Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет41/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47
Байланысты:
Сұлтанмахмұт Торайғыров Қамар сұлу

Әдеби KZ 
ойнайын десе, ойнамақ тұрсын маңайына жақын барса да, ұядағы балапандай шырылдап 
міз бақтырмады. Ойбайдан ойбай салды. Бақсы: 

Әне, құдай берді!- Ол дертінің алдымнан қорқып, именейін дегені. Иншалла, 
жазылайын деп тұр. Ауру - құдай ісі, айыбы бар ма? Жамандығынан болған жоқ қой. 
Мұны ортадағы подвалға винт қағып, мойынан байлап және екі қолын артына жұмсақ 
орамалмен таңып қоярға керек,- деді. Отырған жұрт: "құп, құп" деп, бас салып айтқанның 
бәрін қылды. Сонан бақсы білеудей сегіз қырлы сарбас қамшыменен өзін-өзі ұрып, 
бүлініп кеп: "аруақ! аруақ!" деп жындарын шақырып, көзін алақтатып, тілін салақтатып, 
шыр айнала, бір олай, бір бұлай зырылдап жүгіріп, ал кеп ұрмасын ба? 
Қамар сорлы мүсәпірсіп, шырылдаған дыбыспен: 

Әй, ағатайлар! Дүние, ақыретте көк есегің болайын! 
Мынадай қорлықты көрсеткенше, жанымды қинамай біржолата өлтіріңдер, құным 
сұраусыз болсын. Болмаса қолымды босатыңыз, өзім өлейін!..- деп, мұсылман адамның 
сай-сүйегі сырқырағандай зарлап кеп жалынып еді, оны қазақ қайдан қабылдасын? 

Апырым-ай! Мына бақсыға ерегісуін қарашы! Ишанды да шыбын құрлы көрген жоқ 
еді. Құдай бірдеңе берер, үндеме,- десіп, онан жаман қымтып былай түсті. 
Қамар осындай жазықсыз қиналуга ызаланып, тым болмаса, өлуге де босана алмай 
тарыққан соң, аузына не келсе соны сөйледі. Бақсекең онан сайын бұрқырап бірдеңені 
көріп тұрған кісі секілденіп: 
"Ақ боз атты қасында, 
Әуей көгі басында, 
Анау кірді миыңа, 
Жүректегі жиынға; 


72 
Әдеби KZ 
Аруақ жәрдем бермесе, 
Істің түбі барады 
Шама келмей қиынға..." 
деп, Қамардың үстіне төніп, дырау қамшысыменен басқа, көзге бет алды төпелей 
бастады, Қамар сорлының құлындағы даусы құраққа шықса да: "Бейшара-ау, дертіне 
шипа берсін, саған кім болса да қастық қылып отырған жоқ қой" деуден басқа бақсыға 
қой деуші кісі жоқ еді. Себебі: күн бұрын бақсы ұқтырып қойған: таяқ дертінің иесіне 
тиеді, тіпті басын отқа тықса да зиян жоқ, қайта жыны күйеді деп. Қамар қанша жалынса 
да мейірім қылар жұртының сиқы мынау болды; өз бетімен өлуге де қолын босатпай 
қойды. Қашан шығып кеткенше ыстық жан шіркін шыдата ма, тұщы етіне ащы таяқ өтіп 
шыдатпай бара жатқан соң, Қамар бақсыны ағатайлай бастады ("Қасқырдан қайрат кетсе, 
ешкіні апа қылады" деген сол) және көп кісі жиылған ыстық үйдің сасық ауасы ауру Қамар 
тұрсын, сау кісіні булықтырып өлтіріп барады. Міне, Қамардың таяқ өтіп жалынғандығына 
үйдегі өңкей мисыз өгіздер: 

Әйда-ай! Құдай берді! Қамар жазылды! Дерттің иесін біздің бақсының жыны 
жеңді,- деп мәз-мәйрам болысты. 
Бақсы да енді сабауын қойып: 

Ә, солай ма? Ә, сүйтуші еді ғой, баяғыда...- деп, біраз күліңкіреген болып, тағы 
екіленіп бұрқырай бастады. Бұрқырап, қырқырап, тәлтіректеп, есін білмеген кісі болып 
жүріп, ақыра жұлынып мынаны айтты: 
Айналайын, әруақ-ау! 
Толғанайын, әруақ-ау! 


73 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет