69
Әдеби KZ
Я ғалиял - зүлпуқар!.. һу-һу-һу... леп,
алды кетті, алды кетті. Ишекеңдер екі-үш сағаттай
құтырған өгізше өкіріп болған соң күндегі қалыпша ақ майға лықсиысып, тағы бірсыпыра
ауыздарын қисаңдатып, табиқ алып отырған болып ұйықтады. Ертеңінде бір мүриді
ұйқыдан тұрысымен, Нұрымның көзінше ишекеңе қарап:
-
Апырым-ай! Дертінің иесі күшті екен: қасына жатқан менімен алысып,
мынау
көзіме түнде қара кездігін тығып алғанын көрдіңіз бе? Әйтеуір сіз арашаламағанда,- деп,
күбілжітіп қойды. Ишекең тамағын кенеп, көзін алайтыңқырап қойып:
-
Иә, түндегі ме? Ол маған неше күндей келіп бата алмай жүр еді, ешкімге әзір
ауыздан шығармасқа керек. Соңғы екеуінің атын аңғара алмай калдым,
бастапқы
үлкендерінің аты: Әмина, Сәлима, Халима ма еді?- деді де, боқшасын ақтарып қағаз алып
жаза бастады. Қағазға қамыс қаламмен баттитып тез Әмина, Сәлима, Халима деп жазды
да, "күйдірейік бәтшағар дұспандарды" деп отқа жандырды. Нұрым енді аурудың иесі
күйді, жазылады деп нанып, қуанышы қойнына сыймауда еді. Өстіп жеті күндей шатпаған
шатақ қоймай, пәрменінше көңілденіп-ақ қараған болды. Қамарды үш-төрт жігітке
ұстатып қойып, шапқымен төбесін тесті. Өзінің күн бұрын шаш, тырнақ, жібек, тағы түрлі
нәрселерден істеп даярлап қойған түйіндерін қанға бояп, әлгі тесіктің ішінен:
-
Оқуменен бойындағы дуасын шығардым,
енді жазылады, мінеки!- деп алып,
жұртқа көрсетті. Бұған халықтың нанғандығы сонша:
-
Бейшараны құдай ал, құлым, - деді ғой,- десіп шу ете түсті. Бірақ Қамар күн асқан
сайын кері кетіп, нашарланып барады; онда жұмыстары да жоқ:
Қожекең қарағалы өңі тәуір, пәлен-түген...- деп, Нұрымның ыңғайына қарай сөйлеушілер
көп еді. Солай біраз шатып-бұтып шаршаған соң, ишекең жарықтықтар қайтуға
қамданысты. Тап жүрерінде Нұрымға қарап:
-
Әйтеуір
сіздің шақырып, біздің келгенімізге қарай, бабаның кәрі әруақтары жар
болып, садағаң кетейіндер,
басындағы дуасы алынып, ең күшті науқасының беті қайтты
ғой, енді қызылды-жасылды анда-санда есін аударыңқырап тұратын үйреншіктілеу
бірдеңесі бар, о да біраз әлсіреді. Мұнан былай бірте-бірте тәуір бола бастар. Ақыр