Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет40/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   144
Әдеби KZ 
Құлжабай мінез жағынан ағасы Серкебайға мүлдем тартпаған. Ол сабырлы, биязы, өзін- 
өзі қай жерде болса да, қай ортада болса да ұстай білетін байсалды, орта бойлы, қара 
торы жігіт еді. 
Сондағы боз боранға қарамай ол Момышқұлды ертіп алатын. 
— Жүр, малтамға барып, қайтайық, — деп қымтана киініп үйден шығып жүрді. Аздан соң 
қас-кірпігіне дейін қар болып қайтып келеді. 
— Уһ! Астапыралла-ай, мұндай боранды кім көрген, Ұйытқып ұлып, үйіре борап тұр ғой 
тегі. Көз қаратар түрі жоқ. Тыныс алдырмайды. Жотаның жазы жақсы болғанмен, қысы 
тапа қиямет қайымның өзі ғой, — деп киімдерін шешіп, қарын сілкілейтін. 
Мұндайда қысқа күннің өзі ыбылжып тұрып алатыны бар ғой. Бәріміз үйге сыймай, ермек 
іздейміз. Содан кешкі тамақтан соң ертегі, жұмбақ, күлдіргі әңгімелер айтып, Құлжабай 
бізді еліктіріп отырушы еді. 
Ой, шырағым-ай, сен болмасаң, әсіресе мынадай қарлы күн, қараңғы түнде ішіміз пысып, 
жарылып кететін екенбіз ғой. Тіптен сенің айтып отырғандарың мына балаларға рахат 
болды-ау, — деп әжем Құлжабайға алғыс айтып отыратын. 
Бір кеште ол «Сұрмергенді» айтып берді. 
Екінші кеште «Сұрмергенді» асықпай қайталады. Момынқұл көкеме жаздырып отырды. 
Менің екі құлағым соларда болатын. Үшінші естігенде мен өзіне айтып бергенімде: 
— Оу, Бауыржан-ау, өзің құйма құлақ екенсің ғой, шырағым, — деп Құлжабай арқамнан 
қақты. 
— Е-е, нағашысына тартқан ғой, — деп әжем мақтанып қалды. 
Оның ертеңіне әкем аспаптарын құрып, Момынқұл су жылытып, балшық иледі. Одан 
әкемнің айтуынша қалыптар құйды. Мен үлкен табаншаның үстіне ағаштан күркешелеп 
отын жағып, көрік басып отырмын. 


62 
Әдеби KZ 
— Aл, aпa, күн қысқарсын, бәріміз де тірлік істеп отыралық, — дейді әкем әжеме. 
Сөйтеді де әр жерде шоқшиып зерігіп отырған қыздарды нұсқады. — Сіз мыналарды да 
қарап отырғызбаңыз, aпa. 
Әжем орнынан тұрып, үлкен алашаны бөлменің бір босағасына жаяды. 
— Сен, балам, ауызғы бөлмеден бір қап жүн алып кел, — деп қыздардың үлкені 
Үбианды жұмсайды. Өзі мүйіштен екі ұршықты әкеліп, алашаның төр жақтағы бұрышына 
қояды. Үбиан алып келген жүнді алашаның ортасына үйіп, қыздарға орын көрсете 
бастайды. Өзі де көрпешенің үстіне жайғасады. Әжем бәріне тиесілі жұмысын тапсырып 
жатыр. 
— Сен, Әлиман мен Құрманкүл, екеуің жүн түтесіңдер. Асықпай үлпілдетіп жібекше 
түтіңдер.Екі қыз әжемнің айтқанын екі етпей, іске кірісті. Енді әжем Үбианға бұрылды: 
— Сен мына ұршықтың біреуін қолыңа ал. Екеуміз жіп иірелік. 
Жалтақтап отырған келіндеріне көзі түскен әжем, оларды да құр қол қалдырған жоқ. 
— Үйлеріңді сыпырып, ыдыс-аяқтарыңды жуып, күлдеріңді шығарып, қазан- 
ошақтарыңды реттеп, тамақ пісірудің қамына кірісіңдер. Сендерге сол да жетер. 
— Әпке! Маған да бір нәрсе жүктесеңізші... 
— Сен қонақсың ғой, қарағым! 
— Қашанғы қонақ болып отыра бермекпін, әпке. 
— Ыңылдап өлеңіңді айтып отыра берсеңші, қарағым, Құлжатай, — дегенде бәріміз күліп 
жібердік. 
— Тоба, сондай да тірлік болады екен-ау, — деп Құлжабай да күліп жатыр. 
Жүн түтіліп, ұршық иіріле бастады. Көрік басылып, көмір оттанып, күміс еріп қалыпқа 
құйылды. Қорытындының беті қарайып қатая бастағанда, оны қысқашпен алып, темір 


63 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет