Әдеби тіл туралы ұғым, қазақ әдеби тілінің даму кезеңдері



бет6/6
Дата14.10.2023
өлшемі103,52 Kb.
#113795
түріКонспект
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Галимова М СӨЖ Әдеби тіл

Академик Н.Т Сауранбаев та қазақ әдеби тілі туралы біраз пікірлер айтқан. Ол: «Қазақтың әдеби тілі революциядан бұрыңғы дәуірлерде жасалып, белгілі бір жағдайда өмір сүрген, бұл дәуір қазақ әдеби тілінің алғашқы адымы, нәрестелік дәуірі», - деді 

Ғ.Мұсабаев «Әдеби тіл» деген ұғымға ғылыми техникалық көркем әдебиет нұсқаларының тілі, мектеп, театр, радио, баспасөз жеке мемлекет мекемелерінде қолданылатын тіл енетінін және әдеби тілдің нормаланған, жалпыға бірдей түсінікті болуы шарт екенін айтады. Ол қазақ әдеби тілін тарихи тұрғыдан мынадай үш кезеңге бөледі:
1. Абайға дейінгі, яғни ХІХ ғасырдың ІІ–ші жартысынан Октябрь ревлюциясының алғашқы жылдарына дейінгі кезеңдегі жазу тілі – жаңа әдеби тіл.
2. Қазіргі әдеби тіл.
М.Б. Балақаев әдеби тілдің даму кезеңдерін төрт дәуірге бөледі:
1. ХІІІ ғасырдың орта тұсымен ХІХ ғасырдың І – ші жартысы.
2. ХІХ ғасырдың ІІ – ші жартысы.
3. ХІХ ғасырдың басы.
4. Совет дәуірі.

Ж.М. Әбділдин: «Мен өзім қазақ әдеби тілін қазақ жазба әдебиетімен тікелей байланыстыратын пікірге қосылмаймын. Әрине, бұл пікірді жақтайтын адамдар тек атүсті айта салып жүрген жоқ. Олардың дәлелдері, табан тірейтін ой - топшылаулары бар. Мысалы, жазба әдебиеттері ерте кемелденген елдер әдеби тілдің дүниеге келуін жазба әдебиеттің қалыптасуымен тікелей байланыстырады. Мен өзім қазақ әдеби тілінің тарихын ХІІ – ХІІІ ғасырларда өмір сүрген жыраулар әдебиетінен бастау керек деген пікірге толық қосыламын. Әдеби тіл дегеніміз тек күнбе – күнгі қарым – қатынастың тілі ғана емес, ол сондай – ақ сөйлеу тілінің даму барысындағы биік деңгей де болып табылады. Басқаша айтқанда, тіл бұл кезде тек күнделікті жанды қарым – қатынастың құралы болып қана қалмайды, сонымен бірге ол мәдениет жасайтын және сол мәдениетті тарататын нақты творчестволық құрал болып та қызмет атқарады. Әдеби тіл пайда болғаннан бастап халық тілінің көркемдегіштік құралдары да сапа тұрғысынан мүлдем жаңа деңгейде қолданыла бастайды. Әрі мұндай тіл әдеби тілдің өмір сүруіне қажетті белгілі бір принциптер мен нормаларға бағынатын болады», - дейді.

Сөзімді қорытындылай келе мен өз басым, қазақ әдеби тілі Х ғасырдан бастап қалыптасты деген пікірлерге қосыламын. Ал қазақтың қазіргі әдеби тілінің негізін салушы – Абай Құнанбаев.Себебі бізге кең көлемде дамып,қазақ тілінің нағыз майын тамызып,қазақ тілін терең сырларынан танытқан Абай Құнанбаев деп ойлаймын.



Пайдаланылған әдебиеттер


1.Сауранбаев Н. Қазақ тіл білімінің мәселелері. — Алматы, 1982. — 119-б.
2.Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М.Қазақ әдеби тілінің мәселелері. — Алматы, 1961. — 56-б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет