Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет115/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119
Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
151 
түгілі, əкесінің де көзін көрген пір қалай барады? Қолында аса, аузында 
алла отырып, күндестіктің желігінен көзіне ақ шел қаптаған ұрғашының 
соқыр ызасын ол қалай құптайды; қор көкірек ұрғашының көр 
соқырлығынан əулие басымен ол қалай аса алмайды. Əрине, пір Ұлы 
ханым сарайының айтқанынан шыға алмай жүр. Қажет десеңіз, оның 
жүзіндегі манағы мысқыл, манағы таба да солардан жұққан. Ұлы 
ханымның теңірегіндегі түйедейді түймедей қылатын мыстан сайқалдар 
əулие шалды да арбап алған ғой. Олардың пыш-пышының сиқыры тірі 
пайғамбардың көкірегіндегі киеден де құдіреттірек болғаны ғой. 
Əміршінің жүзіне айыз қандырар ащы мысқыл жүгірді. Ол тіпті əулие 
басымен өңшең сайқал, өңшең мыстанға арбалып қалған киелі шалды аяп 
та кетті; өңіндегі жаңағы бір лып ете қалған кекесін аяқ астынан 
мүсіркеушілікке ауысты. Əулие шал əзəзіл пыш-пыштан алжасса алжасқан 
да шығар. Аттасаң болды, ар-намысың саудаға түсіп шыға келетін 
мынандай қор дүниенің төбесінен қарамай, ортасында жүрсе, қайдағы бір 
қалт-құлт əулие шал түгілі жаратқан жалғыз иенің өзі де əлдеқашан-ақ 
өз жолынан өзі адасып мəңгүрт болып шыға келер еді. Күллі дүниені 
əйтеуір бірдеңеге өліп-өшіп жататын толып жатқан құштарлықтардан 
тұрғызса, 
қайтіп 
нəпсіге 
берілмессің, 
қайтіп 
күнəға батпассың. 
Құштарлықтан пайда болған пенде тіршілігі құштарлықтан опат тапса, 
таңданатұғын несі бар? Құштарлық атаулы нəпсі болса, нəпсі атаулы 
пенделік болса, əлгі əулие пірдің өзі де пенде боп шықпай ма? Ол да 
құдай жолына құлшылықты өзге пенделерді аузына қарату үшін жасайды 
емес пе?! Ол мына өмірде көп нəрсені талақ еткенмен, барлық нəрсені 
талақ етпепті. Жұртқа ықпалы жүргенді о да жек көріп жатқан жоқ. Елдің 
елбек қаққаны, аяғына жығылғаны оның да жанына майдай жағады. Басқа 
түгілі алтын тəжді падишаның өзі алдына кеп, аяғына жығылатынын 
жұртқа қыр қылады. Əрбір мақтан əсіре құштарлық. Əрбір əсіре нəрсе 
күпірлік. Əрбір күпірлік күнəға батырады. Ендеше пір екеуінің күнəсы біп-
бірдей. Бұл өкімет құмар, өктем мінез болса, ол да солай. Бұдан бір 
мысқал кем емес. Тіпті алланың айрықша рақымындағы бұның өзіне 
астамдық көрсеткені оның да күпірліктің балдыр-батпағына əбден 
белшеден батып болғаны. Əзəзілге де сол пенделіктің кек тұманына түсіп, 
көзінен айырылған көрсоқырлар ғана ереді. Ендеше киелі шалдың Ұлы 
ханым сарайының айтқанынан шыға алмайтындай жөні жоқ еді. Кəрі 
əулиенің бұл пайғамбар жасынан асып, тұғырдан түсерде ертеңгі тақ 
иелерін əсіріп-өндірген бəйбішенің ыңғайына кеткені де сол пенделік. 
Бүгінгі ықпалын ғана емес, ертеңгі күнінің де қандай болатынын 
ойлағаны. 
Ендеше, ол өз басындағы пенделікті көрмей, бұның басындағы пенделікті 
неге сонша жазғырады? Құранның езінде жазылмап па еді: «Пенденің 
білмегі шарт: Алла – жалғыз; онда жора да жоқ, жолдас та жоқ; өзі 
ешкімнің перзенті емес, өзі де перзентсіз; оған ешкім тең келе алмайды
қасына серік, артына əулет ертпеген ол өз патшалығында қолындағы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет