оқиғамен бірге оңай түрленіп, өзгеріп кете алмайды. Дегенмен берілген
ақпарат пен жаңа ақпарат дискурста бөлінетіндей түрде қалыптасқан
белгісіз əрі белгілі атаулы тіркестердің таралуы (
Emmott
158–161;
Firbas; E.
Prince; Schiffrin
197–226) мені 12-желідегі нарратив құрылымы түрін
«алдымен мынау, сосын анау» тізбегімен немесе «мынау, сосын мынаның
себебінен анау» тізбегімен оқуға итермелейді. Тіпті мен «мынау» мен
«анаудың» мəнін де білмеймін. Алайда мен 11-желіге қарағанда 12-желіде
нарративтер аз деп сеніммен айта аламын. Бұл 11-желінің 12-желіге
қарағанда ұғынықты екендігінде емес; өйткені бұл – «beebed» жəне «orped»
деген сөздердің қандай мағына білдіретінін білемін деген сөз емес.
Дұрысы, 12-желіде морфонсинтаксистік белгілердің (етістік флексиялары)
айрықша түрлерінің жоғалуы менен 11-мысалдағы оқиғалардың себептік
байланысының реттелген желісі ретінде оқуға мүмкіндік берген кейбір
пішіндік бөлшектерді де қоса алып кетеді. Мұндай ишаралар жойылған
сайын, 12-мысалдың нарративті сипаты да төмендей береді.
Алайда 13-желіде нөлдік нарратив бар:
13. Oe splubba fibblo. Sim oe gingy beebie ca yuck, i ca splubba orpia.
(Ое сплубба фиббло. Сим ое джинджи биби ка йок, и ка сплубба орпиа).
Бұл қатар нарратив критерийлеріне сəйкес келмейді. Мен мысалда
баяндалған, əлемді түсіндіретін актанттар мен болмыстар жайлы тұжырым
жасау үшін əрекет құрылымын осы əлемді белгілі бір уақыт сызығында оқу
керектігін айтпаған күннің өзінде, жеткілікті грамматикалық құрылымға
мұқтажбын. Керісінше, 14-желіде 11 жəне 12-мысалдарға қарағанда (жəне
осы себепті 13-мысал) нарративтер көбірек байқалады, ол 15-желі 14-
желіден де түсініктірек бола түседі, өйткені 15-желі толығымен түзелген
яки толық сенімді əлем жайлы баяндайды.
14. A splubba walked in. A gingy pulled the lever, and the splubba was instantaneously inebriated.
(
Достарыңызбен бөлісу: