Əбиев Ж. Ə., Бабаев С. Б. Құдиярова А. М



Pdf көрінісі
бет17/31
Дата06.03.2017
өлшемі2,56 Mb.
#8472
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31

   Тақырыптық жоспарлау - белгiлi бiр пəнге қатысты оқытудың барлық формасының бiрлiгi мен 
байланысының көрiнiсi (Ильина, 363).
 
             Ол  мұғалiмге  бiр  сабақтан  келесi  сабаққа  өту  барысында  дидактикалық  мақсаттарды
анықтауда бiрiздiлiк пен жүйелiлiктi анықтауға септiгiн тигiзедi, оқу материалы-ның мазмұнындағы 
негiзгi ойды бөлiп қарауға, оқушылар мен мұғалiмдердiң негiзгi оқу əрекеттерiн белгiлеуге, пəнара-
лық  байланысты  орнықтыруға,  оның  барысында  пайда-ланылатын  көрнекi  жəне  техникалық 
құралдарын  ойластыру,  сонымен  бiрге  нақтылы  тақырыптарды  оқыту  нəтижелерiн  алдын  ала 
болжауға мүмкiндiк бередi.
 
             Тəжiрибелi  мұғалiм  тақырыпты  зерттегенде,  оқу  материалын  оқып  бiледi,  осы  тақырып 
бойынша  өткен  оқу  жылында  жүргiзген  сабақтардың  тəжiрибесiн  ескередi,  жеке  сабақтарға 
арналған  тақырыптың  мазмұнын  жоспарлайды  жəне  сабақта  тек  бiлiмдiк  мiндеттердi  ғана  емес, 
сол сияқты тəрбие мiндеттерiнiң шешiлуiн де белгiлейдi.
 
    Сабаққа  осындай  жүйемен  даярлануда  мұғалiмдер  оқушылардың  оқу  еңбегiн  жақсы 
ұйымдастырады,  əрбiр  жеке  оқушыға  зейiн  қойып,  сезiмталдықпен  қарайтын  болады,  соның 
арқасында  оларға  жоғары  сапада  бiлiм  берiп,  жеке  басын  нəтижелi  тəрбиелеуге  қол  жеткiзедi. 
Себебi, сабаққа тұтас тақырып бойынша даярлану белгiлi бiр оқу материалын мектепте өту үшiн 
жақсылап  жоспарлау  ғана  емес,  сол  сияқты  оқушылардың  ұжымдық  жəне  дара  жүргiзетiн  оқу 
жұмысын,  сабақ  үстiнде  оқушылардан  сабақ  сұрауды  жəне  артта  қалушыларға  көмек  көрсетудi 
күнi бұрын ескеруге мүмкiндiк бередi.
 
             Оқу  бағдарламасының  тараулары  бойынша  сабақ-тардың  тақырыптарын  жасап  болғанан 
кейiн, iле-шала  мұғалiм  алдағы  əрбiр  сабақтың  мазмұны  мен  ұйымдастыру  əдiстемесiн  толық 
ойластырып алады. 
 
             Жеке  сабақтардың  жоспары  -  əрбiр  мұғалiмнiң  жеке  сабақ  құжаты.   Ол  мұғалiмнiң 
тақырып  жөнiнде  алдын-ала  қандай  жұмыс  жүргiзетiндiгiмен  анықталады.  Сондықтан  тиiмдi 

жасалған жоспар - тиiмдi өткен сабақ болып табылады.
             Қазiргi  кезде  мектеп  тəжiрибесiнде  қалыптасқан  мұғалiмнiң  жеке  жоспарының  үлгiсi  
төмендегiдей:
 
1. Оқу бағдарламасының берiлген тарауы бойынша сабақтың күнi мен реттiк саны анықталады.
 
2. Сабақтың тақырыбы.
 
3. Сабақтың мақсаты.
 
4. Сабақтың құрылымы немесе дидактикалық кезеңдерi.
 
5. Сабақтың мазмұны.
 
6. Оқыту əдiс-тəсiлдерi. 
 
7. Сабақ құралдары.
 
8. Үй тапсырмасы.
 
9. Қорытынды, сабақтың аяқталуы.
 
            Сабақтың анағұрлым негiзгi бөлiгi – оның төртiншi жəне бесiншi кезеңi болып табылады. 
 
             Сабақтың  əрбiр  құрамды  буынына  немесе  дидактика-лық  элементтерiне  мұғалiмнiң 
жұмсайтын уақытын көрсетудiң мəнi зор. Содан кейiн барып оның қалған буын-дары мен мазмұны 
ашып көрсетiледi. Сабақты бұлай жоспарлау мұғалiмге сабақ барысын нəтижелi ұйымдас-тыруға 
қолайлы жағдай туғызады.
 
             Одан  əрi  қарай  оқушылардың  тəжiрибелiк  жұмыстарын  ұйымдастыру  тəсiлдерi 
қарастырылады. Оқыту əдiстерiн қолдану нақты атап көрсетiледi.
 
            Содан кейiн сабақта қолданылатын əр түрлi оқу құралдары (карта, глобус, приборлар, оқу-
əдiстемелiк  кiтаптары,  көмекшi  оқу  құралдары  т.б.)  жəне  оны  пайдалану  əдiстемесi  көрсетiледi. 
             Сабақтың соңғы буыны - үй тапсырмасын беру. 
 
             Н.  К.  Крупская  мұғалiмдердiң  назарын  тапсырманы  орындау  жөнiнде  оқушыларға  мұқият 
түсiндiру  жұмыс-тарын  ұйымдастыруға,  оның  мақсаты  түсiнiктi  болуына,  бұл   мақсат   оларды 
рухтандыратындай  дəрежеде  болуына  аударады. ''Ең  қызық  тапсырма - дейдi  ол, - баланың  өз 
бетiнше  жұмыс  iстей  алуын  барынша  дамытып,  оның  ойын  оятатын  тапсырма  екендiгi  мəлiм''-
деген тұжырым-дама жасайды.
 
            Сонымен бiрге Н. К. Крупская  мұғалiмдердiң сабаққа əзiрлену барысында оқушылардың үй 
тапсырмасында  теңестiрушiлiкке  жол  берiлуге  болмайтындығына  олардың  назарын  баса
аударады. ''Тапсырманы  дараландыру  керек,  оқушының  олқы  жерлерiн,  оның  бiлiмi  мен 
дағдыларының жиынтығын есепке алу қажет, сабаққа күштiрек оқушыларға берiлетiн тапсырмалар 
оларды  тым  алға  сүйреп  əкетпей,  олардың  алған  бiлiмiн  тереңдете,  оның  сапасын  жақсарта
түсетiн болсын''- дейдi ол (Таңдамалы шығармалары, 202-  203 беттер орыс тiлiнде).
 
             Сабақ  жоспарлары  мұғалiмнiң  дайындығы  мен  тəжiрибесiне  байланысты  өзгеруi  мүмкiн, 
бiрақ негiзiнен жоғарыда көрсетiлген кезеңдердi қамтуы тиiс.
 
             Тəжiрибелi  мұғалiмдер  жоспарды  жасап,  сол  жоспар  бойынша  сабақты  өткiзгеннен  кейiн, 
оған  қысқаша  талдау  жасайды:  жоспар  қаншалықты  сəттi  орындалды  жəне  мақсат-қа  қалай  қол 
жеткiзiлдi т.с.с. Бұл мəлiметтер мұғалiмге келесi сабақты нəтижелi даярлауға септiгiн тигiзедi. 
 
 
 
12. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан  басқа түрлерi
 
            Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкiн емес.
 
             Сыныптық-сабақ  жүйесiнiң  негiзгi  кемшiлiгi - оқушылардың  дара  ерекшелiктерiн  дамытуға 
жеткiлiктi мүмкiндiктердiң болмауы – оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын iздестiруге себеп 
болды.  Сондықтан  оқушылардың  сыныптық-сабақтағы  танымдық  əрекетiн  дамыту,  толықтыру 
жəне  оқушылардың  өзiндiк  шығар-машылық  белсендiлiктерiн,  қабiлеттерiн  арттыру  мақ-сатында 
оқыту  жұмысын  ұйымдастырудың  қосымша  түрлерi  қолданылады.  Олардың  қатарына  семинар, 
экскурсия,  факультативтiк,  қосымша,  конференция  сабақтары,  өндiрiстiк  оқу,  үйдегi  оқу  жұмысы, 
тəжiрибелiк-зертханалық  (практикум)  жəне  пəндiк  үйiрме  жұмыстары,  олимпиада,  сынақ  жəне 
емтихан, өзiндiк жұмыс түрлерiн жатқызуға болады. 
 
             Семинар  сабақтары  көбiнесе  оқылған  лекция  тақырыбына  байланысты  негiзгi  өзектi 
мəселелердi  талқылау,  оқушылардың  танымдық  ойлау  қабiлеттерiн  дамыту,  өзiндiк 
шығармашылық  белсендiлiктерiн  шыңдау  мақсатын  көздейдi.  Тақырып  сұрақтарына  сай  пiкiр 
алмасу,  өз  көзқарастарын  дəлелдеу,  мұғалiмдерге  оқушылардың  оқу  материалын  қаншалықты
меңгергенiн, соған орай сенiмдерi мен түсiнiктерiнiң қалыптасқандығын бақылап, тексерiп, бағалап 
жəне бағыт-бағдар берiп отыруға мүмкiндiк туғызады. 
 
            Семинар сабағына əзiрлену кезiнде оқушылар тезистер мен баяндамалар жазып, қосымша 
əдебиеттердi  пайдаланады.  Ұсынып  отырған  сұрақтарға  қатысты,  ондағы  бар  негiзгi  ойларды 
қамтып,  конспект  құрады.  Мiне,  осындай  жұмыс-тардың  нəтижесiнде  семинар  жұмысы  оқытуды 

ұйымдас-тыруда тиiмдi форма екенiн тəжiрибе көрсетуде. 
             Семинар  сабағын  өткiзу  барысында  мұғалiм  пробле-малық  жағдай  туғызып,  талқыланып 
отырған  сұрақтарға  оқушылардың  қызығушылығын  оятады,  олармен  ақылдаса  отыра  оны 
талдаудың жоспарын құрады жəне ұжымдық iзденушiлiк əрекеттерiне қолайлы жағдай туғызады. 
 
             Экскурсия  жұмысының  мақсаты - оқушылардың  сабақта  алған  теориялық  оқу
материалдарын практикамен жалғастыру, бекiту. Сондықтан оқыту процесiнде оның маңызы зор. 
Ол  барлық  оқу  пəндерiнде,  əсiресе  физика,  химия,  биология,  тарих  жəне  еңбек  сабақтарында 
кеңiнен  қолданылады.  Бұл  оқушыларды  оқу  процесiн  бақылай  бiлуге  жаттықтырады  жəне  оқу 
материалын өмiрмен байланыстыра алуға үйретедi.
 
             Экскурсия  сабағын  өткiзу  орнына:  мектептiң  оқу  алаңына,  табиғат  аясына,  ауыл 
шаруашылығына, өндiрiске, көрмелерге, музейге бару т.б. нысаналар жатады. 
 
             Оқыту  процесiн  бұлай  ұйымдастыру  мұғалiмнен  зор  ұйымдастыру  жұмысын  талап  етедi. 
Экскурсия түрiнде жақсы өткiзiлген əрбiр сабақ оқушыларға нақтылы фактiлер мен құбылыстарды 
жақсы оқып үйренуге, өз түсiнiктерiн кеңейтiп, бiлiмдерiн бекiтуге мүмкiндiк бередi.
 
             Экскурсия  сабақтарында  мұғалiм  оқушыларға  оның  тақырыбы  мен  мақсатын  алдын  ала
түсiндiредi.  Соның  негiзiнде  оқушылар  нақтылы  заттарды  байқап,  оларға  бақылау  жасайды. 
              
 
            Оқытуды экскурсия жолымен ұйымдастырудың үш түрi бар: 
 
            Бiрiншiсi – кiрiспе экскурсия деп аталады. Ол сабақта күрделi тарау, тақырыптарды өтер 
алдында ұйымдастырылады. Экскурсияның бұл түрiн бастауыш жəне орта сыныптарда алдын ала 
өткiзсе, олар үшiн сабақ өте қызықты жағдайда болады.
 
             Екiншiсi  - iлеспелi  экскурсия  деп  аталады.  Ол  белгiлi  бiр  тақырыпқа  арналып,  сабақ 
барысында оның орта шенiнде немесе өн бойында жүргiзiлуi мүмкiн.
 
            Үшiншiсi - қорытынды экскурсия. Ол күрделi тарау немесе тақырыпты өтiп болғанан кейiн 
оқушылардың  сабақтар  жүйесiнде  алған  теориялық  бiлiмдерiн  пысықтау,  бекiту  мақсатын 
көздейдi. 
 
             Экскурсия  сабағының нəтижелi  өтуi  негiзiнен  мұғалiмнiң алдын-ала  дайындық  жұмыстары 
мен өткiзу орнын дұрыс таңдай бiлуiне байланысты болмақ. Мұғалiм экскурсия болатын нысананы 
алдын ала барлап, содан кейiн оқушыларға оның мақсатын түсiндiредi.                 Мақсатына қарай 
оның жоспары жасалады. Жоспарда негiзiнен мына мəселелер қарастырылады:
 
1. экскурсияның барысы, негiзгi кезеңдерi, басталу жəне аяқталу уақыты;
 
2. маршруты, қамтитын нысанасы;
 
3. экскурсияға қажеттi құрал-жабдықтар;
 
4. экскурсия барысында байқау нысаналары мен  оларды пайдалану жолдары.
 
5. жеке жəне топ болып атқаратын жұмыстардың түрлерi;
 
6. экскурсия қорытындысына сай оқушылардың тапсырмалары т.б.
 
             ХVIII  ғ.  Францияның   атақты  ғалымы  Жан-Жак  Руссо  балалардың  сезiмiн  дамыту  үшiн, 
олармен  табиғатқа  экскурсия  жасау  қажеттiгiн  дұрыс  деп  тапты.  Оқытудың  бұл  түрi  тек  ХIХ  ғ. 
бастап қолданыла бастады. Оны Ресейде Л. Н. Толстой ұйымдастырған Ясная Поляна мектебiнде 
кеңiрек пайдаланды. 
 
             Оқыту  жұмысын  ұйымдастырудың  факультатив  түрi  оқушылардың  сұранысы  мен 
қызығушылығы  негiзiнде  əртүрлi  пəндерге  қатысты  ұйымдастырылады.  Оның  қызметi  көпжақты:  
оқушыларды  ғылымға  қатыстыра  отырып,  олардың  дүниетанымын  тереңдетедi  жəне  кеңейтедi; 
белгiлi бiр пəнге қатысты танымдық қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады. Оқушылардың 
пəнге  бейiмдiлiгiн  ескере  отыра,  факультативтiк  оқуды  олардың  қалаған  мамандық-тарына  сай 
психологиялық  жəне  практикалық  дайындығын  арттыру  жəне  кəсiби  бағдарын  қалыптастырудың 
нəтижелi  формасы  ретiнде  қолдануға  болады;  олар  жоғары  сынып  оқушыларының  еңбекке
дайындығына елеулi үлес қосады.
 
            Ол оқудың жоғары ғылыми деңгейiн қамтамасыз етiп, оқушылардың өзiндiк бiлiм алуы мен 
шығармашылық  дамуына  да  ықпал  етедi.  Кiтаппен,  анықтама  əдебиеттерiмен,  оқу-əдiстемелiк 
нұсқауларымен  өз  беттерiнше  жұмыс  iстеу  дағдысын  тəрбиелейдi,  приборлармен  қарым-
қатынасқа  түсу,  оларды  орнықтыруда  өзiндiк  ақыл-ой  еңбегi  мен  тəжiрибелiк  бiлiктiлiктi 
қалыптастырып, эксперимент жұмыстарын жүргiзу тəсiлiн меңгередi.
 
             Оқушылардың факультативтiк оқуда алған бiлiмдерi  мен дағдылары сабақтарда белсендi 
қолданылып, олардың мiндеттерi, мазмұны мен əдiстерi арасындағы өзара байла-ныс логикалық 
тұрғыда iске асса, онда оқу жүйесiнiң нəтижесi анағұрлым артады.
 
            Конференция ретiнде өткiзiлетiн сабақ түрi кейбiр тақырыптарды тереңiрек меңгерту, оның 
ғылыми  дəрежесiн  көтеру  мақсатын  көздейдi.  Сол  үшiн  де  семинар  сабақ-тарына  қарағанда, 
конференция  түрiнде  өткiзiлетiн  оқу  жұмысы  ұсынылған  əдебиеттер  мен  қосымша  құралдардың
көлемi  кеңiрек  болады.  Оны  дайындау  жəне  өткiзу  тəртiбi  семинар  сабағына  ұқсас  келедi.  Бiрақ, 
оқу  конференция-сында  баяндамашылар  мен  сөйлеушiлердiң  саны  көбiрек  болуы  қажет. 

Сондықтан, оған бiрнеше қатар сыныптар-дың оқушыларын қатыстыруға болады.
 
             Оқу  жұмысын  ұйымдастыруда  мұғалiмнiң  тағы  бiр  мiндетi – оқушылардың  сабақтан  тыс 
кездерiнде  таным-дық  əрекеттерiн  тереңдету,  үлгермеушiлiктi  болдырмау.  Сондықтан  кейбiр 
оқушылардың  дарын-талаптарын,  ғылымға  бейiмдiлiгiн  немесе  сұранысын  сабақ  барысында 
толық  қамтамасыз  етiп,  жағдайлар  жасауға  əр  кезде  мүмкiндiк  бола  бермейдi.  Ол  үшiн  оларға 
үйiрме мен ғылыми жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы бар.
 
             Пəндiк  үйiрме  жұмыстары  сабаққа  қарағанда  бағыты,  мазмұны,  ұйымдастыру  тəсiлi  мен 
уақыт  өлшемi  тұрғысы-нан  өзiндiк  ерекшелiктерi  бар.  Олар  оқушылардың  қызығушылығы  мен 
пəндерге  бейiмдiлiгiн  дамытуда  жəне  тапсырылған  жұмыстарды  нəтижелi  орындауға  қолайлы 
жағдайлар  туғызып  отырады.  Сонымен  қатар  оқытудың  өмiрмен  байланысын  қамтамасыз  ету, 
пəнаралық бай-ланысты нығайтуға ықпалын тигiзедi. 
 
             Оқушылардың  пəндiк  үйiрме  жұмыстары  оқыту  процесiн  жандандырып,  оның  сапасын 
көтеруге əсер етедi.
 
             Үлгере  алмаушылықты   жою  үшiн  жеке  немесе  бiр  топ  оқушылармен  қосымша  жəне 
консультация сабақтары да ұйымдастырылады.
 
             Сынақ  жұмыстарын  жоғары  сынып  оқушыларына  енгiзудегi  мақсат – бағдарламадағы 
теориялық  бiлiмдердi  күшейту,  бекiту  жəне  оқыту  процесiнде  оқушылардың  жоғары 
белсендiлiктерiн, жауапкершiлiгiн, дербестiгiн орнықтыру. 
 
            Сынақ жұмыстары өзiнiң ұйымдастыру ерекшелiгiне сай оқу жұмысынан тыс оқушылардың 
өздiгiнен бiлiм алуын жалғастыруға ықпал етедi. 
 
             Сынақ  жұмысы,  ереже  бойынша  бағдарламаның  негiзгi  бөлiмiн,  тарауын  оқып  болғанан
кейiн  жүргiзiледi.  Мұғалiм  оның  өткiзу  мерзiмiн,  тақырыптары  мен  талқы-ланатын  сұрақтарын 
оқушыларға  алдын  ала  хабарлайды.  Оларға  жеке  дара  тапсырмалар  берiлiп,  қосымша  əдебиет-
тердi оқу тапсырылады жəне қосымша сабақ өткiзiледi. 
 
            Сынақты ұйымдастыру оқушылардың жеке жауап-тары, бақылау жəне топтық практикалық-
лабораториялық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма жəне баяндама жазу түрiнде жүргiзiледi. 
            Үйдегi оқу жұмысы
 
             Оқушылардың  үйде  өз  беттерiнше  орындайтын  оқу  жұмыстары  сыныпта  өткен
сабақтардың  жалғасы  ретiнде  саналады.  Сондықтан  да  оны  кей  жағдайда  оқыту  процесiнiң  бiр 
компонентi  ретiнде қарастырады. 
 
    Оқушының  үйдегi  оқу  жұмысын  сыныптағы  оқу  жұмысымен  жалғастырып,  толықтырып  отырса, 
онда  олардың  алған  бiлiмдерi  терең  жəне  берiк  болады.  Оның  маңызы  оқыту  жұмысын 
ұйымдастырудың  сабақтың  басқа  түрлерiне  қарағанда  ерекше.  Бұл  жұмыстың  танымдық 
қызметiмен бiрге оның тəрбиелiк мəнi де зор. Себебi, үй жұмысын күнделiктi орындау барысында 
оқушылардың  дербестiгi,  ойлау  қабiлетi  артып,  өздiгiнен  бiлiм  алуға  жүйелi  түрде  дағдыланады. 
Олар өзiнiң оқу жұмысын жоспарлауға, қажеттi оқу материалын жинақтауға дағдыланады, сабақта 
алған бiлiмдерi мен бiлiктiлiктерiн өзiндiк еңбекте қолдана бiлуге жаттығады, өзiн өзi бақылау жəне 
кiтаппен жұмыс iстей бiлу тəсiлдерiн меңгередi, оқудың əртүрлi амал-тəсiлдерiн қолдана отырып, 
өз  бетiнше  баяндама  жасауға  дайындалады.  Соның  негiзiнде   бiлiм  мен  бiлiктiлiк  өте  берiк 
меңгерiледi, оқушының ақыл-ой əрекетiнiң жеке дара дəстүрi қалыптасады.  
 
            Оқушының үйдегi оқу жұмысын дұрыс ұйымдас-тырудың мынандай шарттары бар:
 
1.  Үй  тапсырмаларын  бергенде  мұғалiм  оларды  орындау-дың  қандай  тиiмдi  əдiс-тəсiлдерiн 
қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруi қажет. 
 
2. Үйге берiлетiн тапсырмалар оқушыларды қызық-тыратындай болуы жəне өмiрмен, олардың iс-
тəжiрибе-лерiмен байланысты болғаны жөн.
 
3.  Үй  тапсырмасы  оқушының  бəрiне  бiрдей  бiрыңғай  мазмұнда  емес,  мүмкiн  болған  жағдайда 
бiрнеше нұсқада (вариант) болғаны пайдалы.
 
4. Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.
 
5.  Үйдегi  оқу  жұмысының  табысты  болуы,  көбiнесе  сабақта  мұғалiмнiң  үй  тапсырмасын  орындау 
тəсiлiн оқушыларға тыңғылықты етiп түсiндiруiне байланысты.
 
6.  Үй  тапсырмасының  көлемiн  белгiлеуде  мұғалiм  оқушылардың  жас  ерекшелiктерi  мен  таным 
қабiлеттерiн ескергенi жөн.
 
7. Үй тапсырмасын тексеру жəне бағалау барысында мұғалiм, оның орындалу сапасына айрықша 
мəн берiп, жетiстiгi мен кемшiлiгiне оқушылардың назарын аударып отырғаны жөн.
 
8.  Мұғалiмнiң  берген  бағасы  əдiлеттi  болса  онда  ол  оқушы-ның  ынтасын  артырып,  үй 
тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруға септiгiн тигiзедi.
 
9.  Мұғалiмнiң  бағалауы  оқушылардың  өзiн-өзi  бағалауы-мен  ұштасып  отырса  ғана  ол  жемiстi 
болмақ.
 
            Жоғарыда аталған шарттардың тиянақты орын-далуын ескеру мұғалiмдер үшiн аса қажет 
болмақ. 
 

            Мұғалiмдер тарапынан оқушыларға шамадан тыс үй тапсырмасын тапсыруды болдырмау
жəне олардың жас ерекшелiктерi мен таным қабiлеттерiнiң мүмкiншiлiгiн ескеру мақсатын көздей 
отыра,  оқу  министрлiгiнiң  нұс-қауы  бойынша  əр  сыныпта  үй  тапсырмаларын  орындауға  берiлген 
уақыт мөлшерi мынандай болып белгiленген:
 
            I – II сыныптарда – 1 сағат;
 
            III – IУ сыныптарда – 1,5;
 
            У – УIII сыныптарда – 2 сағат;
 
            IХ – Х сыныптарда – 2,5 – 3 сағат. 
 
             Сонымен  қатар,  оқушылардың  сенбi  жəне  жексенбi  күндерi  бос  болуы  үшiн  дүйсенбiге 
тапсырма  берiлмейдi.  Үй  тапсырмалары  мұғалiмнiң  қатысынсыз  орындалатын  болғаннан  кейiн, 
олар  ата-аналармен  тығыз  қарым-қатынаста  болып,  оларға  оқушылардың  үйде  орындайтын 
жұмыстарына көмектесiп отырулары үшiн үнемi əдiстемелiк тұрғыдан басшылық жасап отырғаны 
жөн.
 
            Ол үшiн əрбiр оқушының үйлерiнде тұрақты жұмыс кестесi болуы тиiс. Осы кесте бойынша 
оқушылар  күнде-лiктi  үй  тапсырмаларын  орындап  отыруға  дағдылануы  қажет.  Оны  ата-аналар 
ұйымдастырып, бақылап, жағдай жасап отыруы тиiс.
 
             Үй  тапсырмасын  орындар  алдында  оқушы  бiр  мезгiл  таза  ауаға  шығып  демалып,  дер 
кезiнде  тамақтанып,  тынығып  жəне  уақытылы  ұйықтап  тұрса  баланың  оқу  жұмысын  жақсы
ұйымдастыруға тигiзер əсерi мол.
 
 Оқушылардың өзiндiк жұмыстары
 
             Оқушылардың  оқу  жұмысын  сəттi  ұйымдастыруда  оның  өзiндiк  жұмыстарының  маңызы 
ерекше.
 
             Бүгiнгi  таңда  оқушылардың  үзiлiссiз  бiлiм  алу  мiндеттерiн  жетiлдiруге  сай   мектеп 
мұғалiмдерiнен  олардың  ойлау  қабiлеттерiн  одан  əрi  арттыру,  танымдық  жəне  шығармашылық 
қабiлеттерiн  дамыту,  сонымен  қатар  өзiндiк  жұмыстарына  қатысты  iскерлiктерi  мен  дағдысын 
тəрбиелеу  талап  етiлуде.  Ол  үшiн  өзiндiк  жұмыс  оқушы-лардың  тек  үй  жұмысын  орындау 
барысында  ғана  емес,  оқыту  процесiнiң  өн  бойында  өз  орнын  табуы  тиiс.  Оқушылардың  əртүрлi 
өзiндiк  жұмыстары  негiзiнде  сабақтың  нəтижесiн  жəне  таным  қабiлеттерiнiң  белсен-дiлiгiн 
арттыруға болады. 
 
            Оқушылардың таным белсендiлiгi – оқуға қажеттi бiлiм мен дағдыны меңгеру жəне оларды 
өмiрде, прак-тикада пайдалана бiлуге, үйренуге оқушының iстейтiн саналы əрекетi.
 
            Оқыту процесiнде оқушының белсендiлiгi, негiзiнен, екi түрлi сипатта болады: сыртқы жəне 
iшкi белсендiлiк.
 
             Сыртқы  белсендiлiк  дегенiмiз-  оқушы  əрекетiнiң  сыртқы  көрiнiстерi (белсендi  қимыл 
қозғалыстары,  тəжiри-белiк  əрекеттерi,  мұғалiмге  зейiн  қойып  қарауы,  мими-касы  т.б.)  бiрақ  осы 
кезде ол басқа нəрсенi ойлап отыруы да мүмкiн.
 
            Оқушының iшкi белсендiлiгiне – оның белсендi түрде ойлау əрекетi жатады. Белсендiлiк 
жеке басқа тəн, маңыз-ды бiр қасиет болып саналады. Бұл қасиетсiз адамның қандайда болмасын 
жұмысы нəтижелi болуы мүмкiн емес.
 
             Оқушы  белсендiлiгi  қандай  болғанда  да  ой  дербестiгiне  сүйенедi.  Оқыту  процесiнде 
оқушылардың  белсендiлiгiн  арттыру  принципiн  жүзеге  асыруды  мақсат  еткен  мұғалiм  сабақтың 
барлық кезеңiнде олардың ой дербестiгiн дамытуға тырысады. Оқушыда белсендiлiк бiр қалыпта 
болмайды,  оның  қарапайым  (елiктеушiлiкке,  жай  қайталауға,  бiреудiң  айтқанын  бұлжытпай
орындауға негiзделген белсендiлiк) жəне күрделi (творчестволық т.б. белсендiлiк) түрлерi болады.
            Соңғысы оқушының жоғарғы саналылығы мен дербестiгiн керек етедi.
 
             Оқушылардың  жас  ерекшелiктерiне  жəне  психика-лық  даму  дəрежесiне  қарай 
белсендiлiктiң  бiрнеше  түрi  қалыптасып,  дамиды:  қимыл  жəне  сөйлеу,  ойын  жəне  оқу  (таным), 
өзiн-өзi тəрбиелеу т.б. белсендiлiктер.
 
            өзiндiк жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
 
-  мұғалiмнiң нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруi;
 
- жұмысты орындаудың жəне аяқтаудың уақытын белгiлеуi;
 
- мұғалiмнiң басқаруымен оқушылардың дербестiгiнiң мөлшерi, олардың жұмысты өз еркiмен жəне 
қалауымен iстеуi;
 
- оған əсер ететiн мотивтер т.б.
 
             Оқушылардың  өзiндiк  жұмысы  мiндеттi  түрде  мұғалiмнiң  басшылығын,  сонымен  қатар 
оқушылардың  дербестiгiн,   олардың  қызығып  өз  ықыласымен  жасайтын  əрекетiн  де  керек  етедi. 
Осыған байланысты кейбiр педагогтар мен психологтар (Р. Г. Лемберг, М. Н. Скаткин, В. А. Занков 
т.б.) оқушылардың өзiндiк жұмыстарының ерекшелiгi – олардың ықыласы жəне өз еркiмен əрекет 

жасауына байланысты деп санайды.
 
             Алдыңғы  қатарлы  мектептердiң  iс  тəжiрибелерiне  көңiл  бөлсек,  оқушылардың  өздiк 
жұмыстарының  сан  алуан  түрi  бар  екенiн  байқаймыз.  Мəселен,  оқушылардың  сабақ  үстiнде 
меңгерген  оқу  материалдарын  пысықтау  үшiн  оқулық  не  басқа  құралдар  бойынша  жұмыс  iстеуi, 
көркем  əдебиеттерiн,  ғылыми  жəне  техникалық  əдебиет-тердi  пайдалануы;  жаттығу  жұмыстарын 
жазба  түрде  орын-дауы,  графикалық  жаттығу  жұмыстарын  жүргiзуi,  түрлi  практикалық  немесе 
лабораториялық  бақылау  жұмыс-тарын  өткiзуi (репродукциялы  жұмыстар),  шығармашылық
дағдыларын  дамыту  мақсатында  баяндама,  реферат,  шығармалар,  пiкiр  жазуы  жəне  көрнекi 
құралдар, модель-дер, конструкциялық т.б. жұмыс түрлерiн жатқызуға болады. 
 
             Репродуктивтiк  типтегi  өзiндiк  жұмыстарын  оқушы-лар  өздерiнiң  меңгерген  бiлiмдерiне 
сүйене  отырып  орындайды.  Шығармашылық  (творчестволық)  типтегi  өзiндiк  жұмыстарын 
орындауда  оқушылар  өзiнiң  болжау,  топшылау,  түрлi  құбылыстардың  арасындағы  байланыс-
тарды  салыстыра  бiлу  қабiлетiне  сүйене  отырып,  ой  қорытындысын  жасап  жаңа  шешiм  табады, 
өзiндiк  жаңалық  ашады.  Сөйтiп  бұл  жағдайда  белгiлi  дəрежеде  оқушылардың  бейiмдiлiгiн 
айқындап бередi.  
 
             Оқушылардың  үй  жұмыстары  мен  оқу  материалын  қайталау  кезiндегi  өздiгiнен  iстейтiн 
жұмыстарының  да  маңызы  ерекше.  Бұған  қоса  көрнекi  құралдарын  (карточкалар,  схемалар, 
чертеждар,  оқу  карталары  т.б.)  пайдалана  отырып  өздiк  жұмыстарын  ұйымдастырудың  да 
пайдасы зор.
 
             Мұғалiм  оқушылардың  өзiндiк  жұмыстарын  дұрыс  ұйымдастыру  үшiн,  алдымен,  олардың 
өзiндiк əрекеттерi-нiң негiзгi психологиялық ерекшелiктерiн бiлгенi жөн.
 
            Оқушылардың өзiндiк əрекетiне тəн ерекшелiктерi мыналар:
 
- оқушының алдын ала өз əрекетiнiң жалпы жəне нақты мақсаты мен мiндеттерiн анықтау;
 
- жоспарға сəйкес амал-тəсiлдердi қолдана бiлу;
 
- өз əрекетiнiң барысын бақылап отыру.
 
             Егер  оқушы  өздiгiнен  жұмыс  iстеуге  үйренбесе,  оның  оқуы  жемiстi  болмайды,  ол  жиi 
сəтсiздiкке  ұшырайды.  Мұндай  жағдайда  оқушының  оқуға  деген  ынтасы  төмендейдi,  соның 
салдарынан үлгермеушiлер қатарына қосылады.
 
             Профессор   Р.   Г.  Лембергтiң  пiкiрiнше,  оқушылардың  өзiндiк  жұмыстарын  ұйымдастыру 
мына шарттарға байланысты болмақ: 
 
- оқушының iстейтiн жұмысының мақсатына айқын түсiнуi;
 
- жұмыстың жемiстi аяқталуына, оның алдағы нəтижесiне қызығуы;
 
- жұмысты оқушылардың өз еркiмен, қалауымен орындауы.
 
өзiндiк жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар: 
 
- жұмыстың көлемiн шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңiл аудару;
 
- оқушылардың жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерiмен дұрыс ұштастыра бiлу;
 
- оқушылардың дербестiгiн арттырып, өзiндiк бiлiм алу қабiлетiн жүйелi түрде дамыту;
 
- өзiндiк жұмыстың мазмұнына күнделiктi өмiрден алынған материалдарды, хабарларды енгiзу;
 
-  оқушыларды  табиғат  пен  қоғам  дамуының  жалпы  заңдылықтарын,  сонымен  қатар  нақты 
фактiлер мен құбылыстарды өздiгiнен талдап түсiнуге үйрету;
 
- оқушыларды алған бiлiмдерiн iс жүзiнде қолдана бiлуге дағдыландыру;
 
- оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, əр уақытты дербес жəне белсендi 
əрекет жасауға баулу;
 
- оқушылардың өздiгiнен дербес жұмыс iстеу, еңбек ету дағдысын қалыптастыру.
 
             Н.  К.  Крупская 1934 ж.  жазған ''өздiгiнен  бiлiм  алумен  шұғылданушының  есiне''  деген 
тезистерiнде мынадай жалпы кеңестер (нұсқаулар) бередi:
 
1.  өздiгiнен  бiлiм  алу  үшiн,  алдымен,  сол  жұмысқа  қажеттi  нақты  дағдыларға (iштей  жылдам  оқи 
бiлу,  библио-графиялық  дағдылар,  түрлi  анықтама  əдебиеттердi  пайдалана  бiлу,  оқығандарды 
жазып алу т.б.) ие болу керек.
 
2.  Бiлiммен  жемiстi  шұғылдану  қолайлы  жағдайларды  (уақыт,  орын,  тиiстi  əдебиеттер  мен 
құралдардың  болуы  т.б.)  керек  етедi.  Ең  дұрысы - кiтапханаларда,  оқу  залдарында  бiлiммен 
шұғылдануға дағдылану.
 
3. өздiгiнен бiлiм алатын адам ненi оқитынын анық бiлiп, ол жұмысты белгiлi жоспармен, жүйемен 
жасауы керек.
 
4.  Алғашқы  кездерде  тəжiрибелi  адамдардан,  кiтапхана-шылардан  кеңес,  консультациялар 
алудың пайдасы зор. 
 
5. өздiгiнен бiлiм алу жұмысын асықпай, көп үзiлiс жасамай жүргiзген жөн.
 
             Оқыған  материалды  мұқият  ұғатындай  етiп  оқып,  түсiнбеген  жерлердi  қалдырмай,  бiр 

оқығанда  қайта  оқып,  оның  негiзгi  жақтарын  жазып  алу  қажет.  Сонымен  қатар  анықтама 
əдебиеттердi, энциклопедияларды, түрлi сөздiктердi қоса пайдаланып отыру керек.
 
            Н. К. Крупскаяның бұл кеңес-нұсқаулары қазiргi күнде де маңызын жойған жоқ.
 
             Оқушылардың  өздiгiнен  бiлiм  алу  əрекетiн  арттыру  мақсатында  қазiргi  озат  мектептер 
арнайы  жұмыстар  жүргiзуде.              Жоғары  сынып  оқушыларына  арналған  еңбектi  ғылыми 
жолмен ұйымдастыру (НОТ) сабақтары, кiтапхана сабақтары, библиографиялық конкурстар, саяси 
тақырыптарға  арналған  факультативтер,  саяси  клубтар,  оқушылардың  қызығулары  бойынша 
ұйымдас-тырылған  үйiрмелер,  арнайы  семинарлар  мен  лекторий-лер,  ой  еңбегiнiң  мəдениетiн 
жетiлдiру  университетi,  кон-сультациялық  бюролар,  жас  мұғалiмдер  үшiн ''өздiгiнен  бiлiм  алу 
мектебi'' т.б. жұмыстар. Мұндағы көзделген мақсат - оқушылардың өздiгiнен бiлiм алуға қызықтыру 
жəне  бұл  жұмысқа  қажеттi  нақты  қарапайым  дағдыларды  қалыптастырып,  дербес  бiлiм  алу 
мəдениетiн арттыру.
 
             Бұл  жұмыста  жоғары  сынып  оқушыларын  өз  жұмысын  жоспарлауға,  уақытты  дұрыс 
(үнемдеп) пайда-лануға, өзiне қолайлы күн режимiн белгiлеуге үйретудiң маңызы зор. Сол сияқты 
оқығанын  конспектiлеуге,  тыңда-ғанын  жазып  алуға,  өзiне  керек  хабарларды  iздеуге, 
библиографиялық  жəне  анықтама  материалдарды  пайда-лануға  кiтаппен,  каталогпен  жұмыс 
iстеуге арнайы дайын-дау жəне үйрету мектептiң өте маңызды мiндетi болып табылады.
 
            Ол үшiн мектеп оқушыларына арнап ''Кiтап оқу мəдениетiнiң негiздерi'' атты факультативтiк 
сабақ ұйымдастырудың да маңызы ерекше. 
 
             В.  А.  Сухомлинский  оқушының  өздiгiнен,  өз  ықыла-сымен  жүйелi  кiтап  оқуын  ақыл-ой 
тəрбиесiнiң екiншi бағдарламасы деп санаған. ''Кiтап, - дейдi ол, балалардың өмiрiнде бала жақсы 
оқи  бiлуге  үйренгенде  ғана  үлкен  рөл  атқарады. ''Жақсы  оқи  бiлу''  деңгейiнiң  мəнi  неде?  Бұл,  ең 
алдымен, кiтап оқудың қарапайым əдiсiн бiлу, игеру болып табылады'' дей келе, ол кiтапты жүйелi 
оқудың,  ең  алдымен  көркем  əдеби  шығармалардан,  одан  əрi  ғылыми-көпшiлiк  əдебиеттерге 
ауысуын  жөн  көредi.  Егер  адам  өз  өмiрiнде  екi  мыңдай  кiтап  оқитын  болса,  соның  жарты-сын 
балалық жəне жасөспiрiм шақта оқуға тиiстi дейдi.
 
            өздiгiнен бiлiм алудың қайнар бұлағы – бiрiншiден кiтап болса, екiншiсi мерзiмдi баспасөз. 
Соған  орай  газетпен  жұмыс  iстей  бiлу – газет  бетiнен  керек  материалды  таба  бiлу  деген  сөз. 
Газетпен жұмыс iстеу аса ауыр да, күрделi болумен қатар, тым қызықты да. 
 
             Оқушыларды  газет-журналдарды  жүйелi  оқуға  итермелейтiн  мотив – бiлiмге  деген 
құштарлық,  қызығу  (таным  мотивi).  Газет  оқуға  олардың  ынта-ықыласын  арт-тыру  үшiн,  мұғалiм 
сабақта  мерзiмдi  баспасөз  беттерiнде  жарияланған  материалдарды  өзi  пайдаланып  жəне 
оқушыларға содан үйде оқуына арнайы тапсырмалар берiп отыруы қажет. 
 
 
 
  13. Қазiргi сабақтың жаңа түрлерi 
 
 жəне оларға сипаттама
 
             Қазiргi  кезде  мектеп  тəжiрибесiнде  сабақтың  қалып-тасқан  дəстүрлi  түрлерiнен  басқа, 
дəстүрсiз түрлерi де пайда болуда. Ол, əрине қоғамның жаңару, жетiлдiру жағдайында бiлiм беру 
саласын реформалаумен тығыз байланыста iске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай 
дəстүрсiз  түрлерi  көбiнесе  оның  жеке  əдiстерiне  негiзделiп  құрылуда.  Ондағы  мақсат - əрбiр 
сабақтың  оқу-тəрбиелiк  мүмкiндiк-терiнiң  мол  екенiн  көрсете  отыра,  оны  жаңа  сапалық  сатыға 
көтеру. Олардың қатарына лекция, конференция, пiкiр-талас, панорама, компьютерлiк сабақтарын 
жатқызуға болады. 
 
             Бiрақ,  жоғарыда  аталған  сабақтың  дəстүрлi  емес  түрлерi – оның  жаңа  немесе  жеке 
түрлерiне  жатпайды.  Себебi,  ондай  сабақтардың  дидактикалық  құрылымы  анықтал-маған,  ешбiр 
дидактикалық  қағидаларға  негiзделмеген.  Сабақта  қолданатын  дəстүрлi  емес  жеке  тəсiл-
амалдарға жататын (конкурс, сайыс, көкпар, жарыс, бəйге, аукцион, ойын, экспедиция) - сабақтың 
элементтерi деп қарау керек.
 
             Дəстүрлi  емес  сабақ  түрлерiн  жаңа  сабақ  ретiнде  ұсынып  жүрген  авторлар  сабақты  оқу 
жұмысын  ұйымдас-тырудың  басқа  формаларымен  (экскурсия,  конференция,  семинар, 
консультация  т.б.)  шатастырады.  Бұлар  оқу  жұмысын  ұйымдастырудың  қосымша  формаларына
жатады, сондықтан оларды сабақтан өзгеше қарау дұрыс. 
 
            И. П. Подласый ''Педагогика'' атты оқулығында ''Дəстүрлi емес сабақ - дəстүрлi құрылымы 
жоқ ойдан шығарылған оқу жұмысы'' - деп бағалайды.
 
             Педагогтардың  дəстүрлi  емес  сабақтар  бойынша  пiкiрлерiнде  қарама-қайшылықтар  бар: 
бiреулерi  педаго-гикалық  ойлауда  прогресс,  мектептердi  демократияландыру  бағытында  дұрыс 
қадам  деп   қараса,  басқалары,  керiсiнше,  мұндай  сабақтар  педагогикалық  қағидаларды  қауiптi 
жағдайда бұзу, шындап еңбек ету қолынан келмейтiн жəне оны қаламайтын жалқау оқушылардың 
қысымымен педагогтардың амалсыз кейiн шегiнуi – деп осы мəселе жайында өз көзқарасындағы 

пiкiр қайшылықтарын алға тартады. Оның бұл еңбегiнде көптеп таралған дəстүрлi емес сабақтың 
36 түрiн ұсынады.
 
             Əрине,  дəстүрлi  емес  сабақтар  қатаң  құрылымы  жəне  қалыптасқан  жұмыс  кестесi  бар 
күнделiктi  оқу  жұмыс-тарына  қарағанда  əдеттегiдей  емес  ой,  ұйымдастыру,  өткiзу  тəсiлдерi  
оқушыларға өте ұнайды. 
 
             Дегенменде  ол  мұғалiмдерге  оқыту  жұмысында  осындай  тəсiлдердi  көптеп  сабақтар 
жүйесiнде пайдалануға кеңес бередi.
 
             Қорыта  айтқанда  оқыту  жұмысын  ұйымдастырудың  қандай  да  формасын  қолданбайық, 
сабақтар жүйесiнде олардың көздейтiн мақсат-мiндеттерi, мазмұны өзара бiр-бiрiмен байланыста, 
бiрiн-бiрi толықтыратындай жағдайда, оқушылардың бiлiм дəрежесiн нығайтып, жетiлдiруде едəуiр 
көмек етедi.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет