ретінде талдауға мүмкіндік береді (күнделік, роман, өмірбаян, жолжазба
т.б.). Жанрдағы ерекшеліктер талдау стратегияларындағы ерекшеліктермен,
бəлкім, үйлесер; олар бірден қажетті жəне алуан түрлі желілер арқылы
көрініс табады. Жалпы кодтарда туындайтын мұндай стратегиялар
көпөлшемді болуы да мүмкін. Жекелей алғанда, желілердің əртүрлі типтері
əлемдік модельдермен азды-көпті сыни һəм рефлексивті тұрғыдан
байланысуы ықтимал.
16
Бірқатар көрнекі (
репрезентативті
)
желілер нарратив жанрларының
басым сценарийлерге қарай беталысын əрі қарай зерттеудің нобайын
құрауы мүмкін. 16, 17 жəне 18-желілер бір-бірінің арасына ондаған жылдар
салып жазылған шығармалардан алынған. Бірінші желі балалар əдебиеті
жанрына, екіншісі өмірбаянға, үшіншісі тəжірибелік əдеби нарративке
жатады. Осы желілерді сарапқа салғанда, əлдеқайда көпөлшемді немесе
рефлексивті талдау стратегияларын қолдану керек. Сценарийлерді жөнсіз
пайдалануға кедергі келтіргенде немесе оны қолдануға шектеу болғанда,
нарративтерді талдау да тым күрделеніп кетеді. Үш əңгімеде үш түрлі
оқиға желісі баяндалады: бірінші əңгімеде кейіпкердің басына құмыра
киіліп қалған; екіншісі – қарулы сарбаздарға қасқайып қарсы тұру жайлы;
үшіншісі иттің кейпін келтіріп, төрт аяқтап жүрген жанды суреттейді.
Бұларды басқа нарратив жанрлар ішінде де талдауға болады. Сəйкесінше,
ортақ ерекшеліктер мұндай нарратив мазмұнымен емес, түсіндіру
бағыттарының күрделілігімен жəне ұзақтығымен байланысты. Оқырмандар
оларға нарратив мазмұндарын тұжырымдау кезінде қол жеткізеді (мəселен,
мысалдардың біріндегі əңгіме тараулары арқылы).
16-желі
А.А.
Милннің
«Винни
Пух»
(
Достарыңызбен бөлісу: