Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library 75
Күндегі бір тас қалап, бір шай ішім ойланып тұратынын қойды. Жұмысы
өніп барады. Мына қарқынымен енді бір аптада мұнара деген жерінен
шығады. Енді тек оны көрген жанның көзінің жауын алатындай қып
безендіруі керек. Мынау сұп-сұр топырақтың төсіне қонжита қойған
мылқау тас үйікке көк пен жерді астастырып тұратын айырықша
ажар таппақшы. Ол үшін мұнараның ұшын бір деңгейде бір тегіс қып
бітірме-гені жөн, онда мұнара қанша биік болса да, пышақпен
қырыққандай келте боп көрінеді; ал найзаның сүңгісіндей тым сүйірлеп
жіберуге тағы болмайды, шаншып қойған əлденедей о да ерсі. Ендеше
мұнараның ұшы қай жерден қайтатынын байқатпайтындай ғып
ғ
аспанмен
аймаласып жататын көгілдір күмбезден көмкергені дұрыс. Сонда
мұнараның көктен жерге құлап келе жатқаны, не жерден көкке самғап
көтеріліп бара жатқаны көрген көзге жұмбақ боп тұрады. Оған керегі де
сол.
Мұнараның анадайдан айбар шашып айбындап тұрғанын да, не көрген
адам қолтығына қысып кеткісі келгеніндей қып, құр əншейін қуыршак,
болып жұтынып тұрғанын да қаламайды. Көрген жан тамсанып қана
қоймай, тəңірдің əлдебір жұмбағының шешуін табуын тапса да, есіне дəл
анық түсіре алмай, айран-асыр қалып арманда аттанатындай қып
əшекейлегісі келеді. Көз алдына əнеугүні күйменің терезесінен желмен
ойнап бара жатқан желбірек шəйі көлең ете қалды.
Жаппар көктен іздегені жерден табылғандай қуанып кетті. Бұл мұнара
да тап сондай жеп-жеңіл, тап сондай ойнақы болуға тиісті. Мұнараны
керген жан қапелімде əлдебір арудың сонау зеңгір аспандағы ақ
періштелердің біріне ұмсына созған ақ білегі екен, деп қаласың. Тіпті
ертең Əмірші алыс жорығынан қажып оралғанда да, алдынан əлдекім
білегін кəтеріп күтіп тұрғандай көрінсін.
«Дереу дермене іздетіп, қаңбақ өртетіп, ніл бояу жасайтын күл əзірлетуім
керек» – деп түйді шебер.
Мұнараның қалған жерін көп ұзатпай қалап бітіргісі, көңіліне аяк,
астында ұялай қалған арманын жүзеге асыруға тезірек кірісіп кеткісі келді.
Енді кідірсе көз алдында, мынау мөп-мөлдір, тұп-тұнық көк ніл ауаға
ойда жоқта орнай қойған əлгі бір ғажайып суреттен біржола айырылып
қалатындай... Көңіліне сондай күдік оралуы-ақ мұң екен, көз алдына
сайрап тұра қалған əлгі ғажайып суретті əлдебір əзəзілдің оспадар қолы
сыпырып сүрте бастағандай көрініп кетті. Жаппар əлгі таңғажайып
көріністен шынында да айрылғаным ба деп, көз алдына тесіле қарап еді,
көкпеңбек мөлдір ауа ғана көлкіп тұрып алды.
Төменде – сол баяғы хан бағы. Қақ ортадағы ашық алаңқайда жайылысқа
шыққан аппақ қаздардай боп, ма-мырлай басып бір топ əйел жүр. Бұл
олардың қайдан сап ете түскенін қапелімде байқай да алмай қалды. Көк
алаңқайдың құбыла шетінде жылтырап жатқан оңаша айдынға қарай
беттеп келеді. Айдынның екі жағында мұнара секілді биік екі тұғырға ақ
шытыра перде жабылыпты. Айдынның жағасында үюлі қызыл шоғырлар