Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет117/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119
Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
153 
өкінбес еді. Əйтеуір əлгі насырына тиетін сұмырай əсек артында қалмай, 
езімен бірге құрыса болғаны. Бірақ талай тілегін оп-оңай бере салған 
мырза құдай тап осы жолы кессе қан шықпайтын қас сараң бола қалыпты 
ғой. 
Ол осы арада өмірінде алғаш рет жалпақ əлемді аузына түгел дерлік 
қаратқан ең құдіретті əмірші болғанына өкінді. Бақса, жақын маңайда 
сасық ауыз, сімсік көз еңшең найсап қаптаған мынау сайқал қаланы 
шауып алып, құртып жіберуге құдіреті жететіндей тегеурінді жауы да 
қалмапты. Бұған жеті қиян жер тубінде жатып, ылғи көз алартатын əлгі 
бір сығыр кездерге де қаны қайнап тұр. Тым-тырыс жатып алған 
немелерді, қас қылғанда осы, өзі барып шауып алса қайтеді. 
Əмірші сол ойына бел буды. Көптен бері көңілінде жүрген жорыққа осы 
қазір аттануы керек. Қара тобырдың көкірегіне оқтын-оқтын толып 
кететін арам желді қуып шығудың бірден-бір емі қанды қасап қана. Құдай 
жібермеген, жауы жібермеген қанды қасапты өзі жасайды. Бұл бір-бірлеп 
құртып бітіре алмайтын əлгі бір сасық ауыз тобырды жаңа жорыққа 
бастап апарып, мың-мыңдап қырып қайтады. Тірі қалғандары есек түгілі 
бастарымен қайғы боп оралады. Аман қайтқандарын құдайдан емес
бұдан көріп, бұрынғыдан бетер құлдық ұрады. 
Əмірші дереу жорыққа аттануға бекінді. 
 
VI 
 
Дария артта қалды. Əлгінде анталай қарап тұрған қара тобыр да 
алыстай берді. Құба шөл, құла тұз басталды. Шөлдің қақаған қапырық 
ыстығы қайтадан қайратына мінді. Қара құрым қалың қол толарсақтан 
құм кешіп жүріп келеді. Шақырайған талма түс салт аттылардың құрдым 
көлеңкесін де жалмап жұтып қойыпты; енді өздерін біржолата жоқ қып 
жібергісі келгендей өртеніп тұр. 
Өкпек аптап бірте-бірте күшейе берді. Қайнаған ыстық бұл отырған 
күймеге де баса-көктей кіріп кепті. Барған сайын тынысы тарылып 
барады. Қабынған өкпесіне бір жұтым ауа іздегендей пердені ысырып
сыртқа көз салды. Сол баяғы құба шөл. Құла шағылдар шақырайған күн 
көзіне қарсы шьгғар қайрат таба алмай, қорғасын боп балқып жатқандай, 
Аттың бəрі малтығып келеді. Шелден қашқақтаған бір кешкене түз құсы 
шарықтап ұшып та кетпей, жер бетіне түсіп жорғаламай да, ұшып-қонып, 
күйменің құрдым көлеңкесіне тығылып секектеп еріп келеді. 
Əмірші дүниеде осы бір шынашақтай құстан басқа ештеңе қалмағандай
шегір көзін соған қадап апты. Бармақтай құстың мына жанталасы қандай 
мағыналы. Тамағы бүлк-бүлк етеді. Жер апшысын қуырып бара жатқан 
қызыл жадын аптаптан жанын қоярға жер таппай шыр-шыр етеді. 
Бəлкім мына тірлікте одан басқа ешқандай мағына да жоқ шығар. Одан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет