Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет17/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   119
Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
53 
шаһардың ішінде бармаған, біресе жердің топырағына, біресе маңайдағы 
үйерге жалтақ-жалтақ қарап, басын сипап тұрмаған жері қалмады. 
Ақыры ол мінген арба Кіші ханым тұратын бақтың түстік жағындағы 
оңашалау алаңқайдан келіп бір-ақ шықты. 
Ескілікті обаның орны қаланың былайғы табанынан біршама биік сияқты. 
Топырағы да не кебіртік, не майда ұлпа емес, қатқақтау. Ертеңгі күні 
мұнараны шөгере-шөгере еңсесін түсіріп тастамайтындай. Тым бір қиын 
бұру шет те, бықынажай орталық та емес. Жан-жағы ашық. Шаһардағы 
аты шулы мешіт-медреселер мен хан сарайлары да бұл арадан біраз 
жер. Төңірегінде көрүшінің кезі мен көңілін бұрып əкететіндей ештеңе 
жоқ, оңаша. Терістік қапталында Кіші ханымның сарайы ғана бар. О да 
көк мəуеден көрінбейді. 
Не де болса тəуекел деп қазықты сол араға қақты. 
Əр жер-əр жерінен ін қазып, тышқан тесіп тастаған ескі үйік обаның 
төңірегіне жан-жақтан шаңдатып арбалар келе бастады. Жал-жал қызыл 
кірпіштер үйілді. Белуарына дейін тыр жалаңаш шешініп алған тұтқын 
құлдар қара қайыс арқалары қақ төбеден шақырая қараған шілде күнінің 
астында жарқ-жұрқ етіп жер қаза бастады. Темір күректермен бірге олар 
да жер қойнына сіңе түсті. Күннен-күнге қомақтана түскен жал-жал 
топырақ биіктеген сайын терге малшынған қара күрең иықтар кезден бір-
бір ұшып жер астына біржола еніп, жоқ болды. Жаппарда тыным жоқ, 
болашақ мұнара тұратын обалықты біресе ана жағынан қарап, біресе 
мына жағынан қарап шапқылады да жүрді. 
Бір күндері қырық құл жер бетіне қайта шықты, олар қазған шұңқырға 
енді Жаппар түсті. Шыжыған шілде күнінде жер асты қанша рақат 
көрінгенмен бір-екі күн-нен кейін одан да жалықты. Жарыққа, жер 
бетіне құлшынды. Сонау төбеде көк ніл аспан жылтырап жатқан жарық 
дүниеге тез-тез жетіп алмаса, əлдебір тажал күш жер астына байлап 
тастайтындай, жоғарыдан тері зембілге сап жіберіп тұрған қыш 
кірпіштерді асыға қалады. 
Ақыры құлдар қазған құдықты толтырып жердің бетіне шықты. Қара 
жердің қойнынан қақ жарып шығып келе жатқан тас бəйтерекке өткен-
кеткеннің көзі түсе бастады. Сонда балаң шебердің балғын көңілі 
көлденең көздің көп қарағанына бір түрлі масаттанып қалатынды 
шығарды. Осынау ескі обаның басында қыбырлап жүрген қарайған 
адамның ішінде тек бір бұған ғана көз алмай тесіле қарап тұрғандарды 
байқаса болды, бұлшық етін қадала сорып, қалжыратып бара жатқан 
дамылсыз қозғалыс əлгі бір сарын, бір ырғақ пəтуасыздығынан айрылып, 
табан астында айрықша бір мəн тауып сала береді. Ондайда шаршағанын 
да білмей қалады. 
Күн санап сатылап биіктей түскен мұнарамен бірге о да жер бетінен, 
кірпіш тасып, балшық илеп күйбеңдеп жүрген көп құлдан алыстай берді. 
Енді құлдар кірпіш пен тасты мұнараның іш жағындағы саты 
баспалдақтармен зембілдеп таситын болды. Екі кісі зорға айналып 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет