ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Әдеби тіл туралы ұғым, қазақ әдеби тілінің даму кезеңдері (зерттеулерге шолу). Венн диаграммасы Кең көлемді конспект
6B01701 - "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы
4 курс, 402 топ.
Орындаған: Галимова М.У
Тексерген: Қобыланова А.Ж
Әдеби тіл туралы ұғым, қазақ әдеби тілінің даму кезеңдері (зерттеулерге шолу). Венн диаграммасы Кең көлемді конспект
Әдеби тілдің тарихын баяндамас бұрын, «әдеби тіл» деген категорияның өзі туралы түсінікті анықтап алу қажет. Өйткені «әдеби тіл» дегеннің мазмұны, сипаты жөнінде тек қазақ тіл білімінде емес, жалпы отандық лингвистикада анық, айқын, үзілді-кесілді айтылған тұрақты пікір жоқ.
Бірқатар ғалымдар әдеби тіл дегеніміз жалпы халықтық тілдің өңделіп, қырланған түрі деп таныса, енді бірсыпырасы жалпы хатқа түскен дүниелердің тілі әдемі деп табады. Сондықтан орыс әдеби тілінің тарихын сөз еткен бірқатар мамандар жазусыз әдеби тілдің болуы мүмкін емес деп санайды.
«Әдеби тіл дегеніміз — жалпы халықтық тілдің хатқа түскен, белгілі бір дәрежеде өңделген ерекше түрі». «Әдеби тілдің тарихы — жазба ескерткіштердің тарихы». «Әдетте, жазусыз әдеби тіл болуы мүмкін емес».
«Жазу — әдеби тілдің ең маңызды және қайткенде де болуға тиісті белгісі». «Тіл білімі тарапынан алғанда «әдеби тіл» деп тек көркем әдебиет емес, ғылыми зерттеулердің, саяси трактаттардың, газет-журналдардың тілін де, қысқасы, жазба тілді атаймыз».
Міне, осы пікірлес ғалымдар белгілі бір тілді әдеби деп тану үшін жазудың болуы шарт дегенді, яғни хатқа түскен нұсқалары жоқ немесе олар өте аз жерде әдеби тіл де жоқ дегенді кесіп айтады.
Кейбір зерттеулерде XIX ғасыр екінші жартысын әдеби тілдің бастау апған кезеңі емес, ұлттық жазба әдеби тілдің қалыптасу дәуірі ретінде қаралып, көне әдеби тіл мен жаңа жазба әдеби тіл категорияларының жігі ажыратыла сөз болады
(А. Ысқақов, Р. Сыздықова.). Әдеби тілдің стильдік тармақтары сараланып, қоғамдық қызметінің жан-жақты күшейе түсуіне байланысты шын мағынасандағы әдеби тіл Қазан теңкерісінен кейін пайда болды деген де тұжырым бар (Т. Қордабаев). Әдеби тілді жазу-сызумен байланыстыра қарайтын дәстүрлі көзқарастан басқаша бағыт ұстаған зерттеулер де (Р. Сыздықова), оны (фольклорлық, мұралармен ұштастыра қарайтын пікір де бар (Ә. Өмірәлиев,
Достарыңызбен бөлісу: |