Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library 143
қазып, жағалай тай қазан асып тастапты.
Əміршіде үн жоқ. Қасындағылар да тым-тырыс. Олардың қасы мен
қабағына қарап, құрақтай құлап құлдық ұрып жататыны əншейінде
Əміршіні масаттандырып тастайтынды, бұл жолы көңіліне көк тікен
боп қадалып келеді. Осы бір өңшең мүлəйім жанар бұны бір түрлі
мүсіркеп келе жатқаннан сау ма? Əмірші үшін одан асқан қорлық бар ма?
Дəл мынандай тымсырая қалғандарына қарағанда, бұл немелер мұның
жанын жеп жатқан жегі құрттан хабардар сияқты. Əншейінде аншылық
десе, қай-қайсысысың да аяқ-қолы жерге тимей, делеңдеп кететін еді.
Бұл жолы бəрі сап-салмақты бола қалыпты. Тіпті күні кеше ғана
дастарқан басында қауқылдасып отырған-ды. Бүгін енді аяқ астынан
бəрінің де аузына қақпақ орнап, сілтідей тына қапты. Əлде бұның манағы
ұйқыдан шошып оянған əжептарқы даусын естіп қойды ма екен... Естісе,
Əміршінің əлденеге қамырығып жүргенін, əрине, түсінеді. Ендеше, олар
өз билеушілерінің түсіиде ұйқысырап аллаға жалбарынғанын іштерінен
неге жорып келеді екен. Хан көңілін бебеулеткен қасіретті əрңайсысы
əр саққа жүгіртіп əуре-сарсаңға түсіп келе жатқаннан сау ма? Əлде олар
ішінен бұрынғы еміс-еміс естіген лақабымыз дұрыс боп шықты ғой деп
келе ме екен? Егер бұған дейін құлақтарына ештеңе тимесе, Əміршінің
манағы оқшау қылығына айран-асыр қап, таңырқамас па еді? Бірақ
бұның індете қарайтын қырағы көзі ешбірінің бетінен таңырқаған рай
көрмей келеді. Тымсырайған немелердің тылсым жүздерінде қайтып
кетеміз деген өсіре сақтық пен көлгірліктен басқа ештеңе байқалмайды.
Кейбіреулері жыныс-жыныстан аң қуалап кеткендерге əлсін-əлсін құлақ
түріп қояды.
Олар ойпаңға енді құлай бергенде тау жақтан дабыра қағылып, керней
тартылды. Арсы-күрсі тау езенінің жаңғырығымен жарысып, жапа-
тармағай дүсір шықты. Сарт-сұрт сынған бұталар мен топ-топ тұяқ
дүбірі, құлаған тастардың сылдыры ию-қию араласып кетті. Жұрт
елеңдесе қалды. Əмірші тырп еткен жоқ. Иттердің даусы бірте-бірте
жақындап келеді. Қасындағылар бұның ыңғайын бағып, ала қызба
аттарының басымен үнсіз алысып қояды. Ол селт етпеді. Арна бойындағы
қалың жыныстың тасыр-тұсыры тым кебейіп кеткен тұста барып, бас
уəзірге иек қақты.
Жұрт одан біраз ұзаңқырап шыққан соң ғана, қойнауға қарай қиқу
салып ағыза жөнелді. Əмірші ұлы дүрмекке қосылмай кейіндеп қалды.
Сай бойынан бір үйір бұғы шыға келіп, етектегі ұлан жазыққа қарай
құйғытып барады. Аңшылардың кебі солардың соңынан салды. Тағы
бірнеше топ тау өзенінің екі бетіндегі кең қойнаудың əр тұсына сүңгіп-
сүңгіп кетті. Жаңа ғана қасында тымсырайып-тымсырайып бұны бағып
келе жатқан көлденең көздерден құтылған соң, ол аң қуып, ызы-қиқы
боп жатқан ойпаңға құламай, ат басын бір қапталдан көлденең сұлаған,
сай табанындағы ұлы арнаға барып қосылатын бір бүйең салаға бұрды.
Сылдырап су ағып жатқан кішкене өзекті бойлай қалың қамыс өсіпті.