Әдеби KZ
Бақсы:
-
Шыға ғой, жалынатын не бар? Мұны да бірдеңе ерегістіріп тұр.
Дәдесін қолына
берейін!- деп жүгіріп келіп, дырау қамшымен Ахметті ал кеп сойды,
бір нәрсені көрген
кісідей екіленіп-екіленіп, тіпті араша беруді қойды. Отырған кісілер арасына түсіп,
арашашы
болса да итеріп-итеріп тастап, қайтадан Ахметке ұмтылды. Апырым-ай! Жан
дәрмен Ахметтің неғып қолы тиіп қалғанын білмеймін:
-
Бүйтіп аяған жанның...- деп салды пышақты бақсыға,
жығылған жерде теуіп-теуіп
тастап ұмтылды Нұрымға. Қолының ұшы тиер-тиместе-ақ оны да қызыл ала қан қылды.
Әйтеуір ортаға кісілер түсіп, тез қашып үлгергендіктен ғана өлмей қалды. "Өз бетін
аямаған кісі бетін шиедей қылады" деп, қане жалғыз адам ұстап қолына Ахметті түсіре
алсыншы! Көбінің-ақ бетін шиедей қылды. Ұстамақ тұрсын
ешкім маңайына да баспай
алды-алдына қашты. Ақыр жан тәтті. Сонда да оңай ма? "Ер екеніңді білейін, ер
өлтіріп
байқашы!" деген ғой, жүректің
қызуы қанның қайнауы, жанның күюі, ызаның тасуы
шыдатпай Ахмет мынадай іс істеп салды. Істерін істесе де қайтерін білмей, құр айналақтап
үйдің ішіне жүгіре беруден басқаны білмеді.
Әбден есі шығып кеткендігі ғой, солай
сандалып жүргенде, жиылып келіп қалған кісілерді көріп:
-
Қарағым, Қамар, міне, сенің үшін жаным,
қасықтай қаным, қош!- деп жүгіріп
есіктен шыға берген кезде, алдынан қатарымен екі сойыл тиіп, Ахмет бұл дүниенің залым
тұрмысынан ақыреттің әділ тұрмысына қарай арманда көшіп жүре берді. Жұма күні екінді
уақыт еді.
1914