Әдеби шығармашылық мәні: табиғаты мен тарихы



бет17/19
Дата10.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#91703
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
жазусессия

23

  1. Жоқ

  2. Жоқ

  3. Иірім Жазмыш кітаптары

"Иірім" - естелік кітап. Ол - эссе жанрына қойылатын күрделі талаптарға түгелдей жауап бере алатын шымыр шығарма. Жиырмасыншы ғасырда өмір сүрген қазақ ақын-жазушыларының бәрі болғанмен, біразы осы кітапта қамтылған. Оқырманды жалықтырмайтын тартымды да татымды тілмен автор өзі көріп, дәріс алған Мұхтар Әуезовтен бастап әдебиетке қатарлас келген біраз дарынды әріптестерінің іс-әрекеттерін, мінез-құлқын, ішкі дүниесін шебер бейнелеген. Ең бастысы - туынды жақсы оқылады. Қызықты.
Иірім — Қадыр Мырза Әлінің эсселер жинағы, 2004 жылы жарық көрді.
Кітапта XX ғасырда өмір сүрген қазақ ақын-жазушылары туралы естеліктер келтірілген. Автор өзі көріп, дәріс алған Мұхтар Әуезовтен бастап, әдебиетке қатарлас келген біраз дарынды әріптестерінің іс-әрекеттерін, мінез-құлқын, ішкі дүниесін шебер бейнелеген.
Біз әдебиетке келген кезде кеңес қазақ поэзиясы жартылай ұйқыда болатын. Аға ақындардан елдің даусыз мойындайтыны Қасым Аманжолов қана болатын. Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбековтер сол кездің өзінде Қасекеңді пір тұтатын. Одан кейін Тайыр Жароков, Әбділда Тәжібаевтар жүретін. Әскерден аман-есен оралған бірен-саран ақындардың бірен-саран өлеңдері ауызға ілігетін. Олардың ішінде кейінірек үзіліп ілгері шыққаны Хамит Ерғалиев болатын. Оның поэмалары, әсіресе «Әке сыры» бірден көзге түсті. Осы бағыттағы бір заманға лайық жаңалық әкелген өзіндік беті бар ақынның бірі Мұзафар Әлімбаев және Тоқаш Бердияров еді. Мен жақсы көретін Мұзафар Әлімбаев «Қарағанды жырларынан» емес, «Құрбыма» жинағынан басталады. Орыс тілінде «ракетаноситель» деген сөз бар. Менің поэзиядағы алғашқы ракетаносителім осы Мұзафар Әлімбаев.
1958 жылы «Балдырған» атты балаларға арналған журнал шыға бастады. Мұзафар Әлімбаев оның бас редакторы болды, ал оқуын жаңа бітірген Қадыр Мырза Әлі журналға әдеби қызметкер ретінде орналасты.
Өз кейіпкерлерінің өмірбаяндық дүниесінен үзінді келтіріп, автор өз өмірбаянын кеңітеді. Сонымен бірге өз эссеистикалық концепциясы мен эстетикалық жүйесін дәлелдейді. Ұлы адамдардың образдары жаңа контекстік байланыстармен байытылады. Қайнаған әдебиет өнері, әлеуметтік және саяси проблемалар, уақыттың белгілері және өтіп кеткен тарихи оқиғалар эссеистикалық түрде еркін, толық баяндалған. Қадыр Мырза Әлінің «Иіріміне» роман-эссе деп айдар тағуға әбден болады.[1]
Естелік деген қызық жанр: біреулер туралы не айтсам деп қиналасың, біреулер туралы қайсысын айтам, қалай айтам, қалай аяқтаймын деп қиналасың. Отыз жыл қатар жүрген әріптесің туралы кейде айтарға он ауыз сөз таппасаң, өміріңде небары бір-екі мәрте көрген адамың туралы жазған кезде өзіңді өзің тоқтата алмайсың. [...] Біз бәріміз де адамбыз, бәріміз де пендеміз. Менің міндетім — пайғамбардың немесе періштенің бейнесін жасау емес, кәдімгі өздеріміздей бірде кісі, бірде пенде мың құбылған тіршіліктің мың құбылған өкілдерін еске алу.
ЖАЗМЫШ
Жазмыш — Қадыр Мырза Әлінің эссе кітабы, өз айтуынша, «ақындар және ақындық қасірет туралы дара көзқарас».

Үш бөлімнен тұратын естелік-эссе сан түрлі тақырыпты қозғап, сан түрлі болжамдар жасап оқырманын жан-жақты ойға жетелейді. Әу бастан жеңілдікпен келмейтін ақындықтың бұралаң жолы, сол жолдағы қиыншылықтар нақтылы мысалдармен, фактілермен келтіріліп жазылған туынды мол еңбек пен ізденістің нәтижесі екенін аңғартады. Ақыны болсын, жазушысы болсын, философы болсын Қадыр Мырза Әлі олардың шығармашылығынан бастап, күнделіктерімен, олар туралы естеліктермен түгелдей таныса отырып, қорытынды жасаған. Еңбек философиялық ой-тұжырым мен түйіндер жинағы, автордың өз субъективті көзқарасы басым, десе де мұндай естелік-эссенің жазылуы оқырман үшін қаламгерлер өмірі мен шығармашылығын кеңінен тануға, білуге, ақпараттануға жол ашты. Өйткені, адамның бәрі автор секілді әр жазушының шығармашылығымен, күнделіктерімен жеке-жеке таныса бермейді, ал бұл еңбек сол сұранысты қанағаттандырып отыр, бір бойына бірнеше тағдырдың тарихын сыйдырған.[1]


Әуелде «Жазмыш» та, «Иірім» де газеттік нұсқада, «Жас Алаш» беттерінде жарияланған болатын.[2]


Басында «Жазмыштың» екі бөлімі болған. Кейін Қадыр Мырза Әлі газетке берген интервьюде үшінші бөлімнің жоспарлағанын айтқан. Кітаптың соңғы нұсқасына жаңадан жазылған бөлім де, осы интервью де кірген:


— Сіздің «Жазмышыңызда» ақындардың айрықша оғаш мінез-құлқы немесе діңкелеткен дерті туралы, оқыс іс-әрекеттері туралы мол және қызықты баяндалған. Сол өзіңіз суреттеген ауру-сырқау және мінез-құлықтардың әйгілі ақындардың шығармашылығымен тура байланысы бар ма, қалай деп ойлайсыз?


— Бар болғанда қандай! Мысалы, әлемге әйгілі Достоевскийдің ауруын алайық Ол өмір бойы ұстамалы аурудың темір құрсауынан босана алмаған адам. Адам үшін ол — сор, бақытсыздық, қасірет. Сөйте тұра жазушы үшін керемет сәт. Сол сәттерде ол өте өнімді және өте әдемі жазатын болған. Шығармашылық процесс — ауру түгілі, сау адамның өзі үшін түсініп болмайтын күрделі, аса күрделі құбылыс. Оны тек байқайсың, сезінесің, бірақ талдап бере алмайсың! Тіптен жас кезімде осындай бір тылсым қас қағымдар жайлы былай деп жазғанмын:
Жүрекпен жүйке егессін,
Жыр-көңіл сонда толғайды.
Жынды деп жынды емессің,
Жынды емес деуге болмайды.
Тебісіп ырғақ, миында,
Төгесің сырды отырып,
Адам деп айту қиын да,
Құдай деп айту өтірік!
Қайталап айтамын: бұл өзі ақыл аумағына сыя бермейтін құпия құбылыс. Үңілгің келеді, үңіле алмайсың, ұстағың келеді, ұстай алмайсың. Сынаптай сусып шығып кетеді. «Жазмыштың» үшінші бөлімін немесе қосымша тарауын, қанша оқталсам да, жаза алмай жүргенім тегіннен-тегін емес, әрине. Әйтсе де көркемдік әлемі сонысымен де қызық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет