Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library 152
билікті ешкіммен бөле-жармайтын дара падиша. Ықылым орнамастан
бұрын бар ол, ықылым түгел құрып кеткенде де құрымайды... Көктің
билігі де, жердің билігі де бір сонда: көк пен жердегі, құрғақ пен судағы
жан-жануардың баршасына сол ие, оларға одан басқа билеуші де,
қорғаушы да жоқ. Адам тағдырын да сол билейді: ауру жіберетін де,
дару жіберетін де, өлтіретін де, емір беретін де тек сол ғана. Бірақ ол
жаратқан жан иелері періште болсын, пайғамбар болсын, тіпті басқа
мақұлқат болсын – бəрібір, түгел дерлік бейшара. Күші асқан құдірет те
өзі, білігі асқан сұңғыла да өзі»,
Жаратқан иенің өзі кедір-бұдыр қып кемшін жаратқан дүниені бұл қалай
бір тегіс қыла алады? Жаратқан жалғыз иенің өзі он сегіз мын ғалам өз
билігімнен шығып кетпесін деп, өз қолынан шыққан жан-жануардың
əрқайсысына əр алуан кемшілік пен əлсіздік беріп, сол арқылы
тұтымында ұстаса, өз қарауындағы жұмыр басты пенделерді бұл қалай
солай ұстап, солай тұтпайды? Құдайдың əзінде бар кемшілікті адам
қайталаса, неге кұстаналайды? Өзі жаратқан жан иелерінің аласынан
алланың өзі əлгіндей сескенгенде, бұл қайтіп сескенбейді? Əлде, алла
тағаланың мұнысы, тегі мен заты белгісіз бір өзі ғана істейтін ерекше мен
ересенге тегі мен заты ұрғашының етегінің астынан шыққан жұмыр
бастылардың бой ұруына болмайды деген тиырымы ма екен? Сонда езім
ғана жасайтын кереметтерде шаруаларыңыз болмасын, асқан рақым мен
асқар жаза тек менің қолымнан шығуға тиісті, менен басқа ешқайсыңның
қақыларың жоқ дегені ме? Олай болса, күнə, қылмыс деген қорқынышты
сездердің шын мағынасы – құдіреті күшті тобаның езім ғана істейтін
істерді өзгелер істеп қоймасын, өзім ғана білетін нəрсені езгелер түсініп
қалмасын деген іштарлығы ғана болып шықты ғой?!
Шариғатта жаратқан ие əлгіндей өз мінезіне сыралғы боп қалған адам
тұқымын аямайтынын айтып, ақыр заманды басына төндіріп, қорқытып
бағады. Алла екеш алланың өзі əлсіздігін білдіріп алудан осынша
тайсақтағанда, пенде басымен бұл қайтіп тайсақтамайды. Ендеше пірдің
бұған күнəкарлық куəсы көк мұнараны құртып, басындағы масқара халді
жарқыратып езің жайып сал дегені адам түгіл құдайдың да құлағына ерсі
естілетін есірік əңгіме.
Желеп-жебеуші қызырлардың езі бұған ешқандай аян бере алмады. Аңға
барғанда көрген түсі осы сергелдең халіне көрінгені шығар. Қағбаның
қара тасының қарсы алдында тұрып маңына жолатпай қойғаны осы
ақыл таппай, тығырыққа қамалған пұшайман дағдарысы болар. Шынында
да, бұл не істей алады? Егер құдіреті күшті құдая дəл қазір тосын апат
жіберіп, оның күні бүгінге дейін кезінің қарашығындай керіп, қорғаштап
баққан астанасын тып-типыл қып қиратып тастаса, бұл түк те ренжімес
еді. Тіпті қуанар еді. Анау көзге күйік көк мұнарадан да құтылар еді.
Опаттан шыбындай қырылып, жайрап қалатын жұмыр бастылардың көр
көкіректеріндегі сасық лақап та біржола сап болар еді. Сол бір топалаң
қырғында тоңқалаң асатын көппен бірге өзі де жоқ болса, оған да еш