Әбікенова Гүлнат Төкенқызы Когнитивті лингвистика


Концептуалды метафоралардың тілдік табиғаты



бет11/14
Дата20.10.2022
өлшемі378 Kb.
#44439
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Концептуалды метафоралардың тілдік табиғаты.
Концептуалды метафора – адам танымында ұқсату заңдылықтарының нәтижесінде туындаған деректі, дерексіз ұғымдардың атауы, жаңа лексикалық мағына. Метофораның когнитивтік теориясы туралы Эрл Маккормак: «Метафораны танымдық үрдіс ретінде суреттеуді тілді жасаушы адам санасының терең құрылымдық сипатын түсінуіміз керек» (22,56),-дейді. Ғалым когнитивтік лингвистикада метафораның зат-мағына-таңба үштігі шеңберінде қарастырылуына көңіл бөледі. Метафораның когнитивтік бағыттағы танымдық құралы екендігі турасында зерттеушілер мынадай қызметтеріне тоқталады:
- болмыстағы бар заттармен теңестіру, ұқсату арқылы затқа атау беру;
- абстрактілік мағынаны білдіретін жаңа ұғымдарды қалыптастыру. Мұндай метафоралар ғылымда концептуалды метафора деп аталып жүр. Қазіргі тіл білімінде метафораны танымдық сипатта қарау оның бағалауыштық, біртұтастық, эмбебаптық қасиеттерін анықтауға негіз болады;
- метафораның бағалауыш бейне тудыру қасиеті, бағаның кейіптелуі. Метафораның бағалауыштық мәнге ие болып, жаңа мағына тудыру қасиеті Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы тілдік дәстүр жалғастығы мен ондағы құбылыстар мен заттардың бағалары, олардың бағалауыштық қасиеттері адами құндылықтарды тану (ар, иман, мінез, жақсылық, махаббат, тағдыр т.б.) нәтижесінде көрінеді;
- метафораның индивидуальды - авторлық дүниетануды қалыптастыратын көркем сөз атрибуты екендігін Абай мен Шәкәрім шығармалары негізінде де дәлелдеуге болады. Мәселен, қос ақынның шығармаларындағы ызалы жүрек долы қол; бес нәрсеге асық болу; үйренуге болма намыс, үйретуге болма кер; сынды метафоралар авторлық қолданыстан туған концептуалды метафоралар.
Поэтикалық көркем шығарма тіліне когнитивтік талдау жасау негізінде сол ұлттың сонымен қатар жекелеген тілдік тұлғалардың санасындағы дүниенің бейнесін, айнала қоршаған ортаның болмыс-бітімін тұтастай тануға болады. Тілдің болмысы мен табиғатын, оның ішкі иірімдерін, толыққанды тану үшін сол тілді жасайтын адаммен біртұтастықта қарау керек.
Қазіргі лингвистикалық зерттеулер объективтік шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға ғана тән ең жоғарғы формасы оның ақыл-ойы, санасы ойлауы, рухани ішкі дүниесімен тығыз байланысты зерттеуге бағытталады. Әлемдік және отандық тіл білімінің қазіргі тандағы дамуы лингвистикалық зертгеулердің антропоцентристік бағытталуымен сипатталады, тілді ішкі жүйелік талдаудан антропоцентристік талдауға көшу XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы тіл білімінің есте қаларлықтай ерекшеліктерінің бірі болып табылады, өйткені тілдік құбылыстарды зерттеуде лингвистика тек қана тілдік, атап айтқанда адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы, пікір алысып өзара түсінісуі, дыбыстық, сөз кұрамы және грамматикалық тәсіл жүйесімен шектеліп қала алмайды.
Қазіргі лингвистика тілді адаммен, объективтік шыңдықты идеалды түрде бейнелеудің адамға ғана тән ең жоғарғы формасы оның ақыл-ой, санасымен ойлауы, рухани ішкі дүниесімен тығыз байланысты зерттеуге бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет