Əбиев Ж. Ə., Бабаев С. Б. Құдиярова А. М



Pdf көрінісі
бет19/31
Дата06.03.2017
өлшемі2,56 Mb.
#8472
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31

 
 
Бақылау сұрақтары
 
1. Оқыту процесiнде бiлiмдi тексеру, бақылау жəне бағалаудың маңызы қандай?
 
2.  Сiздiң  көзқарасыңызша  оқушылардың  бiлiм,  бiлiк,  дағдысын  бағасыз  бақылап,  тексеруге  бола 
ма?
 
3.  Бiр  жолғы  жауап  үшiн  баға  қоюдың,  тоқсандық  бағалар  мен  емтиханда  баға  қоюдың  қандай
айырмашылығы бар?
 
4. Оқыту процесiнiң қандай кезеңдерiнде бiлiм тексерудi қолданады? 
 
5. Мұғалiм бақылау жұмысын жүргiзгенде қандай педагогикалық ұсыныстарды ескеруге тиiс?
 
6. Бiлiмдi тексеруде жəне бағалауда күнделiктi байқау қандай рөл атқарады?
 
7. Баға қоюда мұғалiмдер қандай кемшiлiктер жiбередi?
 
8.Педагогикада бiлiмдi  тексеру жəне бағалау саласында жете айқындалмаған қандай мəселелер
бар?
 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДI БАСҚАРУДЫі МƏНI МЕН НЕГIЗГI ПРИНЦИПТЕРI 
 
 
3.1 
Бiлiм жүйесiн басқарудың қоғамдық-мемлекеттiк сипаты
 
 
 
 1. Басқару, мектепiшiлiк басқару
 
 жəне мектепшiлiк менеджмент 
 
            Педагогика ғылым мен тəжiрибеде тұтас педагогикалық процестi басқару ғылыми тұрғыдан 
қарастырып,  оған  қатаң  ғылыми  негiзделген  сипат  беруге  деген  ұмтылыс  күшейе  түсуде. 
Шындығында  басқару  тек  техникалық  жəне  өндiрiстiк  процестерге  ғана  емес,  сонымен  бiрге 
педагогика сияқты күрделi  əлеуметтiк жүйе үшiн де қажет. 
 
             Жалпы  басқару  дегендi - шешiм  қабылдауға  бағытталған,  белгiленген  мақсатқа  сəйкес
басқару  нысанын  ұйымдастыру,  қадағалау,  реттеу,  алынған  шынайы  ақпарат  негiзiнде  талдау 
жасап,  нəтижесiнiң  қорытын-дысын  шығару  əрекетi  деп  түсiндiруге  болады.  Басқару  нысаны 
биологиялық, техникалық, əлеуметтiк жүйелер болуы мүмкiн. Əлеуметтiк жүйенiң бiрi ауыл, аудан, 
облыс, мемлекет көлемiн қамтитын бiлiм беру жүйесi деп бiлемiз. Бұл жерде бiлiм жүйесi ретiнде 
ҚР  Бiлiм  жəне  ғылым  министрлiгi,  облыстық  бiлiм  департаменттерi,  аудандық  бiлiм  бөлiмдерiн 
атаймыз. Ал орта мектеп күрделi қозғалыстағы əлеуметтiк жүйе ретiндегi мектеп-iшiлiк басқарудың 
нысаны  болады.  Бiз  мектептi  басқару  немесе  оның  компоненттерi  туралы  айтқанда  олардың 
жалпы  жүйе - орта  мектептi  басқарудың  бөлiктерi  ретiнде  қарастырамыз.  Ол  бөлiктерге  тұтас 
педагогикалық,  сынып  сабақ  жүйесi,  мектеп  тəрбие  жұмысының  жүйесi,  оқушыларға  эстетикалық
тəрбие, кəсiптiк бағдар беру жүйесi жəне т.б. 
 
            Мектепiшiлiк басқару дегенiмiз бiртұтас педагогика-лық процеске қатыстылардың барынша 
жоғары  нəтижеге  жетудi  көздеген  мақсатты,  сапалы  өзара  əрекеттесуi.  Бiртұтас  педагогикалық 
процеске  қатысушылардың  өзара  əрекетi  мынадай  бiрiздi,  өзара  байланысты  əрекеттер  мен 
қызметтердiң  тiзбегiнен  тұрады,  олар:  педагогикалық  талдау,  мақсат  қою  жəне  жоспарлау, 
ұйымдастыру, бақылау, реттеу жəне түзету. 
 
             Мектепiшiлiк  басқарудың  дəстүрлi  ұғымдарын  жаңа  ұғымдар   алмастыруда.  Мысалы, 
''ықпал  ету''  ұғымының  орнына ''өзара  əрекеттесу'', ''ынтымақтасу'', ''рефлексивтi  басқару'' 
ұғымдары қолданылуда. 
 
             Сол  сияқты  мектептi  басқару  теориясы  мектепiшiлiк  менеджмент  теориясымен  толығуда. 
Менеджмент  теория-сы  басшы  қызметiнiң  өзара  құрметке,  қарамағындағы  қызметкерлерге  сенiм 
бiлдiрудi,  олардың  табысты  еңбек  етуiне  қолайлы  жағдай  туғызуымен  ерекшеленедi. 
Менеджменттiң осы қыры мектепшiлiк басқару теориясын одан ары байыта түскен. 
 
            
 
  Мемлекеттiк басқарудың негiзгi белгiлерi
 
             Қазiргi  заманың  бiлiм  жүйесiнiң  басты  ерекшелiк-терiнiң  бiрi - мемлекеттiк  басқарудан 
мемлекеттiк-қоғамдық басқаруға өту. Бiлiм берудi мемлекеттiк-қоғамдық басқарудың негiзгi идеясы 
-  бiлiм  проблема-ларын  шешуде  мемлекет  пен  жұртшылықтың  күш-қуатын  бiрiктiру,  мұғалiмдер, 
оқушылар мен ата-аналарға оқу процесiнiң мазмұны мен түрiн ұйымдастыру əдiстерiн жəне бiлiм 
беру мекемелерiн таңдауға барынша кең құқық пен еркiндiк беру. 
 
             Бiлiм  беру  жүйесiнiң  мемлекеттiк  сипаты  елде ''Бiлiм  туралы''  заң  негiзiнде  бiрыңғай 
мемлекеттiк  саясат  жүргiзiлуiмен  ерекшеленедi.  Заң  аясында  Қазақстан  Республикасының  бiлiм 
саласына  басымдық  берiлген,  яғни  елiмiздiң  əлеуметтiк-экономикалық,  саяси,  халықаралық 
салаларындағы  жетiстiктерi  бiлiм  саласындағы  жетiстiк-терiмен  байланыстырылады.  Бiлiм 
саласының  басымды-лығы  бiлiм  жүйесiнiң  материалдық,  қаржылық  мəселелерiн  бiрiншi  кезекте 
шешудi талап етедi. 
 
             Сонымен  бiрге  бiлiм  берудi  басқарудың  мемлекеттiк  сипаты ''Бiлiм  туралы''   заңда 
белгiленген мемлекеттiк саясат принциптерiн мынадай бағыттарымен де айқындайды: 
 
    -  бiлiм  берудiң  гуманистiк  сипаты,  жалпы  адамзаттық  құндылықтардың,  адам  өмiрi  мен 
денсаулығын,  жеке  тұлға  бостандығының  басымдылығы.  Азаматтық  пен  Отанға  деген 
сүйiспеншiлiкке тəрбиелеу;
 
    -республикадағы  мəдени  жəне  бiлiм  беру  кеңiстiгiнiң  бiртұтастығы,  аз  ұлттардың  бiлiм  беру 
жүйесiнiң қорғалуы;
 
 - бiлiмнiң жалпыға бiрдейлiгi, бiлiм беру жүйесiнiң дайындығы, даму деңгейi мен ерекшелiктерiне 
бейiмдел-гiштiгi; 
 
  - бiлiм жүйесiнiң еркiндiгi мен көптүрлiлiгi;
 
    -  бiлiм  берудi  басқарудың  демократиялық,  мемлекеттiк  қоғамдық  сипаты.  Бiлiм  беру 
мекемелерiнiң дербестiгi. 
 
             Бiлiм  берудi  басқарудың  жергiлiктi  органдары  мемлекеттiк  саясатын  мемлекеттiк  бiлiм 

стандартарын  сақтау  арқылы  iске  асырады.  Бiлiм  стандарты  оқу  бағдар-ламасының  мiндетi 
минимумы  мен  оқушылар  жүктеме-сiнiң  максимум  көлемiн  жəне  бiтiрушiлерге  қойылатын  талап
деңгейiн  қамтиды.  Бiлiм  берудi  басқару  органдары-ның  мiндетi  бiлiм  алуды  формальдi  түрде 
қамтамасыз етумен шектелмейдi, ол сонымен бiрге жеке тұлғаның өзiн-өзi айқындалуына қолайлы 
жағдай туғызады. 
 
             Бiлiм  беру  саласында  мемлекеттiк  саясатты  дəйектi iске  асыру  үшiн  бiлiм  берудi 
басқарудың  мемлекеттiк  органдары  құрылады.  Олар  республикалық,  облыстық,  қалалық  жəне 
аудандық басқару мекемелерi. 
 
             Мемлекеттiк  басқару  органдары - бiлiм  жəне  ғылым  министрлiгi,  облыстық  бiлiм 
департаменттерi  өздерiнiң  компетенциясы  шеңберiнде  бiлiм  берудiң  мақсат  бағдарламаларын 
жасайды  жəне  iске  асырады;  мемлекеттiк бiлiм стандарттарын жасап,  бiлiм туралы  құжаттардың 
баламаларын  (постификация)  айқындайды;  бiлiм  мекеме-лерiн  қаржыландырады  жəне  т.б. 
көптеген мəселелердi шешедi. 
 
             Қазiргi  жағдайда  бiлiм  берудi  басқару  жұйесiн  орталықсыздандыру  (дезентрализация) 
процесi  жүредi.  Оның  мəнi  жоғарғы  басқару  органдарының  бiрқатар  функциясын  жергiлiктi 
органдарға беру. Бұл жерде респуб-ликалық органдар стратегиялық бағыттарды талдап жасаумен
айналысса, 
жергiлiктi 
органдар 
нақты 
қаржылық, 
кад-рлық, 
материалдық 
жəне 
ұйымдастырушылық мəселе-лермен айналысуы тиiс. 
 
 
 
Қоғамдық басқарудың негiзгi белгiлерi
 
            Мемлекеттiк басқару органдарымен қатар қоғамдық басқару органдары да құрылады. Оның 
құрамына мұғалiмдер мен оқушылар ұжымы, ата-аналар мен жұрт-шылық өкiлдерi енедi. Олардың 
басқаруға  қатысатындары  мектеп  ұжымында  ғылыми  iзденiс  атмосферасын  жəне  қолайлы 
психологиялық  климат  қалыптастыруға  алғы-  шарт  қалайды.  Бiлiм  берудi  басқарудың  қоғамдық 
сипатының  нақты  көрiнiсi – мектеп  кеңесi  сияқты  ұжымдық  басқару  органдарының  қызметiнен 
танылады.  Кеңес  жұмысының  мазмұны  мен  қызметi  мемлекеттiк  нормативтiк  құжаттарымен 
айқындалады. 
 
             Мектептiң  ең  жоғарғы  басқару  органы  жылда  бiр  рет  өткiзiлетiн  конференция  болып 
есептеледi. Оның өкiлеттiгi өте кең; жалпы мектептiк конференция мектеп кеңесiн, оның төрағасын 
сайлайды, олардың қызметiнiң мерзiмiн белгiлейдi. Əрбiр оқу орны конференцияда оқу орнының 
жарғысын  қабылдап,  нақты  жағдайға  қарай  оқу  орнының  дамуын,  оның  мiндеттерi  мен 
мақсаттарын белгiлейдi. Сондықтан да бiр мектептiң Жарғысы екiншi мектептiкiнен өзгеше болуы 
мүмкiн.  Мектеп  кеңесi  алқалы  орган  болғандықтан  дамудың  негiзгi  бағыттарын,  оқу-тəрбие 
процесiнiң  сапасын  көтеру  шараларын  белгiлейдi.  Сонымен   бiрге  мектеп  кеңесi  оқу  орнының 
жұмыс  бағыттары  бойынша  тұрақты  комиссия,  штаб  құрып,  олардың  құқықтары  мен  мiндеттерiн 
өкiлеттiк  шегiн  белгiлейдi.  Ал,  конференцияға  шешушi  дауыспен  орталау  жəне  жоғары  сынып 
оқушылары,  мұғалiмдер,  оқу  орнының  басқа  да  қызметкерлерi,  ата-аналар,  жұртшылық  өкiлдерi 
сайланады. Конференциялар аралығында жоғары басты органның рөлi мектеп кеңесiне берiледi. 
 
            Мектеп кеңесiнiң қызметi мынадай негiзгi бағыт-тарда iске асады: 
 
- конференция шешiмдерiн iске асыруды ұйымдастырады; 
 
-  мемлекеттiк  жəне  қоғамдық  органдар  оқушылардың  мүддесiне  қатысты  мəселе  қарастырғанда 
ата-аналармен бiрге оқушылардың əлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз етедi; 
 
- бiрiншi сыныпқа оқушылар қабылданғанда олардың жасын, оқу түрiн белгiлейдi. 
 
-  бюджет  шығындардың  есебiн  талқылайды,  оқу  орнының  жеке  қорын  қалыптастырады,  оқу 
орнының бюджеттiк жəне бюджеттен тыс қаржысын жұмсауының негiзгi бағыттарын айқындайды;
 
- Мектеп директорының, оның орынбасарларының, жекелеген мұғалiмдердiң есептерiн тыңдайды; 
-  Мектеп  əкiмшiлiгi  жəне  жұртшылық  өкiлдерiмен  бiрiгiп  ата-аналарға  педагогикалық  бiлiм  беруге 
жағдай туғызады. 
 
Жұртшылық немесе ата-аналар өкiлдерiнiң бiрi бас-қаратын мектеп кеңесi мектеп əкiмшiлiгi жəне 
қоғамдық  ұйымдармен  тығыз  бiрлiкте  жұмыс  жүргiзедi.  Кеңестiң  шешiмi  ата-аналарға 
хабарланады.  Əрине,  кеңес  шешiмi  оған  қатысқандардың  үштен  екiсi  қоштап  дауыс  бергенде
заңдық күшi бар деп есептеледi. 
 
            Бiлiм берудi басқарудың қоғамдық сипатының арта түсуi бiлiм жүйесiн мемлекетсiздендiру 
жəне бiлiм мекеме-лерiн диверсификациялаудан көрiнедi. 
 
            Мемлекетсiздендiрудiң мəнi мемлекеттiк бiлiм беру жүйесiмен бiрге мемлекеттiк емес бiлiм 
мекемелерiнiң де  құрылуын аңғартады. Олар мемлекеттiк ақпарат құралына енбейдi, мұғалiмдер 
мен тəрбиешiлер, оқушылар мен ата-аналар өздерiнiң жеке мүдделерi, аймақтық, ұлттық, кəсiптiк, 
дiни бiрлестiктiң, топтың мүддесiне жұмыс жасайды. Ал диверсификация (латын тiлiнен алғанда –
көптүрлiлiк, дамудың жан-жақтылығы) бiр мезгiлде бiлiм беру мекемелерiнiң бiрнеше типiнiң қатар 

дамуы. Мысалы, гимназия, лицей, колледж, жекелеген пəндердi тереңдетiп оқытатын, мемлекеттiк 
емес бiлiм беру мекемесiнiң бiрқатар ерекшелiктерi болады. Ондай мекеменi басқару тiкелей оның 
құрылтайшысы  немесе  сол  құрылтайшы  тағайындаған  қамқоршылар  кеңесi iске  асырады. 
Мемлекеттiк  емес  бiлiм  мекемелерiнiң  қамқоршылар  кеңесiнiң  өкiлеттiлiгi,  басқару  құрылымы, 
мекеменiң басшысын сайлау, тағайындау тəртiбiн айқындайтын өз жарғысы болады. 
 
 
 
Педагогикалық жүйенi басқарудың жалпы қағидалары
 
             Кез  келген  əрекет,  соның   iшiнде  басқару  əрекетi  де  ұйымдастырушы  мен  басшылық 
жасаудың  барлық  функцияларын  iске  асыруда   басшылыққа  алатын  бiрқатар  қағидаларды 
сақтауға негiзделедi. Ол қағидалар мақсат қою жəне жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау жəне 
т.б. топтастырылады. Ал басқару қағидалары басқару заңдылығының бейнелену жəне нақты iске 
асуын танытады. Мектепiшiлiк менеджменттiң негiзгi заңдылығы талдағыштық, мақсатқа сəйкестiк, 
iзгiлiк,  басқарудағы  демократиялық  жəне  мектеп  түрлi  басқару  қызметiне  дейiн  болуы  сияқты 
компоненттердi қамтиды. Осы заңдылықттардан мектеп директорының, менеджердiң оқу жүйесiн 
басқарудағы  басшылыққа  алатын  негiзгi  қағида-лары  туындайды.  Сонымен  негiзгi  қағидаларға 
мыналар  жатады:  педагогикалық  жүйенi  демократизациялау  жəне  iзгiлеу;  орталықтандыру  жəне 
орталықсыздандырудың парасатты үйлесiмi; жеке билiк пен алқалы билiктiң бiрлiгi; педагогикалық 
жүйенi басқару ақпараттарының объективтiлiгi жəне толықтылығы. 
 
 
 
2. Педагогикалық жүйенi басқаруды
 
демократияландыру жəне iзгiлендiру
 
             Мектепшiлiк  басқару  ең  алдымен  басшылардың,  мұғалiмдер,  оқушылар  мен  ата-
аналардың бастамашылығы мен өздiгiнен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады. Бұл жағдай 
тек  қана  шешiм  қабылдау  мен  талқылаудың  бүкпесiз,  ашық  жүргiзгенде  ғана  мүмкiн.  Мектеп 
басшы-ларын  сайлау,  педагогикалық  кадрларды  байқау  жəне  контракт  негiзiнде  қабылдаудың 
жүйесi – мектептегi  демократияның  бастауы.  Сол  сияқты  мектептi  басқарудағы  жариялылық 
ақпараттың  ашықтығы  жəне  түсiнiктiлiгiне  негiзделелдi.  Мектептiң  алдында  тұрған  мiндеттi,  оның 
қиындығын  жете  сезiнген  əрбiр  мүғалiм  оған  бей-жай  қарамайды.  Мектеп  əкiмшiлiгiнiң,  мектеп 
кеңесiнiң  тұрақты  түрде  есеп  берiп  отыруы  оны  талқылауға  жəне  шешiм  қабылдауға  мұғалiмдер 
мен оқушыларды қатыс-тыруы мектеп өмiрiнде демократияның орнығуына негiз қалайды. 
 
 
 
Басқарудың жүйелiлiгi мен тұтастығы
 
            Педагогикалық процестi басқару жүйесiнiң табиғатын түсiну, басқаруға қолайлы алғышарт 
жасайды.  Мектептегi  басқаруды  жүйелiлiк  ыңғайының  бiрiншi  белгiсi – мектептi  жүйе  ретiнде 
танып,  оның  негiзгi  белгiлерiнен  құралатын  осы  жүйенiң  тұтастығын  көре  бiлу.  Екiншi  белгi 
мектептiң құрылымы болып табылады. Жүйенiң құрылымы қалай болса мектептiң байланыстары 
мен қатынастарының дамуы соған тiкелей байланысты болмақ. Жүйенiң үшiншi компонентi оның 
өзiндiк ерекшелiктерi мен сипаттарынан туындайды. Дегенмен олардың өзара əрекеттесуi арқылы 
жүйенiң  жаңа  сапасы  қалыптасады.  Компоненттердiң  тұрақты  түрде  өзара  жақындауға   ұмтылуы 
жүйенiң тұтастығын айқындайды. Мектептi басқаруда жүйенiң төртiншi ерекшелiгi – оның қоршаған 
ортамен  тығыз  жəне  өзгеше  байланыстылығын  естен  шығармаған  жөн.  Мектеп  пен  қоршаған 
ортаның  əрекеттесуi  екi  формада  көрiнедi.  Бiрiншi  жағдайда  мектеп  өз  əрекетiн  сыртқы  ортаға 
бейiмдесе, екiншi жағдайда мектеп өз мақсаттарына жету үшiн ортаны өзiне бағындырады. 
 
            Мектептi басқарудағы жүйелiлiк пен тұстастық мектептiң басшысы мен ұжымының басқару 
қызмет-терiнiң  өзара  байланысы  мен  өзара  əрекеттесуiн  де  қарас-тырады.  Бұл  қағиданы  iске 
асыруда  бiржақтылыққа  жол  бермеуге  болмайды.  Осы  қағида  арқылы  басқару  қызметi-нiң 
бiрiздiлiгiн,  қисындылығын,  өзара  пайдалылығын,  оның  барлық  қызметiнiң  де  бiрдей 
маңыздылығын аңғарамыз. 
 
 
 
Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың 
 
парасатты үйлесуi
 
             Мектеп  жəне  педагогика  тарихы  шамадан  тыс  орталықтандырудың  əкiмшiлiк  басқаруды 
күшейтуге  əкелiп  соғатындындығына  талай  рет  көз  жеткiздi.  Басқаруды  орталықтандыру  төменгi 
буындағы жетек-шiлердiң, мұғалiмдер мен оқушылардың бастамалығын шектеп, оларды өздерiнiң 
қатысуынсыз  қабылдаған  шешiмдердi  жай  ғана  орындаушыларға  айналдырады.  Бiржақты 
орталықтандыру  жағдайында  басқару  қызметiнiң  қосарлануы,  уақыт  шығыны  басшы  мен 
орындаушы-лардың жұмыс бастылығы сөзсiз орындаушылардың жұмыс бастылығы орын алады. 
 
            Соған сəйкес орталықсыздандыруға шамадан тыс мəн беру педагогикалық жүйе қызметiнiң 

тиiмдiлiгiн  төмендетедi.  Орталықтандыруды  орталықсыздандыруға  пайдасына  жығып  беру
тұтастай  басқару  мен  əкiмшiлiктiң  рөлiн  төмендетiп,  басқарудың  талдамалық  жəне 
қадағалаушылық  қызметiн  жояды.  Мектеп  тəжiрибесi  көрсетiп  отырғандай  демократиялық 
ойындар жəне орталықсыздандыруға əсуестенушiлiк ұжымының қызметi мен өмiрiне елеулi нұқсан 
келтiрiп, педагогикалық ұжымда түсiнiспеушiлiк пен жанжалға негiз болып, əкiмшiлiк пен қоғамдық 
басқару орындарының бiр-бiрiне  қарсы тұруына жол бердi. 
 
             Сондықтан  да  мектепшiлiк  басқаруды  қамтамасыз  етуде  орталықтандыру  мен
орталықсыздандыруды  үйлестiру  əкiмшiлiк  жəне  қоғамдық  органдар  басшыларына  бүкiл  мектеп 
ұйымының мүддесiн ескерiп, кəсiптiк деңгейде шешiм қабылдауға мүмкiндiк берiп, педагогика-лық 
жүйенiң  барлық құрылымдық бөлiмдердiң қызметiн жоғары деңгейге көтеруге жағдай туғызады. 
 
Жеке билiк пен басқарудың бiртұтастығы
 
             Бұл  қағиданы  iске  асыру  педагогикалық  жүйенi  басқаруда  субъективтiлiкке,  билеп-
төстеушiлiкке  жол  бермеуге  бағытталады.  Басқару  қызметiнде  əрiптестердiң  тəжiрибесi  мен 
бiлiмiне сүйенiп, оларды талдамалар жасау мен шешiм қабылдауға қатыстыру, əр түрлi көзқарас-
тарды салыстыра отырып оңтайлы шешiм қабылдаудың маңызы зор. Оның үстiне алқалық шешiм 
ұжымның əрбiр мүшесiнiң тапсырылған мiндетке жеке жауапкершiлiгiн жоққа шығармайды. 
 
             Басқарудағы  жеке  билiк  тəртiптi  қамтамасыз  етiп,  педагогикалық  процеске 
қатысушылардың  өкiлеттiлiгiн  айыптауды  жəне  оны  қатаң  сақтауды  қамтамасыз  етедi.  Егер 
алқалы  билiк  қабылданған  шешiмдi iске  асыру  кезеңiнде  белгiлi  бiр  шешiм  қабылдаса,  бұл  өте 
маңызды. 
 
    Педагогикалық  жүйе  басшысының  жеке  билiгiн   билеп  төстеудi,  беделдi  алға  салу  емес,  ол 
терең  педагогика-лық  бiтiм  мен  тұлғаның  жəне  əлеуметтiк  психологияны  жете  меңгеру,  оқушы, 
мұғалiм,  ата-ананың  дербес-психологиялық  ерекшелiктерiн  жiтi  есепке  алуға   негiз-деледi. 
Басқарудағы  жеке  мен  алқалы  билiк  бiртұтастығы-ның  көрiнiсi.  Жеке  билiк  шешiмдi  орындауда 
жеделдiгiмен  ерекшеленсе,  алқалы  билiк  бiршама ''бəсеңдiгiмен''  ерекшеленедi.  Сондықтан  да 
тактикалық  əрекеттердi  айқындағанда  жеке  билiкке,  ал  стратегияны  талдап  жасағанда  алқалы 
билiкке арқа сүйенген дұрыс болмақ. 
 
   Бұл принцип оқу-тəрбие процесiн басқаруда қоғам-дық негiзде жұмыс iстейтiн түрлi комиссиялар 
мен  кеңестердiң  қызметiнен  көрiнiс  табады.  Əсiресе  ұжымдық  iзденiс  пен  қабылданған  шешiмге 
жеке жауапкершiлiк қажет болатын съезд, слет, конференциялардың жұмысы осы қағиданы қатаң
басшылыққа  алады.  Бiлiм  берудi  басқарудың  мемлекеттiк-қоғамдық  сипаты  орталықта  жəне 
жергiлiктi жерлерде бұл қағиданың күнделiктi практикада орнығуына қолайлы жағдай туғызады. 
 
 
 
Педагогикалық жүйенi басқарудағы ақпараттардың объективтiлiгi жəне толықтылығы
             Педагогикалық  жүйенi  басқару  тиiмдiлiгi  едəуiр  дəрежеде  қажеттi  жəне  толық  ақпараттың
болуына байланысты. Ақпараттың объективтiлiгi жəне толықтығы ақпараты талдау жəне өңдеудегi 
асығыстыққа,  дерексiз-дiкке  қарсы  қойылады.  Əлеуметтiк  педагогикалық  əдебиетте  ақпарат 
педагог  пен  тəрбиеленушiнiң  арасындағы  байланыс  құралы  ретiнде,  кейде  жүйе  мен  қоршаған 
орта туралы мағлұматтар жиынтығы ретiнде қарастырылады. 
 
            Басқаруда ақпаратты пайдаланудың қиындығы оның тым көптiгiнен немесе тым аздығынан 
туындайды.  Мектепiшiлiк  басқаруда  ақпаратты  бiржақты  қарастыруға  болмайды.  Ақпараттың 
аздығы  да,  көптiгi  де  шешiм  қабылдауға,  оны  iске  асыруды  реттеуге  кедергi  жасайды.  Əдетте 
педагогикалық  жүйедегi  ақпараттың  жетiстiктерi  тəрбиелiк  қызмет  саласынан  байқалады.  Ал  оқу 
тəрбие процесiнде тұлға дамудың бағыттары, оның оқу жəне оқудан тыс əрекетi, мiнезi мен даму 
ерекшелiктерi туралы да ақпараттар жетiспей жатады. 
 
             Мектепiшiлiк  ақпаратпен  айналысқан  адам  оны  жинау,  өңдеу  сақтау  жəне  қолданудың 
əдiстерiн  жете  бiлуi  тиiс.  Мектеп  басшысы,  менеджер  өз  қызметiне  бақылау,  анкета  жүргiзу, 
тестiлеу, нұсқаулық жəне əдiстемелiк материалдармен жұмыс жасау  жиi қолданылады. Техника-
лық  құралдарды  жəне  компьютерлендiрудiң  нəтижесiнде  материал  жинау,  оны  өңдеудiң  мерзiмi 
едəуiр  қысқарды.  Қазiргi  мектеп  басшысының  мiндетi – мектепiшiлiк  ақпараттық  басқару 
технологиясын жасап, енгiзу.  Ол технологиияны басшымен бiрге мұғалiмдер де пайдалана алуы 
тиiс. 
 
             Педагогикалық  жұйенi  басқаруда  кез  келген  ақпарат  маңызды,  əсiресе  жүйенiң  оңтайлы 
жұмыс  жүргiзу  үшiн  қажеттi  басқару  ақпаратының  маңызы  ерекше.  Түрлi  белiгiлерiне  қарап 
басқару ақпаратын былай топтастыруға болады: уақыты бойынша – күнделiктi, айлық, тоқсандық, 
жылдық;  басқару  қызметiне  қарай – талдамалық,  баға  берушi,  конструктивтi,  ұйымдық;  жиналған 
мəлiмет  көзiне  қарай - мектепiшiлiк,  ведомстволық,  ведомстводан  тыс;  мақсатты  пайдалануы 
бойынша - директивалық, таныстырушылық, кепiлдемелiк жəне т.б. 
 
             Ақпараттық  банк  қалыптастыру,  оны  шұғыл  қолдану  технологиясын  енгiзуде,  еңбектi 

басқару ғылыми ұйымдастырудың деңгейiн арттырады. 
 
 
 3. Мектеп педагогикалық жүйе жəне басқару нысаны
 
            Педагогикалық жүйе дербес дамитын жəне тұтас басқарылатын бiрнеше компоненттерден
құралады.  Педагогикалық  жүйенi  басқару  бiр  жағынан  оның  тұтастығын  сақтаса,  екiншi  жағынан 
оның  жекелеген  компоненттерiне  ықпал  жасауға,  өзгертуге  мүмкiндiк  бередi.  Осылайша 
педагогикалық  жүйенiң  қызметi  қатаң  белгiленген  уақыт  шегiнде (9-11 жыл)орындалуы  тиiс 
қоғамның қажеттiлiгiн орындауға бағытталады. Жүйенiң мақсаты оның мазмұнын айқындайды, ол 
мазмұн көп түрлi жəне оны iске асыру əдiстерi де сан алуан. Басқа жүйелер сияқты педагогикалық 
жүйе де алынған нəтижелердiң деңгейiмен сипатталады. 
 
             Педагогикалық  құбылыстың  диалектикалық  табиға-тын  таныта  отырып,  педагогикалық 
жүйенiң  компонент-терi,  оның  оңтайлы  қызмет  етуiне  қажеттi  жəне  жеткiлiктi  болуы  тиiс.  Осы 
негiзде  мектеп  жүйе  құраушы  фактор-лардың  жиынтығы  болып  табылады.  Жүйенi  құраушы 
фактор  мақсат  пен  нəтиже  факторларынан  көрiнедi.  Қызмет  ету  шарттары - əлеуметтiк-
педагогикалық  жəне  уақытша  шарттарды;  Құрылымдық  компоненттер – басқарушы 
(педагогикалық  ұжым)  жəне  басқарылушы  (оқушылар  ұжымы)  жүйенi,  педагогикалық  əрекеттiң 
мазмұны, құралы, формалары мен əдiстерiнен түзiледi; Қызметтiк компоненттер – педагогикалық 
талдау,  мақсат  қою  жəне  жоспарластыру,  ұйымдастыру,  бақылау,  қадағалау  жəне  түзетудi 
құрайды. 
 
             Мектептi  педагогикалық  жүйенi  басқару  нысаны  ретiнде  қарастыру,  бiлiм  берудi  басқару, 
қызмет  басқаруды  басшылар,  мұғалiмдер  мен  оқушылардың  бiрдей  дəрежеде  мақсат  қойып, 
нəтижеге  қол  жеткiзуге  ұмтылуын,  педаго-гикалық  жəне  оқушылар  ұжымын  қалыптастыруға
қолайлы  жағдай  жасайды,  оқу-тəрбие  жұмыстарының  түрлi  құралдары  мен  əдiстерiн  таңдап, 
пайдалануды бiлдiредi. Бұндай жағдай педагогикалық жүйенiң мақсат-тылығын сақтауға жəне оны 
құрайтын компоненттердi жақсартуға оң ықпал жасайды. 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет