Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет43/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
— Момыш! Үйдемісің? 
Әлдекімнің қырылдақтау үнін естігенде, әкем орнынан ұшып тұрып, сыртқа ұмтылды. — 
Ассалаумағалейкүм. 
— Уағалейкүм салам. 
— Үйге кіріңіз, Дәуке... 
Әлгі қалтырақ үннің қарт кісінің даусы екенін енді білдім.Дәуренбай ақсақал төрге 
жайғасып, бүкіл омырауын қаптаған, (жас кезінде ол кісіні жеңгелері «қабасақал» дейді 
екен)аппақ сақалын сипады. Дәуренбай атамның әдеттегідей өзгешелеу толғанып 
отырғанын сезді ме, әкем мені сыртқа жұмсады. 
— Әй, сен бара бер... 
— Отыра берсін. Ешқандай оңашалайтын ағат сөз жоқ, — деді Дәуренбай атам. 
Дәуренбай Бабастың үлкен баласы екен. Өз бетімен ауыл қыдырмайтын, шақырмаса 
бармайтын ерекше сыпайы кісі десетін. Сол кезде жетпістен асқан шағы болар, шамасы. 
— Ал, Дәуке, екі құлағым сізде, — деді әкем аздан соң. 
— Сенер-сенбесімді білмей отырмын, Момыш. 
— Неге? Не боп қалды, Дәуке? 
— Өлген тірілді дегенге сенесің бе? — деп үлкен қой көзімен әкеме тік қарады. 
— Сен десеңіз, сенейін, Дәуке, — деп әкем жымиды. — Жұмбақтамай-ақ айта берсеңізші. 
— Жұмбақ па, жоқ әлде шынымен-ақ ақиқат па. Сенер- сенбесімді білмей отырмын 
дегенім сол ғой. 
— Тәңірі-ай, енді не болса да айтсаңызшы, — деп әкем тықыршып тағы да жымиды. 
— Жүр біздің үйге. Есітеріңді сонда естисің, — деп Дәуренбай орнынан тұрды... 


68 
Әдеби KZ 
Олар кетті. Мен аң-таң болып үйде қалдым. 
Әкем түн ортасында оралыпты... 
Мал өргізіп болған соң өзі тағы да Дәуренбайдың үйіне қарай беттеді де, жұмбақ үсті 
жұмбакты шеше алмай мен қалдым. «Кешегі жігіт кім екен?», «Дәуренбай атам неменеге 
сенер-сенбесін білмей жүр екен?», «Әкем ол үйге неге қайтадан кетті?», «Өлген тірілді 
дегенге сенесің бе?», «Сен десеңіз, сенейін...» 
Шырағым-ау, сен әлі үйде екенсің ғой. Өзге балалар өрісте қозыларының соңында 
жүр,— деген әжемнің даусынан селк ете қалып, орнымнан ұшып тұрдым. Жалма- жан 
үйден жүгіре шықтым... 
Екі күн өтті. Қозы қайырып жүргенбіз. Қос салт атты қара жолмен күнбатысты бетке алып 
аттанып барады екен. Біреуі — бұрнағы күні балаларға өрік үлестірген торық асқа атты 
жігіт, екіншісі — көк дөненге мініпті. Бұл — Мырзабайдың әкесі Ормантай. Үшінші күні 
Мырзабай да қозы қайырысуға шықты. Бәріміз жаңалық білуге құмартып Мырзабайды 
ортаға алдық. Алайда жарытып ештеме айта алған жоқ. 
— Қайдан білейін. Мені атамның үйіне жолатпай қойды. Әйтеуір өздері күбірлесіп 
сөйлеседі. Көп адамның басын да қоспады. Молда атам, Аққұл атам, Тоқмырза 
атамдардан бөтен ешкім де болған жоқ. 
Мырзабай одан өзге ауыз тұшыр әңгіме айта алмады... 
— Молдеке, анау күні Дәуренбайдың үйіне келген жігіт кім екен? — деп сұрады әкемнен 
бір туысымыз.— Ормантай оралған соң, бір-ақ білерсіңдер. Әзірше сабыр ете тұрыңдар, 
—деді әкем оған... 
Қара жолдан қос дөңгелекті үш сарт арба, бір топ аттылар көрінді. Атты топтан үш жігіт 
суырыла шығып, ауылға қарай құйындата шауып келді. 
— Сүйінші! Сүйінші. 


69 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет