Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет126/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Эволюция
жəне
эволюциялық лингвистика
барынша нақты, сондықтан мен осы сөйлемді
жиі қолданамын. Бұдан өзге, біз 
тілдік құрылым
[
états de langue
] немесе
статикалық лингвистика
ғылымы туралы да айта аламыз.
Бірақ бір нысанға қатысты құбылыстың екі қатарының (қосарлана)
қиылысуын əрі қарсылығын барынша нақты анықтау үшін мен 
синхронды
жəне 
диахронды
лингвистика жайлы айтуды жөн көремін. Біздің ғылымда
статикамен байланысты барлық нəрсе синхронды болып саналады; ал
эволюциямен байланысты барлық нəрсе диахронды. Сайып келгенде, олар
синхрондық 
жəне 
диахрондық
тілдің сəйкес күйін, сонымен бірге
эволюциялық фазаны білдіреді.
2. Ішкі дуализм жəне лингвистика тарихы
Тіл фактілерін зерттеу кезінде біздің көзімізге бірден түсетін нəрсе
сөйлеушінің мүддесі болғандықтан, уақыт өте келе қалыптасқан ұғымнан
ауытқу кездеседі. Кез келген зерттеуші осындай жағдаймен бетпе-бет
келеді. Міне, сол себепті жағдайды түсінгісі келген лингвист орнығып
қалған, қалыптасқан білім аясынан шығып, диахронияны елемеуі тиіс. Ол
сөйлеушілердің санасына өткеннен толықтай бас тарту арқылы ғана ене
алады. Тарихтың араласуы тек оның пікірін бұрмалайды. Юра тау
алабындағы бірнеше шың үстінен бір мезетте қарап тұрып, Альпі


шыңдарының жалпы көрінісін сызып шығуға талпыныс жасау ақылға
сыйымсыз болар еді. Өйткені əр панораманы бір ғана бақылау нүктесінен
жасауға болады. Бұл жағдай тілге де қатысты. Лингвист пайдалану
стандарттарын жасамастан, бір ғана жағдайды назарға алып, тілді толық
сипаттай алмайды. Ол тілдің эволюциясына ілескен кезде, болашақтағы
болуы мүмкін өзгерістерді тіркеу үшін Юра тауларының бір шыңынан
екінші шыңына шығып жүрген бақылаушыға ұқсап кетеді.
Қазіргі лингвистика пайда болғалы бері, оны диахрония толықтай жұтып
қойды. 
Салыстырмалы 
үнді-еуропалық 
филология 
қолда 
бар
материалдарды тілдің көне түрін гипотеза түрінде қайта құру үшін
пайдаланады. Салыстыру – өткенді қайта қалпына келтіру құралы. Тілдің
басқа тармақтарын (роман тілдері, герман тілдері т.б.) біржақты зерттеу
үшін де осы əдіс қолданылады. Жағдай тұрақсыз болғандықтан, оған тек
біртіндеп араласады. Франц Бопп енгізген үрдіс осындай. Сондықтан оның
тіл туралы тұжырымдамасы гибридтік əрі тұрлаусыз.
Осыдан барып, қазіргі лингвистика пайда болғанға дейін дəстүрлі
əдістермен қалыптасқан «грамматиканы» зерттеушілердің тəсілдері қандай
болған деген сұрақ туындайды. Мұнда олардың көзқарастарының мінсіз
болғанын атап өткен жөн. Ол тұстағы ғалымдардың жұмыстарынан тілдің
қалпын 
сипаттауға 
тырысқандары 
айқын 
көрінеді. 
Олардың
бағдарламалары міндетті түрде син-хронды болды. Мысалы, Пор-Рояль
грамматикасы (
Port Royal Grammar
) француз тілін Людвиг XIV кезеңімен
сипаттауға жəне оның мəнін анықтауға тырысқан. Ол үшін орта ғасырдың
тілі керек емес, көлденең аралық ось артқа шегінбестен, алға жылжи
береді. Ол кезде бұл əдіс дұрыс болған. Бірақ бұл оны пайдалану
кемшіліксіз болды дегенді білдірмейді. Дəстүрлі грамматика сөзжасам
сияқты тілдің бүтін бір бөліміне назар аудармайды, ол нормативті жəне
фактілерді тіркеп, бекітудің орнына, ережелерді белгілеуді дұрыс деп
біледі. Оның келешегі жоқ, ол тіпті жазылған сөзді айтылған сөзден бөліп
қарай да алмайды т.с.с.
Классикалық грамматика ғылыми емес деген сынға ілікті. Соған
қарамастан, оның негізі сынға көп ұшырай қойған жоқ. Себебі оның пəні,
Бопп негізін қалаған лингвистикаға қарағанда, біршама айқын анықталған.
Соңғысы белгісіз негізге сүйенгендіктен, оның ұмтылған мақсаты да айқын
емес. Ол нақты жағдай мен ұласпалы жағдайдың арасындағы шекараны
қатаң ажырата алмағандықтан да екі саланы қамтиды.
Лингвистика тарихқа көп орын бергендіктен, дəстүрлі грамматиканың


статикалық көзқарасына оралады. Бірақ басқа рухпен, басқа тəртіппен.
Тарихи əдіс те мұндай жасаруға (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет