Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет186/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

қараңыз:
Doležel
65–66). Сонымен бірге бұл тəсіл Бремондтың
виртуалдылық яки өзексіздендіру (
nonactualization
) жайлы еңбектері
шешуге тырысқан мəселенің, яғни нарратив желілерінің детерминистік
сипатын шектен тыс күшейте түседі. Нарративтің қызығушылығы мен
күрделілігінің бөлігі кейбір əрекеттер мен оқиғалар арасындағы
анықталған байланыстарға емес, жай ықтимал байланыстарға тəуелді
(
Doležel,
63–64; 
Culler,
«Defining» 136; 
қараңыз

Ryan
109–74). Əңгімеге
арқау болуға лайықты оқиға шындықты жарым-жартылай ғана береді. Шын
өмірде оқиға бұлай өрбімеген де болар. Ұзынтұра Томас Мэри Далтонды
тұншықтырмаған да шығар. Мэридің анасы бөлмеде болмауы да мүмкін
немесе 4-мысалдағы қара киімді сұлба бүкіл ауылдың адамын ұрлап кетуі
де ғажап емес.
8
Бірақ Пропп жасаған үлгінің басты қиындығы, оның басқа шектеулерінің
басы Пропптың нарратив өлшемдерін (критерий) ертегі формасынан, ертегі


функциясы мен желілерін жүйелі түрде əсірелеу арқылы табуға
тырысқандығымен түйінделеді. Франктілді структуралистер кейіннен
тілдік не мəтіндік формадағы желіні (
sequence
) əңгіме ретінде түсіндіруге
мүмкіндік бере алатын болса да, желілер формасы əңгіме үшін жеткілікті
жағдай емес екенін түсінді. Олай болса, тіпті Цветан Тодоров нарратив
желісі формасының анықтамасын: «Желі əртүрлі екі жағдайдың тіршілік
етуін білдіреді. Олардың əрқайсысын бірнеше мəлімдеме арқылы
сипаттауға болады. Жоқ дегенде, əрбір жағдайдың мəлімдемесі желілерді
түрлендіруі тиіс», – деп сипаттағанда да, Виктор Шкловскийдің «біздің
əрқайсымызда бар пайымдау қабілеті (бүгінде қасиет деп те айта аламыз)
нарратив желісі аяқталған ба, жоқ па деген сұрақты шешуге мүмкіндік
береді» (232, 231) деген постулатына сілтеме жасаған. Нарратив желісінің
белгілі бір формасы болғандықтан ғана ол «тыңдаушы» ретінде
талданбайды. Сонымен қатар оның формасы оқырмандарға құрылымды
дағдылы түрде нарратив желісін баяндап түсіндіруге мүмкіндік
беретіндіктен де, оны нарратив ретінде талдаймыз.
Форма мен контекстің екеуіне бірдей жүгіну Барттың «Нарративтің
құрылымдық анализдеріне кіріспе» (
Introduction to the Structural Analysis of
Narratives
, 1966) еңбегінде көрінеді. Бір жағынан, Барт нарратив желісін
«бір-бірімен тұтастық байланысы арқылы біріккен ядролардың логикалық
тізбегі» (нарратив тіндері немесе элементтері, оларсыз əңгіме құралмас еді)
деген кезде мақаладан глоссематика сарыны сезіледі (
Hjelmslev,
Prolegomena
): желі мүшелерінің бірінде тұтастық шарттары болмаса, ол
ашылады, ал егер, оның басқа бір мүшесінің салдары болмаса, ол
жабылады» (Оның келтірген мысалдарының бірі – телефон тұтқасын
көтеріп, қайта қою). Екінші жағынан, Барт мұндай желілерді «біздің
ішіміздегі нарратив тілінің» «негізгі бастауы» деп суреттейді (101, 102).
Адамдар бұл тілді көптеген əртүрлі оқиғаларды схема түрінде жадында
сақтап, өздері оқи алатын жəне басқа əңгімелерді өңдей алатын ұғымдарға
үйлестіру арқылы үйренеді (
қараңыз
: 116–117). Сөйтіп, желілер
оқушыларға «əрекеттердің əрбір логикалық тізбегін, атаулы тұтастық
ретінде қамтып қалуға» мүмкіндік беретін «атау əрекеттерінің» нəтижесіне
айналады (102). Олар – бір адам қолданбай тұрып та нарративті
құрылымдалған сипатта тұратын дискурстың атомдық немесе молекулалық
бөлшектері емес, оқушылардың нарратив дискурсымен өрбіткен бұрынғы
жəне қазіргі байланыстарының өнімі. Шындығында, Барт 
«S/Z»
мақаласында желілерді нарративке телінетін тұғырнамалардың (код) біріне


балайды: осы «про-аритикалық», яғни тізбектелген оқиғалар (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет