2. Пән туралы мәліметтер Мақсаты: Болашақ тілші мамандарды этнолингвистика ғылымының теориялық негіздерімен қаруландыру, магистранттарды келешекте тілді этнос болмысымен сабақтастыра зерттейтін ғылыми жұмыспен шұғылдануға, шығармашылық қабілеттерін ұштауға, біліктіліктерін шыңдауға қажет тіл білімінің жаңа саласымен, тың ғылыми дерек көздерімен таныстыру болатын.
Курстың міндеті: Магистранттарды тілдің терең мазмұндық құрылымын тануға, тілдің ұлттық табиғатын, ұлт өміріндегі рөлі мен қызметін әр қырынан сараптауға үйрету.
Пререквизиттері:Пән аясында студенттер оқып-үйренуге, меңгеруге тиісті мәселелер.
- әдебиеттану ғылымы және оның әдіснемесы;
әдеби көркем сынның жанрлық түрлеріндегі әдіснамалық әдіс-тәсілдердің қолдану сипаты;
Постреквизиттері: «Халық әдебиеті және әдеби шығарма» пәні бойынша студенттерге арналған семинар сабақты олардың бойына ізденушілік, ғылыми және зерттеушілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында жасалды. Себебі лекциялық сабақтарда пән бойынша магистрант меңгеруге тиісті барлық ғылыми және теориялық білімдер жүйесін меңгеруге мүмкіндік бола бермейді. Сонымен қатар пайдалануға ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттерді табу мүмкіндігі шектеулі де болғандықтан, басты проблемалар бойынша семинар сабақтарында нақты мәселелеріне талдау жасауға қажеттігі сақталынады.