33
Әдеби KZ
Бұл күнде өлетінім сол қайғыдан,
Қамардың халін ойлап жаным ашып.
Қош енді, бірге жүрген, құрдасым-ай!
Тар жерде талай жолдас, сырласым-ай!
Енді мені көрмессің, разы бол,
Ғарасат майданының күні ашылмай".
Тағы Қамар достының Жорға Нұрым секілді "сүйкімді жануарға"
кез келіп зорлауына
қарсы, бұрынғы қазақ қалпынша "жар-жар" орнына "зар-зар"
айтып қалдырған хаты
мынау еді: (Бұрын да сол елде күйеу мен қалыңдығының қалпына қарап "жар-жарды"
Ахметке шығартып алып айтушы еді).
"Жар-жар" орнына "зар-зар".
Кетпес қына таулардың тасында дүр зар-зар,
Кетпес қайғы Қамардың басында дүр зар-зар.
Нұрым ақсақ жорғалап қасында дүр зар-зар,
Алжымаса, кәрі емес, дәл елу-ақ жасында дүр зар-зар.
Қошемет, мақтау Нұрымның сөзінде дүр зар-зар!
Қарт бураның форымы өзінде дүр зар-зар!
Ащы қайғы, қанды жас, тыңдаса оны жібір тас,
Сорлы болған Қамардың көзінде дүр зар-зар.