбiр оқушының бiлiмiн, iскерлiгiн жəне дағдысын терең,
жан-жақты анықтауға мүмкiндiк бередi. Дербес бақылау бағдарламалап жəне дифференциялы
оқыту барысында жақсы нəтиже бередi. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық
бiрiздiлiгi, олар өз пiкiрлерiн қалай байымдайды, қалай дəлелдейдi, мiне, осы мəселелерге аса
көңiл аудару керек.
Оқыту процесiнде оқушылардың өзiн-өзi бақылауы өте қажет. өзiн-өзi бақылау, олардың
оқу бағдарламасы материалы мен игерген iскерлiгi жəне дағдысының берiктiгi жайлы ақпарат
алуын қамтамасыз етедi. өзiн-өзi тексеру арқылы оқушылардың алған бiлiмiне сенiмi артады,
орындаған жаттығу, есеп шығару жəне тəжiрибе жұмыстарының нəтижесiн бағалайды.
Баға бiлiмдi есепке алу ғана емес, ол тəрбиелiк құрал. Сондықтан, оқушы бiлiмiн
бағалауда немқұрай-лылыққа салынуға болмайды.
Баға ''балл'' есебiнде көрсетiледi. Келесi кезекте баға жəне оның өлшемi қандай, соған
тоқталамыз. Қазiргi кезде бiлiм беру саласының барлық құрылымында оқу-таным əрекетiнiң
сапасын анықтайтын дəстүрлi ''5'' балдық жүйелер қолданылады.
''5'' бағасы - оқу материалын толық, дəл логикалық, бiрiздiлiкпен айтылған жауапқа
қойылады;
''4'' бағасы – оқу материалын толық бiледi, бiрақ болар-болмас кемшiлiгi бар жауапқа
қойылады;
''3'' бағасы – жауабы негiзiнен дұрыс, бiрақ толық емес, бiлiмiнде кейбiр проблемалар еске
алынбаған жауапқа қойылады;
''2'' бағасы – оқушы жауабында қателер, бiлiмiнде елеулi кемшiлiктер бар жауапқа қойылады;
''1'' бағасы – тексерiлген оқу материалы бойынша бiлiмi жоқ, толып жатқан өрескел қателер
үшiн қойылады.
Зачет (сынақ) - қорытынды бақылаудың айрықша түрi, ол белгiлi бiр тарау немесе тақырып
бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкiл өн бойында мұғалiм қолданған тексерудiң барлық
түрлерiн ескере отыра қойылады. Ол (1959 жылдан енгiзiлген) оқу бағдарламасы-ның негiзгi
бөлiмдерi жəне тақырыптардағы бiлiм, бiлiк, дағдыларды жүйеге келтiру, тереңдету мiндеттерiн
шешедi.
Емтихан - оқушылардың бiлiмiн қорытынды тексеру-дiң жəне бағалаудың арнаулы формасы. Ол
(1944 жылдан енгiзiлген) оқушылардың бiлiмiн жинақтауға жəне бiр жүйеге келтiруге, оларды оқу
жылы бойынша оқуға ынталандырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседi.
Емтихан мен жылдық үлгерiм бағаларынан педагогикалық кеңестiң шешiмi бойынша қорытынды
бағалар шығарылады.
3. Қазiргi кездегi оқыту жүйесiндегi бiлiмдi тексеру,
бақылау жəне бағалаудың жаңа технологиясы
Оқыту - динамикалық процесс. Оның сапасын үнемi жетiлдiрiп отыру - өмiр талабы. Бiлiм
беру саласында оқу-таным əрекетiнiң сапасын, дəрежесiн есепке алу, тексеру жəне бағалаудың
бiлiм, бiлiк, дағдының нəтижесiн арттыруда қызметi ерекше. Сөйтiп, оның технологиясын əркезде
өмiр талабына сай жетiлдiрiп отыру оқыту мiндеттерiнiң өзектi мəселелерiнiң бiрi.
Күнi бүгiнге дейiн оқыту саласында қолданылып жүрген бiлiм, бiлiк жəне дағдыны тексеру
мен бағалаудың ''5'' балдық жүйесi, оның сапасын, дəрежесiн анықтап, белгiлеуде барлық
жағдайда объективтiк тұрғыда қамтамасыз етпейдi. Соның нəтижесiнде қазiргi кезде жоғары оқу
орындарында оқыту процесiндегi рейтинг - тестiк жүйе оқу-таным əрекетiнiң сапасын анықтайтын
бақылаудың жаңа түрi өмiрге келдi.
Рейтинг - ағылшын тiлiнде torat - ''бағалау'' немесе ''жетiстiк өлшемi'' деген ұғымды
бiлдiредi.
Рейтинг жүйесiнiң мақсаты:
- оқу-таным əрекетiнiң сапасын, нəтижесiн арттыру;
- оқу-таным əрекетiнiң сапасын тексеру, бағалаудың тиiмдiлiгiн жетiлдiру жəне əдiлдiгiн
орнықтыру;
- оқу-таным əрекетiндегi бiлiм, бiлiк, дағды сапасын, дəрежесiн бақылауда жүйелiлiктi қамтамасыз
ету;
- оқу-таным əрекетiндегi студенттердiң жауапкершiлiгiн, белсендiлiгiн арттыру;
- тексеруде уақытты үнемдеу.
Бұл жүйенiң ерекшелiгi оқытушының педагогикалық əрекетi мен студенттердiң оқу
əрекетiнiң сапасын жақсартуға мүмкiндiк туғызады, оқу процесiнiң барлық кезеңдерiнде олардың
бiлiм, бiлiк, дағды нəтижелерiн тексеру, бақылау жəне бағалаудың тиiмдiлiгiн арттырады.
Тест - оқытудың белгiлi бiр бөлiгiн меңгеру дəрежесiн өлшеуге бағытталған тапсырмалар
жиынтығы. Олар уақытты көп жолғалтпас үшiн көлемiнiң шағын болуы, тестiк тапсырманы өз
бетiнше қалай болса, солай түсiнiк беруге жiбермеудi, жауапта дəлсiздiк немесе көп сипаттылықты
болдырмауды, оның əрi қысқа əрi жинақы болуын, тестiк тапсырманы орындау мен сандық
бағалау арақатынасының мүмкiндiгiнiң жариялылығын, тапсырма мен жауаптағы дəлдiк пен
айқындықты қамтамасыз етудi т.б. талап етедi.
Бақылауда рейтинг-тестiк жүйесiн қолдану ерек-шелiгi, оқу материалдары логикалық
тұрғыдан аяқталған бөлiк, немесе тарау болып саналатын модульдерге (блоктарға) бiрiктiрiледi.
Модульдердiң саны оқу пəндерiнiң мазмұнының көлемiне байланысты белгiленедi. Модульдердiң
құрылымы оқу материалының белгiлi бiр бөлiктерiнен (порция) тұрады. Əрбiр модуль нақтылы
мiндеттерден жəне өзбетiнше тереңдетiп оқу тақырыптары мен тапсырмаларынан құрылады.
Рейтинг-тестiк бақылау түрлерiне:
а) күнделiктi немесе ағымдық (текущий),
ə) аралық (рубежный),
б) қорытынды (итоговый) бақылау жатады.
Күнделiктi немесе ағымдағы бақылау əрбiр модулдер бойынша жүргiзiледi. Ол курстың
белгiлi бiр тарулары немесе бөлiктерi, болмаса күрделi тақырыптары аяқталған кезеңде
ұйымдастырылады.
Аралық бақылау əрбiр модульдер аяқталған кезеңде жүргiзiледi. Осы аралықта
коллоквиум, реферат қорғау, өзiндiк жұмыстарын қолдануға болады. Дегенменде, тестiк
жұмыстарын қолдану артықшылығы басым болады. Себебi,
- тест бағалау нəтижесiн нақты көрсетедi;
- уақытты үнемдi пайдалануға мүмкiндiк туғызады;
- бақылау бiр мезгiлде барлық оқушыларды қамтуға қол жеткiзедi;
- тест жұмысын атқару барысында барлық оқушылар бiрдей тең жағдайда болады.
Қорытынды бақылау: зачет, емтихан.
- Зачет (сынақ) жұмыстары бақылаудың дəстүрлi тəсiлдерi арқылы жүргiзiледi.
- Емтихан тестiк форма негiзiнде жүргiзiледi.
Тестiк тапсырманың түрлерi бақылау нысанасы мен тапсырманың сипатына сай
анықталады. Ол бiрнеше нұсқада жасалуы қажет.
Қорытынды бақылауға тек күнделiктi жəне аралық бақылау қорытындысын жинақтап орта
есеппен 41% жоғары балл жинағанда ғана жiберiледi.
4. Оқыту жүйесiндегi бiлiмдi бақылау жəне бағалаудағы немқұрайлылықты
(формализмдi) жою
Оқушылардың бiлiмiн бағалау процесiнде күнi бүгiнге дейiн субъективизм (формализм) əлi
де бар.
Арнайы жүргiзген психологиялық зерттеулер көрсетуiнше, жауап берген жоғары сынып
оқушыларының 50% жуығы ''Мұғалiмдер бiздiң бiлiмiмiздi дұрыс бағала-майды, көбiнесе шын
дəрежесiнен төмен бағалайды'', - деген, ал 10% ''Артық бағалайды'', - деген. Оқушылардың
көпшiлiгi: ''Бiздiң шамамыз бен бiлiмiмiздiң сапасына жəне оқудағы табыстарымыз бен
жетiстiктерiмiз туралы дұрыстау, дəлiрек баға беретiн мұғалiм де, тiптi бiрге оқитын сынып-тастар
емес өзiмiз'', - деп жауап берген.
Бiрақ оқушылардың мұғалiм мен басқалардың берген бағасын мəн-мағына жағынан
өздерiнiкiнен гөрi жоғары санайтыны байқалған. Олардың өзiн-өзi бағалауы, өзiн-өзi бақылауы,
өзiн-өзi түзетуi бiр-бiрiмен тығыз байланысты процестер.
Сондықтан оқушылардың дербестiгiн, белсендiлiгiн арттыруда мұндай өзiндiк əрекеттерге
үйрету маңызды мəселе болмақ. Оларды өз жұмыстарының нəтижесiн бағалай бiлуге үйретудiң
тəрбиелiк маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |