Əбиев Ж. Ə., Бабаев С. Б. Құдиярова А. М


 Мектепiшiлiк бақылау жəне басқаруды реттеу



Pdf көрінісі
бет22/31
Дата06.03.2017
өлшемі2,56 Mb.
#8472
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31

 
 
   5. Мектепiшiлiк бақылау жəне басқаруды реттеу 
 
            Жалпы ережелер 
 
             Жете  зерттелгенiне   қарамастан  мектептен  тыс  тəрбие  жұмыстарын  ұйымдастырушының
(мектеп директорының орынбасары құқында) мiндеттерiнiң аясына балалар шығармашылығының 
сарайлары, жас натуралистер, жас техниктер станциялары, балалар  бiрлестiктерi мен клубтары 
сияқты  қосымша  бiлiм  беретiн  мекемелермен  байланыс  орнату;  сынып  жетекшiсiнiң  жұмыс 
мазмұнын  жақсарту,  оларға  əдiстемелiк  көмек  көрсету,  оқушылардың  тұрғылықты  жерi  бойынша 
жұмыс жүргiзу БҰҰ Конвенциясының талаптарына сай балалардың қоғамдық ұйымдарына қолдау
көрсету сияқты өзектi мəселелер жатады. 
 
             Демек,  бақылау  процесiнде  жинақталған   нақты  материал  педагогикалық  талдауға  негiз 
болады.  Сондық-тан  мектепiшiлiк  бақылау  мен  педагогикалық  талдау  мектеп  қызметiнiң  бiр 
бағыты деп есептелiнедi.
 
             Мектепiшiлiк  бақылаудың  ерекшелiгi  оның  бағалау  қызметiмен  байланысты.  Ол  бағалау 
мұғалiм  тұлғасының  ерекшелiгiн  ескеруге   бағытталады.  Егер  бақылаушы  жас  мұғалiм  болса, 
бағалау оның кəсiптiк қалыптасуына, еңбек өтiмi  мол мұғалiм болса оның кəсiпқойлық позициясы-
ның  нығаюы  немесе  əлсiреуi  жəне  мектептегi  беделiне  байланысты  болмақ.  Сондықтан  тексеру 
барысында тексерушiнiң кəсiпқойлылығы мен iсiн жете бiлуiнiң маңызы зор. Тексерушiлiк қызметтi 
орындайтын қазiргi инспектор  немесе мектеп директоры кiсiлiк келбетi мығым тұлға болуы қажет.
 
             Олардың  мiндетi  мұғалiмдердi  қорқытып,  үркiту  емес,  қайта  iстiң  жағдайына  əдiл  баға 
берiп, педагогика-лық қызметтi ынталандырып, қолдап, əдiстемелiк көмек көрсету болуы тиiс. Осы 
тұрғыдан  алып  қарағанда  мектепiшiлiк  бақылауды  бiрқатар  кемшiлiктердi  атауға  болады. 
Бiрiншiден,  директор  мен  оның  орынбасарлары  арасында  тексеру  нысандарының  бөлiнбеуi, 
тексерудiң  есеп  үшiн  немесе  өзара  сабаққа  енудiң санын  анықтау  мақсатында  ұйымдастырылуы
байқаудың  жүйесiздiгi.   Екiншiдiн,  бақылауды  ұйымдастырудағы  немқұрайлылық.  Ол  жүргiзiлген 
тексеру  мақсатының  анық  қойылмауы,  бағалаудың  əдiл  критерийлерiнiң  болмауы  немесе  
қолданылмауы  түрiнде  көрiнедi.  Үүшіншіден,  тексерудiң  педагогикалық  процесстiң  бiр  ғана 
бағытын, бiр ғана қырын қамтудан көрiнетiн мектепiшiлiк бақылаудың бiржақтылығы. Мысалы, тек 
оқу  процесi  немесе  қазақ  тiлi  мен  математика  ғана  тексерiледi.  Төртiншiден,  тексеруге  тек 
лауазымды  адамдар  қатыстырылып,  оның  есесiне  тəжiрибелi  мұғалiмдер  мен  əдiскерлердiң  тыс 
қалуы.
 
             Мектепiшiлiк  тексерудi  ұйымдастыруда  осындай  жəне  бұдан  басқа  да  кемшiлiктер  мен 

түсiнбеушiлiктердi  болдырмау  үшiн  бiрқатар  жалпы  талаптарды  бiлу  қажет.  Ондай  талаптарға 
мыналар  жатады:  жүйелiлiк - бұл  талап  мектептегi  оқу  процесiнiң  бүкiл  барысын  басқаруға 
мүмкiндiк беретiн бақылау жүйесiн құрып, бақылау мен тексерудi тұрақты  жүргiзуге бағытталады; 
əдiлдiк  –  бұл  талап  бойынша  мұғалiмнiң  немесе  педагогикалық  ұжымның  əрекетi  мемлекеттiк 
стандарт жəне бiлiм бағдарламалары талабына сай жасалынған жəне келiсiлген критерийлермен 
бағалануы  тиiс;  ықпалдылық - тексеру  нəтижелерi  анықталған  кемшiлiктердi  жойып,  оңды  
өзгерiстер   жасауды  талап  етедi;  тексерушiнiң  өз  iсiн  жетiк  бiлуi   -  тексеретiн  тақырыпты  бiлу, 
тексеру əдiстемесiн меңгеру,  тексеру нəтижесiнiң дамуын болжай алуды талап етедi.
 
            Мектептану əдебиетiнде (М. Л. Портнов,   Т. И. Шамова, Н. А. Шубин жəне т.б.) мектепiшiлiк 
бақылау мазмұнына мынадай бағыттарды қосады:
 
            жалпыға бiрдей бiлiм берудiң ұйымдық-педаго-гикалық мəселелерiн орындау;
 
            оқу бағдарламалары мен мемлекеттiк бiлiм стандартының орындалу барысы жəне сапасы;
 
            бiлiм сапасы, оқушылардың ептiлiгi мен дағдысы;
 
            оқушылардың тəрбиелiлiгiнiң деңгейi;
 
            бiлiм, тəрбие жəне оқытудың дамытушылық қызметiн iске асыратын  оқу пəндерiнiң берiлу 
жайы;
 
            сабақтан тыс тəрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жайы мен сапасы;
 
            педагог кадрлармен жұмыс;
 
             оқушыларды  тəрбиелеудегi  мектептiң,  отбасылық  жəне  жұртшылықтың  бiрлескен 
əрекетiнiң тиiмдiлiгi;
 
            нормативтi құжаттар мен қабылданған шешiмдердiң орындалуы.
 
             Тексерушi  органның  немесе  мектеп  əкiмшiлiгiн  арнайы  дайындағын  естелiк,  нұсқау, 
ұсыныстарды тексерудiң аталған бағыттары нақтылана түседi.
 
            
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мектепiшiлiк бақылаудың құрылымы,  түрлерi мен əдiстерi
 
    Қазiргi  кезде   мектепiшiлiк  бақылаудың  құрылымы,  түрлерi  мен  əдiстерiн  жiктеу  мəселесi 
пiкiрталас  деңгейiн-де қалып отыр. М. Л. Портновтың ''Мектеп басшысының еңбегi'' деп аталатын 
кiтабында  тексерудiң   үш  түрiн  бөлiп  көрсетедi:  алдын-ала,  ағымдағы,  қорытынды.  Ал     Н.  А. 
Шубин  түр  мен  əдiстi  бiрге  топтастыра  отырып  былайша  үйлестiредi:  алдын-ала  шолу,  дербес, 
тақырып-тық, жан-жақты жəне топтық, жинақтаушылық.
 
             Педагог - теоретиктер  мен  практиктердiң  арасында  Т.  И.  Шамова  ұсынған  мектепiшiлiк 
бақылаудың  құрылымы  мен  түрлерi  кең  қолдау  тапты.  Ол  жiктеу  құрылымдық  жағынан 
тыңғылықты,  қисынды,  практика-лық  қолданымға  қолайлы  жəне  ең  бастысы   бақылаудың 
құрылымы мен түрлерi тұтас педагогикалық процесстiң табиғатына толық жауап бере алады. 
 
             Ол  ұсынған  тексерудiң  түрi - жан-жақты  жəне  тақырыптық  болып  бөлiнедi.  Тақырыптық 
тексеру – педагогикалық  ұжымның  мұғалiмдер  тобының  немесе  жекелеген  мұғалiмнiң  қызмет 
жүйесiндегi белгiлi бiр нақты мəселенi тереңдей зерттеуге бағытталады. Тақырып-тық тексерудiң 
мазмұны  педагогикалық  процестiң  түрлi  бағыттары,  жекелеген  мəселелердi  қамтығанымен  ол 
терең  жəне  мақсатты  зерттеледi.  Ол  мазмұн  мектептегi   инновация,  озық  педагогикалық 
тəжiрибенi енгiзу мəселесiн де қамтиды.
 
            Жан-жақты тексеру - педагогикалық ұжымның, əдiстемелiк бiрлестiктiң немесе жекелеген 
мұғалiмнiң қызметiн жан-жақты тексеруге бағытталады. Көп еңбек сiңiрудi жəне тексеруге көп адам
тартуды  қажет  ететiндiктен  жаппай  тексерудi  жылына  екi-үш  рет  қана  жүргiзу  тиiмдi.  Жекелеген 
мұғалiмнiң  қызметiне  жан-жақты  тексеру  жүргiзгенде,  мысалы,  аттестациялау  барысында  оның 
жұмысының  барлық  бағыттары - оқу,  тəрбие,  қоғамдық-саяси,  басшылық  əрекеттерi  түгел 
зерттеледi.                  Ал мектептi  жан-жақты тексеру кезiнде бiлiм беру мекемесiне тəн қызметтiң 

барлық  аспектiлерi  қамтылады,  ол  жалпы  бiлм  беру  заңын,  бiлiм  беру  процессiн   ұйымдастыру, 
ата-аналармен жұмыс, қаржы-шаруашылық қызметi  жəне т.б.
 
             Тексеру  кiмнiң  жүргiзетiндiгi  жəне  ненi  тексеретiн-дiгiне  байланысты  мынадай  түрлерге 
бөлiнедi.
 
            Дербес тексеру жекелеген мұғалiм,  сынып жетекшiсi, тəрбиешiлiк жұмысын қамтиды. Ол 
тақырыптық  та,   жан-жақты  да   болуы  мүмкiн.   Педагогтар  ұжымының  жұмысы  оның  жекелеген
мүшелерiнiң  жұмысынан  құралатындық-тан  дербес  тексеру  өзiн-өзi  ақтайды.  Мұғалiм  қызметiнде 
дербес  тексеру  педагогтың  өзiн-өзi  басқару  құралы,  кəсiпқой  болып  қалыптасуының  стимулы 
ретiнде аса маңызды.
 
             Сыныптық-жинақтаушылық  тексеру  оқу  жəне  оқудан  тыс  əрекет  процессiнде  сынып 
ұжымын  қалыптас-тыруға  ықпал  жасайтын  факторлар  жиынтығын  зерттеуде  қолданылады. 
Тексеру  түрлерiнiң  арттарында ''жинақ-таушылық''  ұғымының  жиi  қайталануы  педагогикалық 
процестi  басқаруға  бақылау-  тексеру  қызметiнiң  дəлелдi,  əдiл,  жинақтаушы  ақпаратпен 
қамтамасыз  етумен  байланысты.  өйткенi,  осындай  ақпарат  педагогикалық  талдау,  мақсат  қою, 
шешiм қабылдау жəне оны iске асыру кезеңiнде қажеттi шынайы ақпарат алуды қамтамасыз етедi. 
Мектеп құжаттарын зерттеу, бақылау, əңгiмелесу, ауызша жəне жазбаша тексеру, анкеталау, озық 
педаго-гикалық тəжiрибенi зерттеу, хронометрия, болжамдау сияқты əдiстер де қолданылады. Ол 
əдiстер  бiрiн-бiрi  толықтырып  отырады.  Егер  iстiң  шынайы  жағдайын  бiлгiмiз  келсе  онда 
мүмкiндiгiнше түрлi əдiстерiн қол-данып көру қажет.
 
            Оқу-тəрбие процесiнiң сандық жəне сапалық сипаттамасын жасау үшiн мектеп құжаттарын 
зерттеу əдiсiн қолдануға болады. Мектептiң оқу-педагогикалық құжаттары мыналар; оқушылардың 
алфавиттiк  тiркеу  кiтабы,  оқушылардың  жеке  iс  қағаздары,  сынып  жор-налдары,  факультативтiк 
сабақ  құралдары,  ұзартылған  күн  тобының   жорналы,  бiлiм  туралы  аттестат  беру  жəне 
бланкыларды  есепке  алу  кiтабы,  педагогикалық  кеңестiң  жəне  мектеп  кеңесi   мəжiлiсiнiң 
хаттамалар  кiтабы,  оқушылар  қозғалысының  бұйрық  кiтабы,  жалпы  мектептiк  бұйрық  кiтабы, 
мектеп педагог кадрларының  есеп беру кiтабы жəне т.б.
 
            Мектеп құжаттарының  қатары аса мол, ал олардан алынатын ақпараттар да  сан-салалы,  
мазмұны бай болып келедi.
 
             Мектеп  құжаттары  бiрнеше  жылдық  ақпараттарын  жинақтайды,  қажет  болған  жағдайда
мұрағаттың  көмегiне   сүйенуге  болады.  Осылайша  жинақталған  ақпарат  салыстырмалы  талдау
жасауға, əсiресе педагогикалық əрекеттi болжамдауға мүмкiндiк бередi.
 
             Мектеп  практикасында  ауызша  жəне  жазбаша  тексеру  барынша  жиi  қолданылады. 
Қолдануға  жеңiл  əрi  оңай  болғанымен  тексерудiң  тек  осы  түрiмен  шектелiп  қалуға  болмайды. 
Сонымен  бiрге  мектеп  практикасында  ақпарат   жинаудың  социологиялық  əдiстерi - анкеталау, 
сұрау  салу,  интервью  алу,  əңгiмелесу,  эксперименттiк  бағалау  да  қолданылады.  Олар  тексерушi 
қажеттi ақпаратты тез алуға мүмкiндiк бередi.
 
             Хронометриялық  əдiс  мектептiң  жұмыс  тəртiбiн,  сабақ  жəне  сыныптан  тыс  оқу   уақытын 
тиiмдi  ұйымдас-тыру,   оқушылар  мен  мұғалiмдердiң  жұмыс  бастылығын,  оның  сабағын,  үй 
тапсырмасының көлемiн, оқу  жылдам-дығын анықтауға қолданылады.
 
             Мектепiшiлiк  тексерудiң  түрi  мен  əдiстерiн  таңдау   оның  мақсаты,  мiндеттерi,  тексеру 
нысаны,  уақыт  жағдайына  тiкелей  байланысты.  Ал  тексерудiң  түрлерi  мен   əдiстерiн  тиiмдi  етiп 
қолдану  жоспарлауға  жəне   тексеруге  əкiмшiлiк,  мұғалiмдер,  бiлiм  берудi  басқару  органдарының 
өкiлдерiн кеңiнен тарта отырып iске асырғанда нəтижелi болмақ. 
 
 
 
 
 
Бақылау сұрақтары
 
1. Бiлiм беру мекемесi басшысының басқару мəдениетiнiң негiзгi компоненттерiн атаңыз?
 
2.  Жалпы  бiлiм  беретiн  мектеп  басшысының  негiзгi  қызметтiк  мiндеттерi  қандай?  Лауазымды 
адамдардың мiндеттерi қандай құжат арқылы белгiленген?
 
3. Мектеп басқарудағы педагогикалық талдаудың мазмұны қандай жəне оның рөлi?
 
4.  Мектептiң  түрлi  жұмыс  жоспарларына  талдау  жасаңыз.  Олардың  өзара  байланысы  қалай  iске 
асады.
 
5.  Мектептегi  лабораториялық  сабақ  барысында  мектептiң  жылдық  жұмыс  жоспарымен 
танысыңыз. Жоспардың негiзгi бөлiмдерiнiң мазмұнына талдау жасаңыз.
 
6. Мектеп басшысының ұйымдастырушылық қызметiнiң негiзгi мазмұны қандай?
 

7.  Мектептiң  педагогикалық  кеңесiнiң,  директор  жанын-дағы  кеңестiң,  оқушылар  комитетiнiң 
қызметiне сипат-тама берiңiз.
 
8.  Тексеру  мен  реттеу  басқа  мектепiшiлiк  басқару  қызмет-терiмен  қалай  байланысқан? 
Мектепiшiлiк басқаруда қандай əдiстер қолданылады?
 
 
 

3.3 
Педагогикалық  процестi  басқарудағы  əлеуметтiк  институттардың  өзара  əрекеттестiгi
 
 
1. Мектеп, отбасы, жұртшылық жəне мектептiң  
 
 бiрлескен жұмысын ұйымдастырушы орталық 
 
              Мектептiң  ұйымдастырушы  тəртiп  орталығы  ретiн-дегi  қызметiнiң  ең  маңызды 
бағыттарының  бiрi-мектеп-тiң,  отбасының  жəне  жұртшылықтың  күшiн  бiрiктiру.  Бұл  жұмыстың 
мазмұны, əдiстерi мен түрлерiне қарай өзiндiк ерекшелiгi болады. Ол  əрекеттiң өзiндiк ерекшелiгi 
бiрқатар  факторларға  байланысты.  Олар  педагогикалық  процестiң  обьективтi  заңдылықтарын 
бiлу;  қазiргi  жағдайдағы  мектептiң  əлеуметтiк  қызметiне  қанық  болу;  қазiргi  отбасының 
ерекшелiктерi  мен  даму  тенденцияларын түсiну,  мұғалiмнiң,  ата-аналар,  жұртшылық  өкiлдерiмен 
жас ұрпақ тəрбиесiне байланысты жұмысқа практикалық тұрғыдан дайын болуы.
 
    Мектеп  балалар  тəрбиесi  мен  отбасы  тəрбиесiн  педагогикалық  басқарудағы  тiкелей  iске 
асыратын маңызды əлеуметтiк институт болып табылады. Жас ұрпақты өмiрге дайындауда жаңа 
сапалық белгiлер қалып-тасып, дербестiктi дамыту, кəсiптiк бағдар, бiлiм алу жəне өздiгiнен бiлiм 
алу, қабiлеттердi анықтау жəне дамыту сияқты мəселелерге ерекше маңыз бере бастады. Мектеп-
тiң, отбасының жəне жұртшылықтың тəрбиелiк қызметi-нiң бiртұтастығы мектептiң мақсатты түрде 
жүргiзген  жүйелi  жұмыстарының  нəтижесi.  Ал  бұл  нəтиже  қазiргi  заманғы  бiлiм  беру  мекемесiне 
қойылатын басты талаптардың бiрi. 
 
             Белгiлi  педагог  В.  А.  Сухомлинскийдiң  еңбектерiнде ''мектептiк-отбасылық  тəрбие''  ұғымы 
кең  қолданылады.  Оның  пiкiрiнше  тəрбиенi  мектептiк  немесе  отбасылық  деп  қарастыруға 
болмайды,  өйткенi  бала  тұлғасы  бiртұтас  жəне  оны  қалыптастыру  процесi  де  бiртұтас  сипат 
алады. Мiне, осындай бiртұтас тəрбие процесiнде мектеп жетекшi рөл атқарады. 
 
             Мектеп  отбасының  тəрбиелiк  мүмкiндiктерiн  кеңiтедi  жəне  дамытады,  осы  бағыттта 
педагогикалық  ағарту  жұмыстарын  жүргiзедi,  қоғамдық  жəне  мектептен  тыс  ұйымдардың  мектеп
пен  отбасына  белсендi  түрде  көмек  көрсетуiн  ұйымдастырады  жəне  бағыттайды,  олардың 
əрекеттерiн үйлестiредi. Мектеп басшысының, сынып жетекшiсiнiң жұмыс жүйесi ең тиiмдi түрлер 
мен  əдiстер  таңдап  алу  арқылы  ұзақ  жылдар  барысында  қалыптасады.  Ол  жүйе  жұмыстың 
нəтижелiгiн қамтамасыз ететiндей талаптарға жауап беруi тиiс. 
 
             Ең  бiрiншi  талап - бүкiл  педагогикалық  ұжым  əрекетiнiң  мақсаттылығы.  Ата-аналармен 
жұмыс деген мүлде жалпы ұғым. Оның орнына нақты педагогикалық проблемаларды шешу үшiн 
ата-аналар жиналысын өткiзу, лекция оқу, ата-анаға, отбасына жекелеп ықпал жасау қажет.
 
             Екiншi  талап - мұғалiмнiң  кəсiптiк  бiлiктiлiгiн,  педагогикалық  мəдениетiн  көтеру.  Оның 
жолдары  əртүрлi  болуы  мүмкiн.  Мысалы:  сынып  жетекшiлерi  секциясының  жұмысы, ''Отбасылық 
педагогика'' немесе ''Отбасы тəрбиесiн жетiлдiру'' сияқты тұрақты педагогикалық семинар жұмысы; 
мектеп тəжiрибесiнде анықталған формалды емес жасөспiрiмдер тобының ерекшелiктерiн есепке 
алу, қолайсыз отбасылар мен педагогикалық тұрғыдан бетiмен жiберiлген балаларды есепке алу, 
ата-аналардың  жүргiзген  жұмыстарының  тиiмдiлiгiн  анықтау,  олардың  озық  тəжiрибелерiне 
педагогикалық талдау жасау.
 
             Үшiншi  талап - педагогикалық  ұжымның  сынып  жетекшiсi  мен  мұғалiмдердiң  ата-
аналармен  жүргiзетiн  жұмыстарына  бiрыңғай  талап  жүйесiн  жасау.  Бұл  талап  негiздi,  əдептi, 
заңды  болуы  тиiс.  Асығыстық,  талапты  бұрмалаушылық  ата-аналармен  келiспеушiлiкке  апарып 
соғады. 
 
            Төртiншi талап – ықпалды қоғамдық ата-аналар ұйымын қалыптастыру. 
 
 
 
2.  Мектептiң педагогикалық ұжымы. Педагогикалық ұжымның ерекшелiктерi
 
            Басқарудың жəне өзiн-өзi дамытудың субъектiсi ретiнде қазiргi педагогикалық ұжым туралы 
ұғымдар  орыс  педагогтары  Л.  Н.  Толстой,  К.  Д.  Ушинский,  Н.  И.  Пироговтардың  оқыту  мен 
тəрбиенiң  өзара  байланыстылығы,  оқушылар  мен  педагогтардың  бiрлесе  жұмыс  iстеуi, 
педагогтардың өзiн-өзi дамытуға ұмтылуы сияқты идеяларының ықпалымен қалыптасты. 
 
    Тəрбие  мақсаты,  балалар  ұжымын  қалыптастыру  мəселесi  отандық  педагогика  ғылымында 
педагогикалық  ұжымның  екi  орнықты  моделiн  iздеумен  бiрге  қарас-тырылды.  Мұғалiмдердiң 
тəрбиелiк ықпалын бiрiктiру 20-30 жылдары педагогика мен мектептiң маңызды мiндеттерiнiң бiрi 
болды.  Н.  К.  Крупская,  С.  Т.  Шацкая,  А.  С.  Макаренко  жəне  т.б./ ''Тəрбиешiлер  ұжымы  болуы 
керек'', – деп жазды. А. С. Макаренко - тəрбиешiлер ұжымға бiрiккен жерде жəне бiртұтас жұмыс 
жоспары, балаға деген бiрыңғай ықпал жоқ жерде ешқандай тəрбие процесi болуы мүмкiн емес''. 
 
             Педагогикалық  ұжымның  топтасуы  жəне  дамуы  идеясы  В.  А.  Сухомлинскийдiң 
педагогикалық  жүйесiнде  практикалық  көрiнiс  тапты.  Ол  əрбiр  педагогикалық  ұжымның  өзiндiк 
ерекшелiгi   болатындығын  атап  көрсеттi.  Тəжiрибе  алмасу  сол  мектептiң  жұмысын  көшiрiп  алу 
емес, қайта оның қызметiнiң идеялары мен концепция-ларын бағалау болмақ.
 

             Соңғы  жылдары  педагогикалық  ұжымның  дамуы  мен  қызметiнiң  iшкi  механизмiн  ашуға 
арналған   /Н. С. Дежиннова, В. А. Кераковский, Л. И. Новикова,  Р. Х. Жакуров жəне т.б./ еңбектер 
жарияланды.                                    Педагогикалық  ұжым  адамдардың  əлеуметтiк  жəне  кəсiптiк 
бiрлестiгi ретiнде ұжымға тəн барлық белгiлердi бiрiктiредi. Ерекше адамдар тобы ретiнде мектеп 
педагогикалық  ұжымына  жинақылық,  басшының  болуы,  топтасу,  салыстырмалы  түрде  тұрақты 
жəне ұзақ мерзiмде əрекет ету сияқты қоғамдық жəне кəсiптiк сипаттар тəн. 
 
   Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар  ұжымы да, оның құрамдас бөлiгi болып есептеледi.. 
Кез келген ұжым сияқты мектептiң педагогикалық ұжымының өзiндiк ерекшелiктерi болады. 
 
             Педагогикалық  ұжымның  ең  басты  ерекшелiгi  оның  кəсiптiк  қызметiне  байланысты, 
нақтылай  айтқанда  жас  ұрпақты  оқыту  мен  тəрбиелеуде.  Педагогикалық  ұжым-ның  кəсiптiк 
қызметiнiң  тиiмдiлiгi  оның  мүшелерiнiң  педагогикалық  мəдениетiнiң  деңгейiмен,  тұлғаларының 
қатынас  сипатымен,  ұжымдық  жəне  дербес  жауапкер-шiлiктi  сезiнуiмен,  ұйымшылдық, 
ынтымақтастық  деңгейi-мен  анықталады.  өзiнiң  мəнi  жағынан  педагогикалық,  тəрбиелiк  болып 
табылатын оқу орындарының ұжымы оқушыларға үлкендердiң ұжымы, олардың өзара қатынасы, 
бiрлесе  əрекет  етуi  туралы  алғашқы  түсiнiктердi   қалыптастырады.  Бұл  жағдай  педагогикалық 
ұжымды өзiн-өзi ұйымдастыруға, үнемi өздiгiнен жетiлуге ынталандырады. 
 
             Мұғалiмдер  ұжымның  педагогикалық  қызметi   оқушылар  ұжымымен  өзара  тығыз  
əрекеттестiкте  өрбидi.  Сондықтан  педагогикалық  мiндеттi  шешу  оқушылар  ұжымының  тəрбиелiк 
мүмкiндiгi  қай  деңгейде,  қанша-лықты  iске  асырылуына  тiкелей  тəуелдi  болып  келедi.  Басқару 
iлiмiнiң категориясы ретiнде педагогикалық ұжым басқарушы, ал  оқушылар  ұжымы басқарылушы 
болады. Ал қазiргi əрекет пен қатынастың субъектiсi ретiнде жеке тұлғаға баса назар аударылған 
жағдайда педагогикалық жəне оқушылар ұжымы басқарудың да, өзiн-өзi дамыту-дың да субъектiсi 
болып  отыр.  Мұғалiмдер  ұжымы  өзiнiң  орасан  зор  интеллектуалдық,  тəрбиелiк  күш-қуаты 
бойынша  балалар   ұжымына  ғана  емес,  өз  ұжымына  қатыстылығына  байланысты  да  тəрбие
субъектiсi ретiнде əрекет жасайды.
 
             Педагогикалық  ұжымның  басты  ерекшелiгiнiң  бiрi  ретiнде  мұғалiмдiк  кəсiп  қызметiнiң  көп 
қырлылығын атау  керек.  Қазiргi  мұғалiм пəн мұғалiмi,  сынып жетекшiсi,  үйiрме,  студия  жетекшiсi, 
қоғамдық  жұмыстар  сияқты  қызметтердi  атқарады.  Бұндай  көпқырлылық  барлық  педагогикалық 
ұжымға  тəн.  өзiнiң  кəсiптiк  мiндеттерiн  шешу  барысында  педагогикалық  ұжым  мектеп   шегiнен 
шығып кетедi. Қоршаған əлеуметтiк ортаны педагогика-ландыру, яғни ата-аналар мен жұртшылық
өкiлдерiнiң  педагогикалық  мəдениетiн  қалыптастыру  тұтас  алғанда  педагогикалық  ұжымның
ажырамас  қызметiне  айналады.                  Көптеген  мұғалiмдердiң  педагогикалық  əрекетiне 
зерттеушiлiк  қызметi  тəн.  Қазiргi  мұғалiм-зерттеушi -  нормативтi  қызмет  жасымен  шектелмейтiн, 
педагогика-лық  жаңалықтың  жетiстiгi  мен  кемшiлiгiн  тез  аңғаратын,  жаңа  құндылықтар   мен 
технологияларға баға берiп, игерiп жəне практикада қолдануға қаблеттi педагог. 
 
 Педагогикалық  ұжымның  ендiгi  бiр  ерекшелiгi  оның  жоғары  денгейде  өзiн-өзi  басқара  алуында. 
Ұжымдағы  мектеп  кеңесi,  əдiстемелiк  комиссиялар,  қоғамдық  ұйымдар  да  қатардағы 
мұғалiмдердiң  сайлану  арқылы  өкiлеттiк  алуы  ұжымда  дұрыс  қоғамдық  пiкiр  қалыптас-тырып 
дербестiк  пен  белсендiлiк  дамытады.  Педагогика-лық  ұжым  мүшелерiнiң,  оның  басшыларының 
қызметтiк мiндеттерi, қызметтiк нұсқаулары арқылы дəл айқын-далуы да ұжымның ұйымдасқандық 
сипатын нығайтады.
 
   Педагогикалық  ұжымның  келесi  ерекшелiгi  оның  қызметiнiң  ұжымдық  сипаты  мен  нəтиже  үшiн 
ұжымдық  жауапкершiлiгi.  Егер  жекелеген  мұғалiмдердiң,  əсiресе  орта  жəне  жоғары  сынып 
мұғалiмдерiнiң  iс-  əрекетiн  өзге  мұғалiмдердiң  iс-əрекетiмен  сəйкестендiрмесе,  оқушы-лардың 
бiлiмiн  бағалау,  мектеп  жұмысын  ұйымдастыруда  бiрыңғай  талап  болмаса  онда  ол  табысқа 
жеткiзбейдi.   Мұғалiмдердiң  бiртұтастығы  олардың  құндылық  бағдар-лары  мен  сенiмдерiнен 
көрiнедi,  дегенмен  бұл  жағдай  педагогикалық  технологияның  бiрсарындылығын  бiлдiрмейдi. 
Балаға  деген  махаббат,  оны  оқытуға  деген  ынта,  оқушы  тұлғасына  деген  құрмет  педагогикалық 
шығармашылық,  оптимизм,  жалпы  жəне  кəсiптiк  мəдениет  мұғалiмдердiң  iс-əрекетiнiң 
бiртұтастығын материалдық негiзiн құрайды.
 
   Педагогикалық  ұжым  өмiрiнiң  еркешелiктерiнiң  қатарында  белгiлi  бiр  педагогикалық  еңбектiң 
түрiн  атқарудан  уақыт  шегiнiң  болмауын  атауға  болады.  Бұл  жағдай  мұғалiмнiң  шамадан  тыс 
жұмыс бастылығына, рухани дүниесiн байытып, кəсiптiк дамуын арттыруға уақыт таба алмауына 
себеп болады. Бақылау нəтижелерi 
 
көрсеткендей  соңғы  жылдары  материалдық  жағдайға,  уақыт  жетiспеуiне  байланысты 
мұғалiмдiрдiң  баспасөзге  жазылуы,  түрлi  əдебиеттер  сатып  алуы,  олардың  кино-театрлар, 
мұражайлар мен көрмелерге қатысуы күрт төмендеп кеттi. 
 
            Педагогикалық ұжымға тəн өзiндiк ерекшелiктердiң бiрi оның құрамында əйелдердiң басым 

болуы  десек,  бұл  жағдай  ұжымдағы  өзара  қатыстық  сипатына  ықпал  жасайды.  Əйелдер  ұжымы 
еркектер  басым  болып  кететiн  ұйымдарға  қарағанда  тез  əсерленгiш,  көңiл  күйi  жиi  алмасады, 
барынша  дау-жанжалға  бейiм.  Дей  тұрғанмен,  əйелдер  жаратылысынан  тəрбие  iсiне  бейiм, 
педагогикалық  ықпал  жасаудың  əдiстерi  мен  тəсiлдерiн  таңдауда  барынша  икемдi  екендiгiн  де 
есте ұстау керек. 
 
            Педагогикалық ұжымдарда əйелдердiң басым болуы – жаңа проблема емес. Ол проблема 
материалдық  сипаттағы  себептерге  байланысты  педагогикалық  ұжым-дардан  еркектердiң  басқа 
табысты  салаларға  көптеп  ауысуына  байланысты  шиеленiсе  түстi.  В.  А.  Сухом-линский,  А.  А. 
Захаренко сияқты педагогтар мектебiнiң тəжiрибесi педагогикалық ұжымда, əр жыныстың қажеттi 
өкiлеттiлiгiнiң  болуы  педагогикалық  ұжымның  үйлесiм-дiлiгiн,  педагогикалық  процестiң 
бiртұтастығын қамтама-сыз ететiндiгiн көрсетедi. 
 
            Бұл проблема соңғы кезде əкесiз отбасылар көбеюiне байланысты маңызды бола түсуде. 
Дегенмен,  педагогика-лық  ұжымдағы  еркек  пен  əйелдердiң  барынша  орнықты  арақатынасын 
айқындау өте қиын. Ол əрбiр нақты жағдайда өзiнше шешiм табуы тиiс. Бiрақ қалай болғанда да 
мектептегi еркектердiң жетiспеушiлiгiн əке, ата-аналарды, өндiрiстiк ұжым мүшелерiн сабақтан тыс 
уақыт-тағы тəрбие жұмыстарына тарту арқылы толықтыру қажет. 
 
 
 
Педагогикалық ұжымның ұйымдық құрылымы   
 
              Ұжым  психологиясы  жөнiндегi  зерттеулер     /А.  И.  Донцов,  А.  Н.  Лутошкин,  А.  В. 
Петровский,   А. Л. Свентицкий жəне т.б./ ұжымның құрылымы туралы тиянақты мағлұмат бередi. 
Соның  iшiнде  ұжымға  əлеуметтiк-психологиялық  талдау  жасағанда,  оның  ұйым-дық  құрылымы 
ресми  жəне  бейресми  болып  бөлiнетiндiгiн  аңғарамыз.  Бұл  жағдайда  құрылым  ретiнде  ұжым 
мүшелерiнiң салыстырмалы түрде бiршама тұрақты өзара қатынасын атауға болады.
 
            Ұжымның ресми құрылымы оның мүшелерiнiң мiндеттерi мен құқықтары, еңбек бөлiнiсiнiң 
ресми  реттелуiне  байланысты.  Ресми  құрылымның  шеңберiнде  əрбiр  адам  кəсiптiк  қызметтi 
атқаруда белгiлi тəртiп, ережелер негiзiнде еңбек ұжымының өзге мүшелерiмен əрекеттеседi. Бiр 
сыныпта  жұмыс  iстейтiн  мұғалiмдер  бiлiм  стандарттарын,  оқу  бағдарламаларын,  сабақ  кестесiн, 
кəсiптiк  этика  нормаларын  басшылыққа  алады.  Əрбiр  мұғалiм  мектеп  басшыларымен, 
əрiптестерiмен iскерлiк қатынаста болады. Ал, мұғалiм мен мектеп басшылары-ның арақатынасы 
қызметтiк нұсқаулар жəне өнiмдермен реттеледi.
 
            Ұжымның қалыпты жұмыс iстеуi, оның ресми құрылымы бiрқатар жағдайларға байланысты. 
Мұғалiм-дердiң  ұжымдық  өзара  ықпалдастығы  ресми  құрылым  шегiнде  бiрлескен  жұмысты 
ұйымдастыру  деңгейiмен,  əрекеттердi  үйлестiру,  түрлi  шұғыл  жұмыс   кестелерiнiң,  оқу-тəрбие 
процесiнiң  барысы  мен  нəтижелерiн  тексеру  жүйесiнiң  болуымен,  қоғамдық  мiндеттер  мен 
тапсырма-лардың теңдей бөлiнуiмен айқындалады.
 
             Педагогикалық  ұжымның  бейресми  құрылымы  ұжым  мүшелерiнiң  алдын  ала  белгiленген 
мiндеттерiнен  тыс  нақты  iс-əрекет  негiзiнде  қалыптасады.  Ұжымның  бейресми  құрылымы  оның 
мүшелерi  арасындағы  қалып-тасқан  қатынастар  жүйесiнен  тұрады.  Ондай  қатынастар  жек  көру 
мен  ұнату,  құрметтеу,  махаббат,  сенiм  немесе  сенiмсiздiк,  ынтымақтасу,  бiрлесе  жұмыс  iстеудi 
қалау  немесе  қаламау  сезiмдерi  негiзiнде  қалыптасады.  Бұндай  құрылым  ұжымның  iшкi,  көбiне 
жасырын, көзге көрiнбейтiн жағдайын танытады.
 
             Жас  мұғалiм  педагогикалық  қызмет  процесiнде  қиындыққа  кездескенде  ресми  ұйымдық 
құрылымға сəйкес мектеп директорының оқу iсi жөнiндегi орын-басарына, сонымен бiрге қажет деп 
тапса бiлiктi, тəжiрибелi маман ретiнде басқа мұғалiмнен көмек сұрайды.
 
             Ал  мұғалiмдер  арасындағы  бейресми  байланыстар  түрлi  себептерден  туындайды.  Бiр 
жағдайларда  бұл  араласу,  достық,  махаббат  сияқты  əлеуметтiк  қажеттiлiктен  туындаса,  келесi 
жағдайда  тəжiрибелi  жолдасынан  кəсiптiк  көмек,  қолдау  алуға  байланысты,  үшiншi  жағдайда  –
жаңа,  қызықты  ақпарат  алуға  байланысты,  төртiншi  жағдайда  өзгелердi  өзiне  бағындыруға 
ұмтылған эгоистiк себеп-терден туындайды. Ұжымдағы бейресми қатынастардың пайда болуының
мынадай  белгiлерiн  бөлiп  айтуға  болады:  достық,  жолдастық  топтардың  құрылуы,  бейресми 
пiкiрдiң қалыптасуы, бейресми басшылардың шығуы, жаңа құндылық бағдарлардың нығаюы жəне 
т.б.
 
             Ұжымның  ұйымдық  құрылымының  дамуына  бiр-қатар  факторлар  ықпал  етедi. 
Педагогикалық  ұжымның  өзiндiк  ерекшелiктерiн  ескере  отырып,  осындай  ықпал  етушi 
факторларды қарастырып көрейiк.
 
             Ол  ең  алдымен  мұғалiмдер  ұжымы  шешетiн  кəсiптiк-педагогикалық  мiндеттердiң 
сипаты.  Педагогикалық  процестiң  тұтастығы,  оқыту  мен  тəрбиелiк  ажырамас  байланысы 
мұғалiмдер,  сынып  жетекшiлерi,  ата-ана  мен  жұртшылық  өкiлдерiнiң  əрекетiн  бiрiктiредi. 
Дегенмен, əр мұғалiм өзiнiң нақты қызметiн атқарғанымен ол өз əрекетiн педагогикалық процестiң  

басқа да қатысушылары – мұғалiмдер, оқушылар, мектеп əкiмшiлiгiмен келiсе отырып жүргiзедi.
             Мектептегi,  сыныптағы  iстiң  жағдайы  туралы  дер  кезiнде  алынған  объективтi  ақпарат 
ұжымның  ұйымдық  құрылымын  нығайтып,  ұжым  мүшелерiн  бiрiктiре  түседi.  Психологиялық 
зерттеулер  /А.  И.  Донцов,  Р.  Х.   Шакуров/  ұжымның  топтасуының  қажеттi  шарты  мақсат  бiрлiгi 
екендiгiн дəлелдейдi.
 
             Ұжымдық  құрылым  белгiлi  дəрежеде  педагогикалық  ұжым  мүшелерiнiң  əлеуметтiк-
демографиялық, дербестiк-психологиялық ерекшелiктерiне тəуелдi тығыз iскерлiк, тұлғааралық 
қатынастардың  қолайлы  негiзi  ұжымның  жасына,  бiлiмiне,  бiлiктiлiк  деңгейiне,  кəсiптiк  құндылық-
тары сияқты белгiлерi бойынша бiртектiлiк екендiгi даусыз. 
 
             Бұндай  ұжымдар  топтасу,  ұйымдасудың  жоғары  деңгейiмен  ерекшеленедi.  Дегенмен 
педагогикалық  ұжымдар  өзiнiң  құрамы  жағынан  барынша  əртектi  болып  келедi:  оның  құрамына 
бiлiктiлiк деңгейi əртүрлi жыныс өкiлдерiнен тұратын жас жəне тəжiрибелi мұғалiмдер енедi. Бұның 
барлығы  əртүрлi  бағыттағы  бейресми  топтардың  құрылуына  негiз  қалайды.  Мектеп  басшылары 
педаго-гикалық ұжымды ұйымдастырғанда жəне басқарғанда бұл жағдайды ескеруi тиiс.
 
             өзара  қатынастың  педагогикалық  ұжымның  тұрақтылығына  ықпал  екi  жақты  сипат  алады. 
Бiр жағынан ұжымiшiлiк қатынас, ұжымның тұрақтылығын бiлдiрсе, екiншi жағынан педагогикалық 
ұжымдағы тұрақтылық педагогтардың өзара қатынасының сипатын айқындайды.
 
             Ұжымның  ұйымдық  құрылымы  ұжым  мүшелерiнiң  мүддесiн,  қажеттiлiгiн,  қаншалықты 
қанағаттандыруна  да  байланысты.  Қанағаттану  деңгейiн  анықтайтын  бұндай  факторлардың 
қатарында  ұжымның  беделi,  достарының  болуы,  осы  ұжымдағы  өз  еңбегiнiң  мəнiн  сезiне  бiлу, 
моральдық-психологиялық ахуал, ұжымның дəстүрлерiн айтуға болады.
 
             Ұжымның  ұйымдық  құрылымының  сипатын  айқындауды  оның  көлемi  де  елеулi  етедi. 
Психологияда  шағын  ұжымдардың  мүшелерi  арасында  байланыс  бiршама  тұрақты,  берiк  болып 
келетiндiгi  дəлелденген.  Ұжым  үлкейген  сайын  ұжым  мүшелерiнiң  арасындағы  қатынас  ресми 
сипат  ала  бередi. 30 адамнан  асатын  педагогикалық  ұжымда  мүдде,  қызығушылық  ортақтығы, 
бiрге демалу сияқты түрлi себептермен бейресми топтар, бiрлестiктер пайда бола бастайды.
 
             Педагогикалық  ұжым  мүшелерiнiң  саны  оны  басқарудың  сипатын  айқындайды.  Шағын 
ұжымдарда педагогтар  бiрiн-бiрi жақсы бiледi, бiрақ бұндай ұжым-дарда араласу, бiрiн-бiрi рухани 
байыту  мүмкiндiгi  барынша  шектеулi.  Ал  үлкен  ұжымдарда  өзара  қатынастың  күрделi  құрылымы 
қалыптасады, олар барынша қунақы, кейде тiптi ұрыс-жанжалға бейiм, бiрақ осындай ұжым-дарда 
жарқын, ешкiмге ұқсамайтын тұлғалардың танылуы мүмкiндiгi де үлкен.
 
 
 
Педагогикалық ұжымдағы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет