Әдеби тіл туралы ұғым, қазақ әдеби тілінің даму кезеңдері


) ХІХ ғасырдың II жартысынан XX ғасырдың 20-жылдарына дейінгі



бет4/6
Дата14.10.2023
өлшемі103,52 Kb.
#113795
түріКонспект
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Галимова М СӨЖ Әдеби тіл

2) ХІХ ғасырдың II жартысынан XX ғасырдың 20-жылдарына дейінгі,
3) советтік дәуір
М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов ұсынған дәуірлеу кестесі Н.Сауранбаев кестесіне жуық, айырмашылық – XX ғасырдың басындағы әдеби тіл деген үшінші кезең бөлектанытылады


Біз қазақ әдеби тілінің даму тарихын ең алдымен басты-басты екі дәуірге бөлеміз:
І. қазақ халқының ұлттық кезеңге дейінгі әдеби тілі;
ІІ. қазақ халқының ұлт болып қалыптасқан кезеңіндегі әдеби тілі.
Алғашқы дәуірдің өзін шартты түрде (әсіресе оқу бағдар- ламасын жеңілдетіп құру үшін) екі кезеңге бөліп қарастыруға болады (осы оқулықта біз осылайша бөліп алдық):
1-кезеңі – Қазақ хандықтарының құрылуы мен қалыптасу тұсы, бұл XV-ХVIII ғасырдың бірінші жартысын қамтиды, мұны «қазақ хандықтарының кезіндегі әдеби тіл» деп те атап жүр.
2-кезеңі күні бүгінге дейін бел алып келген дағды бойынша, XVIII ғасырдың II жартысынан XIX ғасырдың II жартысына дейінгі тұсқа шамалауға болады. Бұл тұста қазақ даласында хандық жойылды.
1-дәуір қазақтардың дербес халық болып құралып, өз алдына хандық құрған тұсы – ХV ғасырдан басталып, XIX ғасырдың II жартысына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл – қазақтың ауызша да, жазба да әдеби тілдерінің қалыптасуы мен әрі қарай даму процесінің алғашқы тұсы. Бұл кезеңдегі әдеби, әсіресе ауызша дамыған әдеби дәстүр қазақ халқы мен қазақ хандығының құралу процесіне үлес қосқан үлкен әлеуметтік күш болды. М.Әуезов былай деп жазған еді: «Тақырыбы мен жанрлары жағынан сан алуан қазақ халқының ауыз әдебиеті XV-ХVII ғасырларда кеңінен дамыды. Өлең-жырлар, тапқыр шешендік сөздер халықтың қоғамдық және рухани өмірінде көрнекті орын алды. Сол кездегі мақалдар мен мәтелдер… сөз өнерін халықтың аса қадірлегенін көрсетеді»
Бұл дәуірде тараған әдебиеттерді үш топқа бөлуге болады:

  • Ауыз әдебиеті (фольклор) үлгілері. Аты-жөні ұмыт болған авторлардың шығармалары да осы топқа жатады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет