Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет142/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
* * * 
Василий пеш үстіне шығады да, мені шақырады. Пеш үсті ысып тұр. Мен әкелген көрпе 
көлдей, әрі түйе жүні салынған еді. Василий, мен келгенше, кеудешесін киіп, жұқа без 
көрпе жамылады екен. 
— Ал, кәне, — деді ол. — Сенің көрпеңді төсеніп, менің көрпемді жамыламыз ба? 
Ысып кетеміз ғой. 
Екеуміз келісе кеттік. 
Пеш үстінде жатып көрмегендіктен бе немесе жаңа ортаға үйрене алмай жатырмын ба, 
әлде ертең көретін мұғалімнің алдында қалай боларын ойлаймын ба, әйтеуір дөңбекшіп 
ұйықтай алмадым. Василий болса рахаттанып ұйқыға кеткен. Денем күйіп кеткен соң 
көрпені теуіп тастадым. Көзім ілінер емес. «Мен мына жерде ыстықтан буынып 
жатқанымда, ауылдағылар үй ішінде қалтырап, қабат-қабат көрпе жамылып жатыр-ау» 
деп ойлаймын. Бір ой мен бір ой сапырылысып, әбден қалжырағанда қалғып кетіппін. 
Таңертең Василий мені тартқылап жүріп әрең оятты.— Бауыржан, тұр-тұр. Мектепке 
барамыз. Мен ұйқылы-ояу әлденені айтып, Василийді итеріп жіберіппін. Әбден болмаған 
соң Василий аяғымнан сүйретіп еденге түсіргенде ояныппын. Ұйқымды аша алмай, сонда 
да жата берсем керек, Санька сөйледі: 
— Сілкілесеңші оны. Көзін аша алмай жатқанын көрмеймісің. Мына «қырғыздың» 
ұйқысының қаттысы-ай, — деп қарқ-қарқ күледі. — Өз үйінің төрінде жатқандай 
жайбарақат қой өзі. Дамбалын сыпырсаң тұратын шығар, бәлкім. 
— Мама, мынаны қарашы, — деді Василий шешесіне, — Санька ұйықтап қалған балаға 
күледі. 
— Не десең ол де, Василий. Мұғалім екеуің босқа әуреленесіңдер. Қалай оқытсаңдар да 
мынауың баяғы «қырғыз» күйінде қалады. 


234 
Әдеби KZ 
Осынау тілі қыршаңқы әйелдің ұлы сөзінің мәнін кейін түсіндім. Мен тұрып киінгенде де, 
Василий мен кемпір екеуін қағытып, Санька келіні әлі тиісіп жүр екен. Тіпті болмаған соң 
кемпір келініне кейін ұрысты. Сонан соң ол Василий екеумізді тамақтандырып, сөмкемізге 
бір-бірден созба нан салды. Василийді бұрышқа ертіп апарып шоқындырды да, 
маңдайынан сүйді. Менің қасыма келіп: 
—Ал, Баурбуржан, енді сен мұсылман болсаң да, құдай тілеуіңді берсін деймін, — деп 
басымнан сипады. — Якши, жақсы оқы. Ал сен, Василь, бұған бас-көз боп жүр. Байқа 
ауылдың тентектері тиісіп жүрмесін... 
Василий екеуміз мектепке қарай жүгірдік. Тысқа шықсақ, әр үйден кітап ұстаған балалар 
өріп келеді екен. Бізге келіп қосылған соң, бәрі мені түртпектей бастады. 
— Бұл, қай «қырғыз», Василь? 
— Бұл — біздің танысымыз Момыштың баласы, енді бізбен бірге оқитын болады, — деді 
Василий. 
— Өзі орысша біле ме? 
— Аздап біледі. Үйреніп кетеді ғой. 
— Әліппені біле ме, жоқ па? 
— Оны аздап біледі. 
— Жазуын қайтеді? 
— Өзің қалай үйреніп ең? — деп дүрсе қоя берді Василий. 
— Сен сияқты бұл да үйренеді. 
— Өзі қайда тұрмақ? 
— Біздің үйде, менімен бірге тұрады, — деді Василий. 


235 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет