Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library 51
болады. Тұрайын десе, əлдебір сиқыр ту сыртынан желім құйып
қойғандай, тұла бойын қозғай алмайды. Басын біреу майса ңүмаққа көміп
тастағандай, əлгі бір жұмбақ ару жатқан жаққа аударылып қарайын десе,
зіл боп жабысып жібермейді. Тек бір уақыттарда ғана ұйып қалған қолына
жан бітеді, жанындағы төсекке қарай жайлап соза түседі, құс мамық
жастыққа жете бергенде созулы білегі тастай бірдеңеге тақ ете қалады.
Жаппар ұйқысынан шошып оянады.
Осылай өз-өзінен елегізіп, төңбекшумен өткен мазасыз түндерден соң
жұмыс басында да өне бойы зіл тартады да жүреді. Ахмет бай қызын
ұзатқан соң, ол бір түрлі көлденең көзге ашылмай, тас түйін боп, өз-өзінен
тығы-лып, тұйықталып алған.
Хан жорыққа аттанарында байтақ шаһарда жұрттың бақ ішінде, ашық
алаңдарда сауда жасап, əлемдегі ең үлкен астананың көшелерін айқай-
үйқайға толтырып, ат пен есектің тұяғынан ұшқан шаң-тозаңға бөктіріп
қоюға тыйым салып, қаланың бір шетінен екінші шетіне шыққанша
созылатын жабық көше салуды бұйырған-ды; сол жабық көшенің екі
бетіне саудагер бұйымда-рын сататын дүкендер ашып ортаға күні-түні су
шапшып тұратын хауыздар орнатуды тапсырған-ды.
Содан бері түн баласы тасыр-күсір, қорғандағы құлдар кеп, болашақ көше
өтетін жердегі үйлер мен дуалдарды қиратады; таң атқанша қираған
үйдің орнын айнадай қып тазалап қояды; ал бұлар таңертең тазартылған
жерге жабық базардың дүкендерін салады.
Жабық базар шаһардың орта тұсынан енді-енді ғана асып барады. Қыс
айларында жерге тоң қатып қап, құрылыс маңдымай қойды. Күні бойы
жүздеген шебердің қатар отырып ап тас қалағаны, құрылыс басының
абыр-жабыры қажыта ма, жоқ көңілі біржола торықты ма, Жаппар енді
түн баласы аласұрып шығатын мінезді тыйып келеді. Бұрын көз алдында
үлбіреп тұрып алатын Зухра бейнесі де бірте-бірте көмескі тартқандай.
Бұрын бір үйде тұрып, күнде көріп жүретін таныс жүз бір жыл-дан бері
мынау шым-шытырық дуалдарға толы шаһардың əлдебір жеріндегі бөтен
үйге барып тығылып ап, енді қайтып көзге түспей қойған соң көкірегінде
сайрап тұрған күлімкөз елес те бірте-бірте солғын мұнар орта-сына
шегіне түскендей. Алайда қайыптан-тайып ойына түсіп кеткенде, жап-
жалаңаш омырауын аяз сүйіп алғандай, жүрек тұсы мұздап қоя береді.
Торығу мен қимас-тықтың екі ұдай сезімі қанша итжығыс түсіп келсе де,
енді-енді бір-біріне бел алдыра бастапты.
Жаппар бұрынғыдай емес, əлденеге тас түйін боп, бойын жиып алыпты.
Жүріс-тұрысынан да, қас-қабақ, көз тастасынан да торыққандық
байқалады. Енді алдын-дағы қатар-қатар қаланып жатқан тастан басқа
ештеңеге алаңдамауға белін бекем буғандай.
Бір-біріне тізбектеле түсіп жатқан қыш тастар бұның буалдыр мұң,
бұлыңғыр үміт, қапырық уайымнан ар шылған ойларындай сараланып,
сайрап жатыр. Жабық көше ұзара түсті. Əмірші жорыққа аттанып
кеткелі де екі жылдың жүзі боп қалды. Хан қайтып келгенде өз