Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет42/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Сұлтанмахмұт Торайғыров Қамар сұлу

Әдеби KZ 
Жан қысылған кезінде, 
Қолға алайын, әруақ-ау! 
Қара қасқа ат бек мініп, 
Жал-құйрығын шорт түйіп, 
Бурадайын түксиіп, 
Қарт қабандай бүкшиіп, 
Көк кептер, менің жолдасым 
Көз жасымды исейші! 
Ап жыланды қолға алып 
Айдаһарды соңға алып, 
Ақ борандай долданып, 
Қара бүркіт қарағым, 
Түйіліп келіп тисейші! 
Ақ боз ат мініп жарысқан 
Ауыздықпен алысқан, 
Жоғымды іздеп табысқан, 
Дұшпаныммен шабысқан, 
Ай астында алты аруақ! 
Сауыт-сайман асынған, 
Нас адамды басынған, 


74 
Әдеби KZ 
Омырауы ашылған, 
Аузынан көбік шашылған, 
Жер астында жеті әруақ. 
Қара Шотай, бабам-ау! 
Медеткер бол балаңа-ау! 
Иектен сүйеп жіберсең, 
Қалай да жол табам-ау! 
Осы үйде бар бір құла ат, 
Екі жылдай құр құла ат
Тағы да бар көк өгіз, 
Осында бар көп өгіз. 
Бар да көзін тез жоғалт, 
Кесел болып тұр бұл ат. 
Бесеуін зорға өлтірдім, 
Ең үлкенін келтірдім: 
Бұған шамам келмеді, 
Не қылсам да өлмеді, 
Садақаменен болмаса, 
Ауыртпалық соған түсіп тұр, 
Құр айтқанға көнбеді...- 


75 
Әдеби KZ 
Жалған айтты демеңіз. 
деп бақсы талықсыған болып, қиқалаңдап жығыла кетті. 

Ой, аруағыңа болайын,- деп бақсының қатты-қатты күрілдегеніне разы болып 
отырған жұрт: 

Уай, сабазың! Енді қайтсін-ай...- деп бақсыға су бүркісіп, әрқайсысы өз білетін 
құлһуалларын оқысып, біраз дем салысты. Аузын қылжалаңдатып ішінен әлденеменені 
күбірлеген болып, жыбырлап сұлқ жатқан бақсы: "Ой, алла-ай, ұйықтап кеткен екенмін" 
деп жарты сағаттан соң, біреумен алысқан кісіге ұқсап, екі иығынан дем алып түрегелді. 
Және бақсының "дәретсіз кісілерді шалып кетеді, мұныкі керемет күшті һәм үйірлі жын" 
деп, жұртты қорқытып, су жүрек қылып қойғандығы сонша: қашан кеш болды жарықсыз, 
серіксіз, қандай әулиемін деп жүрген болса да далаға шыға алмады. Түсінде ме, өңінде ме 
әйтеуір, елегізіп, о жер, бұ жерден сары ит пе, қара ит пе керек, топтанған қыз-келіншек, 
пәлен-түген көрдім деушілер де көбейіп кетті. Әйтеуір сол ауылдың кісілерінің көздеріне 
ажал көрініп тұрғандай-ақ тәубе-таупыққа бір келтірді. Бет алды үрейленіп, көзіне әлде 
нәрселер көрініп, кірпігін ілмей шығушылар да аз емес. Тіпті өмірінде басы сәждеге тиіп 
көрмегендердің өзі дәретсіз, біссімілләсіз жүрмей, қалтырауық сопы болып алды. Кеш 
болса 
жүректері 
ауыздарына 
шығып, 
лүпілдеп, 
ауыздарында: 
"біссіміллә, 
біссіміллә...лахаулы уала қуатен..." жан-жағынан оқынып жүруші еді. Бақсы жұрт нанған 
сайын құтырып, күнде-күнде: "Мен бүгін пәленмен алысып шықтым, түгенмен жұлысып 
ұйықтамадым",- деп, қиюы түпсіз өтіріктерді ағызып, құр зәрелерін ала беруді білді. 
Бақсының әлгі ауыртпалық түсті деген малдарынан тезінен садақа қылып құтылысты. 
Көбін еңбек иесі - бақсының өзіне қойды. 

Бейшараның бақыты бар екен: Ахметке барса, несін беріп қаратар еді, 
барлығыңыздан білінбей жатыр ғой,- деп, Нұрымды онан сайын қаудитып қоюшылар да 
аз емес еді. Осы қалыпта бақсы үш күндей қараған соң, міне, бүгін зиярат айналдырып, 
көшірмекші күні, зиярат ауылдан екі шақырым жол үстінде. Қасында он шақты құдай 
ұрғандар бар, бастығы Нұрым Қамарды түндікке орап алып, әруақ-құдайға жалбарынып, 


76 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет