Ects- 5 курс -1 Құрастырған: п.ғ. к., Нургалиева Д. А. Мамандықтар


(5-дәріс). Жоғары мектеп оқытушысы



бет15/29
Дата06.11.2022
өлшемі199,88 Kb.
#47789
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Байланысты:
ЖМП дәрістер конспект Н.Д.А. 2022-23

1.5 (5-дәріс). Жоғары мектеп оқытушысы.
Жоспары:
1. Жоғары мектептегі педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық негіздері.
2. Жоғары мектеп оқытушысына қойылатын талаптар.
3. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі компоненттері.
4. Оқытушы іс-әрекетінің логикасы. Жоғары мектеп жағдайында кәсіби педагогикалық іс-әрекетке дайындығы.
5. Кәсіби құзыреттілік құрылымы. Құзыреттіліктің қалыптасу деңгейі.

Оқытушының кәсіби педагогикалық іс-әрекет саласы:


- жоғары оқу орны;
- колледж және басқа білім беру ұйымдары;
- оқытудың әртүрлі аспектілерімен байланысты іс-әрекет ұйымдары, кәсіпорын болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық әдебиетте «педагогикалық қызметке даярлық» («ұстаздың кәсіби дайындығы») біржақты қарастырылмайды. Н.Н.Никитина және Н.В.Кислинская ұстаздардың кәсіби даярлығының екі түрін ерекше атап көрсетеді: теориялық даярлығы, яғни жалпы мәдени, ғылыми, арнайы, психологиялық, педагогикалық білім жүйелерін тиесілі меңгеру; тәжірибелік даярлығы, яғни іскерлігі мен қабілеті мамандық сипаттамасындағы талаптарға сай болуы.
Д.Н.Узнадзе бұл түсінікті субъектінің қандайда бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайда болған психологиялық күйі ретінде қарастырады. Оның айтуы бойынша «...даярлық – бұл субъекттің барлық мінез-құлықтық белсенділігінде анықталатын міндеттің белгісі болып табылады».
М.И.Дьяченко, Л.А.Кандыбович іс-әрекет кезінде адамның тұрақталған жеке ерекшелігі ғана емес, (сендіру, көзқарастары, мінездің ерекшеліктері және т.б.), сонымен бірге осы қызметтің түріне байланысты жағдаятқа сәйкес психологиялық күйі де көрінеді деп нақтылайды. Ғалымдардың айтуынша, кәсіби қызметке даярлық - жеке тұлғаның белгілі бір уақыт аралығында сапалы қызмет атқару мүмкіншілігіне себепші икемділігі, соған сәйкесті санасының сипаты, мінез-құлқы.
Н.Д.Хмель зерттеулерінде ұстаздың қызметке даярлығын уәждік, жеке-даралық, мазмұнды және үдерісті компоненттердің жиынтығы ретінде қарастырады.
Л.В. Занина, Н.П.Меньшикова тұлғаның кәсіби даярлығына былай сипаттама береді: «Өзінің еңбек және кәсіби жолын таңдауға даярлығы, өзінің қызығушылықтарын, жеке тұлғалық, жеке дара психологиялық ерекшеліктерін түсінуі».
В.А.Сластенин педагогикалық қызметке кәсіби даярлықты «ұстазға бір жағынан - психологиялық, психофизиологиялық және физиологиялық даярлығына, ал екінші жағынан – ғылыми-теориялық және тәжірибелік даярлығына қойылатын талаптар жиынтығы» ретінде анықтайды.
Жоғары оқу орны оқытушысы педагог болғандықтан осы аталған қызметтердің барлығы оған да тиесілі болғанымен, ол - әсіресе ғылыми ақиқатты іздеуші, ғалым-зерттеуші және болашақ маманды дайындаушы. Оқытушы жалпы білім беретін әр түрлі типтердегі мектептерде білім алушылармен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыратын маман; дүниеге ғылыми дидактикалық-материалистік көзқарасты, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық даярлықты, жоғары адамгершілік сапасын, қоғамдық белсенділікті, білім алушыға және мамандыққа деген сүйіспеншілікті, дербес білім алу мен өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын, қажеттілігін игерген біздің заманымыздың алдыңғы қатарлы мүшесі. Жоғары мектеп оқытушысы — арнайы даярлығы бар және педагогикалык ic-әрекетпен айналысатын кәсіпкер адам. Оқытушының педагогикалық мәдениеті - интеллектуалдық, рухани, шығармашылық педагогикалық қабілеттердің, тұлғалық қасиет-сапалардың жиынтығы, қалыптасқан педагогикалық іс-әрекет стилі, жалпы және өзіндік педагогикалық-психологиялық білімі, жағымды тәжірибесі, т.б.
Педагогикалық мәдениеттің құрылымы: Педагогикалық шеберлік Психологиялық-педагогикалық эрудиция Педагогикалық техника Кәсіби-педагогикалық сапалар: педагогикалық байқағыштық; педагогикалық талап; педагогикалық такт; т.б. Кәсіби-этикалық мәдениет. Оқытушының маңызды қызметі - оқыту, білім беру, тәрбиелеу, тәрбиелеу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптасыру.

Тәлімгер Оқытушы

Педагогикалық еңбекті ұйымдастыру мәдениеті: педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті; мінез-құлық мәдениеті; педагогикалық сезім мәдениеті; танымдық мәдениеті; педагогикалық ойлау мәдениеті; сөз сөйлеу мәдениеті (ритор-шешен)


Педагогикалық мораль – мұғалім тәртібіне, мінез-құлқына, өзін-өзі ұстау, қарым-қатынас жасау мәдениетіне қойылатын белгілі бip талап-тілектердің, қағида мен ережелердің, қалыптық, мазмұндық ой-тұжырымдардың жүйесі, жиынтығы.
Педагогикалык стиль – мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде қалыптасқан педагогикалық шеберлікке тән сипат.
Педагогикалық шеберлік - балаларды сүйетін, жүрек қалауымен әpбіp педагогтың қол жетерлік тәрбие мен оқытуда тұрақты жетілдіріп отырылатын өнер.
Педагогикалық әдеп – мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік белгісі. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі, ең алдымен ,оның педагогтік әдебінде. Педагогтың әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау деген сияқты қасиеттерімен өлшенеді.
Жоғары мектеп оқытушысына қойылатын талаптар:

  1. Мамандығы бойынша негізгі дайындығы болуы;

  2. Адамдардың адамдарға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларды бiлyі;

  3. Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып, жаңа
    білім алу, өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі;

  4. Компьютерлік техниканы меңгеруі;

  5. Ғылыми, іскерлік, қоғамдық, саяси және тұрмыстық тілдер ауқымында мемлекеттік және шетел тілдерінде сөйлесе білуі.

Жоғары мектептегі оқыту үрдісі студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, олардың дербес зерттеуші қызметіне жақындай түсуіне ықпал етеді. Әр уақытта педагогикалық қызмет пен ғылымды бip-бipiмен ұштастыра жүргізудің маңызы зор. Сол себепті біздің қоғам жоғары мектептердің ғылым мен мәдениетті дамытудағы ролін арттыруды басты мақсат етіп отыр. Оқытушының аудитория алдындағы сөйлеу кезіндегі ең бастысы - тіл заңдылықтарын сақтау мен сөйлеу техникасын меңгеру. Ғылыми айналымда сөйлеу мәдениеттілігін анықтайтын сөз сапаларының 23 түрі айқындалған, олар: сөздің дұрыстығы, тазалығы, байлығы, дәлдігі, қисындығы, мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі, жүйелілігі, мағыналылығы, байланыстылығы, айқындылығы, жандылығы, тартымдылығы, айғақтылығы, ғылымилылығы, идеялылығы, ықпалдылығы, сенімділігі, тұтастығы. Құзіретті педагог құзіреттіліктің үш тобын қалыптастыра алуы тиіс: Әдіснамалық (психология, педагогика). Жалпы мәдениетті (дүниетанымдық ). Пәндік-бағдарлық. Тұлғалық және кәсіптік “МЕН” тұжырымдамасы, іс-әрекет, тәрбиеленушінің бірлігі. «Кәсіби құзіреттілік» ұғымы ең бірінші жеке тұлғаның кәсіби білімінің деңгейімен, жеке қабілеттерімен, өзін-өзі жетілдіру және үздіксіз іскерлігімен, өз ісіне деген шығармашылығымен, жауапкершілігімен, теориялық білімдерін практикада тиімді қолдана алуымен анықталады.
ХІХ ғ.аяғында П.Ф.Каптерев педагогикалық іс-әрекеттің жетістікке жету факторы ретінде педагогтың «жеке тұлғалық қасиеттерін» атап көрсеткен. Олар педагогтың бойында міндетті түрде болуға тиіс қасиеттер: мақсатқа жетуге ұмтылушылық, табандылық, еңбекқорлық, қарапайымдылық, байқағыштық, ақылдылықтың, шешендіктің, артистизмнің қажеттілігі. Педагог үшін эмпатияға, демек білім алушының психикалық күйін түсіне білуге даярлық пен әлеуметтік өзара қарым- қатынасқа деген қажеттілік те ерекше маңызды орында. Педагогикалық іс- әрекетте жоғары кәсіби шеберлік пен педагогтың мәдениеттілігі көрінетін педагогикалық такт пен ғылыми ізденістің де мәні зор деп көрсеткен.
А.К.Маркова кәсіби сапаларға келесі сапаларды жатқызады: педагогикалық эрудиция (білімдарлық); ғылым салаларын терең меңгеру; педагогикалық мақсат қоя білушілік; педагогикалық (практикалық және диагностикалық) ойлау; педагогикалық интуиция (сезімталдық); педагогикалық импровизация (суырып салмалық, жанынан жедел шығару, шешім қабылдау); педагогикалық байқағыштық; педагогикалық көрегендік. Ғалым ойынша, педагогтың жеке тұлғалық сипаттамасында ең басты орында мұғалімнің педагогикалық мамандықтың моделін, нормасын, ережелерін сезінуінен, кәсіби кредоның қалыптасуынан, мұғалім еңбегінің концепциясынан; кейбір кәсіби эталонға өзін енгізуден, кәсіби референтті адамдардың берген бағасынан және өзін-өзі бағалаудан тұратын кәсіби педагогикалық өзіндік сана.
Л.М.Митина кәсіби сапаларға: әдептілікті, сыпайылықты, сезімталдықты, тәрбиелілікті, зейінділікті, ізденімпаздықты, шыдамдылықты, адамгершілікті, іскерлікті, тәртіптілікті, белсенділікті, саяси сауаттылықты, сыншылдықты, патриоттықты, болжағыштықты, өзбеттілікті, принципшілдікті, батырлықты, кешірімшілдікті, кішіпейілдікті, балаға деген сүйіспеншілікті жатқызған.
М.М.Мұқанов педагог мамандығына лайықты сапалар қатарына: педагогтың идеялық сенімін, қабілетін, ұстамдылығын, әділеттілігі мен абыройын жатқызған. Осылардың ең ортасы, өзегі, яғни жеке тұлға сапасының ядросы – оның бағыттылығы, бейімделушілігі, өзін-өзі бағалауы, «Мен» бейнесі» - деп ойын тұжырымдаған. Сонымен, педагог тұлғасының арнайы қасиеттері мен сапалары: Әрекетшілдік сапа (жауапкершілік, ар-намысшылдық, еңбексүйгіштік, нақтылық); Рефлексивті сапа ( ұқыптылық, тиянақтылық, білімпаздық); Коммуникативтілік сапа (шыншылдық, сенімділік, ұстамдылық, талап қоя білушілік); Эмпатиялық сапа (өзара түсіністік, қайырымдылық, қайғыға ортақтаса білуге қабілеттілік);
Педагогтың адамгершілік қасиеттері: (дәлелдей білушілік, ұстанымдылық, патриотизм, ұжымшылдық, тәртіпшілдік, мәдениеттілік). Педагогтың кәсіптік-этикалық іс-әрекеті тұлғаны ерекше өмір сүру салтымен, мақсаттылығымен, арнайы қарым-қатынас жүйесін, адамдарды оқыту мен тәрбиелеу саласындағы пікірлерін, жетістіктерін үнемі жетілдіріп отыруға ұмтылысымен сипатталады. Ал, педагогикалық қабілеттер - педагогтың педагогикалық іс-әрекетте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететін даралық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы.
Педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі өзін-өзі дамытудың көрсеткіштері мен белгілері:
Мамандық құралдары арқылы өзін-өзі дамытуды көздейтін дербестік: тұлғаның өз біліктілік деңгейін, кәсіби білімділік дәрежесін, кәсіби ынтасы мен өз іс-әрекетіне қанағаттанушылық деңгейін бағалай алу қабілеті; өз жұмысын орынды жоспарлау мен ұйымдастыру, өзін-өзі реттеп отыру қабілеті, ұжымда жұмыс істеудегі ұйымдастырушылық және коммуникативтік қабілеттері; өз бетімен мамандығына сәйкес білім, білік және дағдыларды меңгеру, кәсіби маңызды сапалар мен қабілеттерді тереңдету және кеңейту, кәсіби жаңаруға деген тұрақты дайындық.
Кәсіби бағдарланған ойлау, нақты білім беру саласындағы мәселелерді шешуде қабылданған тәсілдерді қолдана білу, кәсіби әрекет стратегиялары мен әдістерін өңдеу: орынды-қисынды ойлау (кәсіби іс-әрекет ережелері мен заңдылықтарын айқындау қабілеті, жалпы және кәсіби мәдениет аясында өзіндік дамуды жүйелі талдау мен болжау, тұтас көзқарас); кәсіби-жады (қисынды және пайымдық байланыстарды орнату, белсенді ойша өңдеу қызметімен қатар, маңызды ақпарат сақтау қызметін атқаратын есте сақтау қабілеттерін дамыту); ауызекі қабілеттер (кәсіби таңбалық түсіну, эрудиция, кәсіби сөздік қоры, тілдесу қабілеті). Кәсіби педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық қарым-қатынас, еңбектегі инновациялық қабілет, жеке шығармашылық еңбек есебінен тәжірибені байыту: шығармашылық пайымдау; үлгілік кәсіби жады; актерлік өнер (тілдік импровизация, бойлау өнері, тұлғаралық тілдесудегі сөздік қоры). Олай болса, педагогикалық іс-әрекет – аға ұрпақтың жас ұрпаққа адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені беруіне бағытталған, олардың тұлғалық дамуына жағдай жасап, қоғамда белгілі бір әлеуметтік рөлдерді орындауға дайындайтын әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі, ал кәсіби іс- әрекет-кәсіптік мақсатқа бағытталған әлеуметтік іс-әрекеттің бір түрі. Педагогтың негізгі әрекеті - кәсіби-педагогикалық іс-әрекеті болып табылады. Педагог қызметі: ұйымдастырушылық, коммуникативтілік, креативтілік, диагностикалық, болжау, зерттеу, шығармашылық, инновациялық. Осы мұғалімнің қызметтері кәсіби-педагогикалық іс-әрекет болып табылады. Кәсіби педагогикалық іс-әрекетте педагогикалық қарым- қатынас жүзеге асады.
И.Ф.Харламов педагогтың жұмысында бір-бірімен тығыз байланысқан іс-әрекеттің мынадай түрлерін көрсеткен:
А) Диагностикалық іс-әрекет – білім алушыларды зерттеумен және олардың даму мен тәрбиелік деңгейлерін белгілеумен байланысты. Ол үшін оқытушы бақылай алуы және диагностикалық әдістерді меңгеруі тиіс.
Б) Бағдарлық-болжамдық іс-әрекет нақты мүмкіндіктерді ескере отырып педагогикалық процестің мақсат, міндеттерін қою, соңғы нәтижені болжау.
В) Конструктивті-жобалық іс-әрекет оқу-тәрбие жұмысын жобалау, білім алушылардың танымдық қабілетіне сәйкес мазмұнды таңдау, оны түсінікті әрі қызықты түрде жеткізе білу іскерлігінен тұрады. Бұл іс-әрекет түрі оқытушының шығармашылық қиялымен байланысты.
Г) Ұйымдастырушылық іс-әрекет оқытушының білім алушыларға әсер ету, соңына ерте білу, белгілі іс-әрекет түріне жұмылдыру іскерлігінен тұрады.
Д) Ақпараттық іс-әрекет көбінекей оқытушының әлеуметтік қызметі іске асырылады: бізге дейінгі ұрпақтар жинақтаған тәжірибелерді өскелең ұрпаққа тасымалдау. Осы іс-әрекет барысында білім алушылардың бойында білім, дүниеге көзқарас және адамгершілік-эстетикалық идеялар қалыптасады. Бұл жағдайда оқытушы мәліметті тасымалдаушы ғана емес, білім алушылардың сенімін қалыптастырушы да.
Е) Коммуникативтік-ынталандырушылық іс-әрекет мазмұны оқытушының білім алушылармен қарым-қатынас орната алуында, олармен түсінісе білуінде.
Ж) Аналитикалық-бағалаушылық іс-әрекет кері байланыстан, яғни педагогикалық процестің тиімділігі мен қойылған мақсатқа жетуді дәлелдеуден тұрады. Бұл әрекет педагогикалық процеске түзету енгізу мүмкіндігіне әкеледі.
З) Зерттеушілік-шығармашылық іс-әрекет педагогикалық еңбектің шығармашылық сипатымен анықталады. Бұл іс-әрекетті нәтижелі жүзеге асыру үшін оқытушы педагогикалық зерттеу әдістерін меңгеруі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет