Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет46/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Әкемнің жай сұрасқанына Орманқұл:— Иә, солай. Шүкір, молдеке... Ләпбай... Әрине... 
әбден сөйтті ғой... Жүдә болмаяқ қойды ғой... Тіптен айтпаңыз, молдеке... Сөйтті білем, — 
деп қысқа жауап қатып отырды. 
Шай үстінде Құлжабай жүрген жерлерінің әңгімесін айтып отырды. Біраз әңгіме 
араласқаннан кейін бірнеше шумақ өлеңнің аяғында: 
Орманқұл, сен қайдағы, мен қайдағы, 
Біреудің мен де өзіңдей cap бойдағы. 
Осындай оқта-санда жолыққанда 
Өлең айт сырыңды ашып қай-қайдағы, — деп кезек бұрды. Орманқұл төмен қарады. 
— Менің өлең айтпайтынымды білмеуші ме едің? Домбыра болмаса... 
— Е-е, онда домбыраңды қолыңа алғын. Маған да соның керек еді, — деп Құлжабай 
күлді. 
— Қысылма, қарағым. Бұнда бөтен ешкім жоқ қой, — деді әжем. «Мен ақын емеспін — 
әншімін», — дейді біреу «Мен әнші емеспін — күйшімін», — дейді біреу. 
Орманқұл күйші еді. Бір ғажабы, ол домбыра тартқанда дүниені ұмытып, тілден қалатын. 
Домбыра көмейінен қайдағы бір зарлы мұңды төгіп отырады. Ал енді күй тартқысы 
келмесе, домбыра атаулыны таңдап: 
— Жоқ, болмайды екен, — деп жаратпайтын. 
Орманқұл әйтеуір томаға-тұйық жан еді. Ішінен күй қайтарып, іштей тынып, өзімен-өзі 
сырласатын саяқ жан еді. Бұл жолы да үн қатпай, домбырасын баптай береді. 
Тиегін түзеп, құлағын бұрап үнін бабына келтіргеннен кейін баяулатып тарта бастады. 
Ол домбыраның құлағынан басқа ешкімге қараған жоқ. Өз тартқанын өзі шын зейінімен 
тыңдап отырғандай, өзге домбырашылардай оң саусағын серпи қақпайды, сол 


73 
Әдеби KZ 
саусақтарын ербеңдете жүгіртпейді. Арқасының құрысын жазғандай жұлқынып 
сілкінбейді. Тұнық терең ой түбінде мамырлап қалғып кеткендей, Бір күйді аяқтаған соң 
алдындағы шайын ұрттап тыныс алды. Осы кезде Құлжабай желпіне сөйледі. 
— Әй, мынауың сарқырап ағып жатқан Ақсай суының сарыны емес пе? 
— Әй, мынауың Шақпақтың кейде байсал, кейде ызғарлы желі шығар? 
— Әй, мынауың көкпардың қиқуы мен сайыс-тартыс дүбірі ғой. 
— Әй, мынауың кешегі жұмадағы үлей-түлей ұйытқыған, ұлыған боранға ұқсайды, ей. 
Орманқұл басын изеп үнсіз құптады. 
— Қап, өлеңді жазып алуға болады, әнді тыңдап үйреніп алуға болады. Күйді жазып алуға 
болмайды екен-ау, — деді санын соғып Құлжабай.— Әншінің даусы домбыраның көмейі 
емес. Өлеңнің жолы домбыраның пернесі емес. 
Күйдің үні — домбыраның төл меншігі... Оны күйшінің жүрегі ғана ұға алады, — деді 
Орманқұл. 
— Сенікі рас, Орманқұл, — деді Құлжабай ойлана отырып. 
Қазақтың халық композиторларының нотадан хабары болмаған ғой. Олардың күйлері 
дарынды шәкірттері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған. Күйді де жазып алуға 
болатынын тап сол кезде Орманқұл мен Құлжабай да, әжем мен әкем де, мен де 
білмеппіз ғой. 
Енді ойлап отырсам, Орманқұл сөзсіз композитор болуы керек. Ол нота түгіл хат та 
танымаған. Ол кедейліктің зардабынан жалғыз еді, саяқ еді. Қолы қысқалықтан қорынып 
оның ұстазы да, оның ізін қуған шәкірттері де болған емес. Оның шығармалары өзімен 
келіп, өзімен бірге кетті ғой, әттең... 


74 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет