Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library 47
саңқылдап, қай саудагердің дүкеніне кіріп, киімін көрсеткенін, кіммен
балағаттасып, кіммен тəжікелескенін, кімге тіл тигізгенін, шайханада
неше құман шай ішкенін, əскияда кімнің шамына тигенін, кімнің
бөденесіне бəс тіккенін -бəрін-бəрін түк қалдырмай тəптіштеп түгел
айтып береді. Сосын сəлдесін, шапанын, шалбарын, ең соңында көксауыр
кебісін əйелінің қарына бір-бірлеп арта береді, киімге иегіне дейін көміліп,
үйге бұрыла берген əйелін əлденесі ұмыт қалғандай кілт кідіртіп:
- Айтпақшы, көрпең қанша болды? – деп оқыс сауал қояды.
Əйелі көрпенің саны қаншаға жеткенін айтады.
- Той деген болып қалды, байқа... – деп бір сұс көрсетіп қойып,
шақшасынан насыбай ап иіскейді.
Ауланы басына көтеріп, бақырып-шақырып бір түшкіргенде көкірегінің
басына қонақтап тұрған барша зілмен бірге көңіліндегі барша сөз де
сыртқа Тамақтанып алған соң, еркектер бөлмесіне Жаппардың қасына
салынған төсегіне жантаяды да, басы жастыққа тиер-тиместен қорылдап
ала жөнеледі.
Ышқынып-ышқынып барып бір басылып, қайтадан қоздайтын Ахмет
байдын «түнгі хикаясын» тыңдап жатқан жас жігіттің қапелімде ұйқысы
келмейді.
Ұлы Əміршінің Байтақ шаһары тып-тыныш. Кесек дарбазалардың ішіндегі
сықсима оттардың бəрі өшкен.
Жұрттың бəрі ұйқыда. Тек Жаппар ғана ояу. Солай əрі төңбекшіп, бері
төңбекшіп жатады-жатады да, бір уақыттарда қалжырап ұйықтап кетеді.
Кенет бөлменің іші құлаққа ұрған танадай тым-тырыс бола қалады.
Жаппар оқыс тыныштықтан оянып кетеді. Ахмет байдың төсегі бос
жатыр. Аң-таң боп айналаға қарайды. Қарсыдағы əйелдер бөлмесі
есігінің болмашы сықырын естігенде барып, ұйқылы-ояу жымиып қойып,
бір аунап түседі...
Елден ала бөтен Ахмет байдың өзі асығып күткен той да келді. Ауланың
ішіне үш-төрт жерге тай қазан асылып, палау басылды: əлдене жерге
шоқ өртеліп, кəуап пісірілді. Тандырдан от кеткен жоқ...
Аулада – дəм иісі, еркектер бөлмесінде – шарап пен тер иісі, əйелдер
бөлмесінде-миуа мен əтір иісі.
Күні бойы ішу-жеу... Арасында-дутар мен дабыл даусы. Еркектер
бөлмесінде шырқ айнала отырған алқа топтың қақ ортасында
саусақтарын сыртылдатып он бір-он екі жасар бала билейді, қалғандары
дабылдың
ыр-ғағына
қосылып,
тершіген
жүндес
омырауларын
жұдырықтарымен сарт-сарт сабалайды, əйелдер бөлмесінде-буындары
былқылдап қыз билейді, серіктері алақандары ауырғанша аямай қол
соғып қошаметтеп бағады.
Күннің қызылы семе еркектер бөлмесінде тойға арнайы шақырылған қази
қолындағы ішіне күміс сақина салған тостағанға неке суын құйып,
қасына күйеу мен қалыңдықтың куəгерін шақырды. Ақ некенің дұғасы
оқылғасын қази қолындағы судан күйеуге бір ұрттатып, куəгер мен