Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет20/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   369
Виктор Шкловский
: «Егер біз қабылдаудың жалпылама заңдылықтарын зерттей бастасақ,
қабылдау əдетке айналған сайын ол қалыпты дағдыға айналады. Біздің барлық əдеттеріміз
санадан тыс қалыптасатын үйреншікті дағдылардан құралады. Егер адам алғаш қалам ұстағанын
немесе тұңғыш рет шет тілінде сөйлегенін
 
есіне түсіріп, оны онмыңыншы рет орындаған
əрекетімен салыстырса, бізбен келісер еді…
Адамның жұмысы, киімі, дүние-мүлкі, əйелі жəне соғыс жайындағы қорқынышы – бəрі де
үйреншікті дағдының құрбаны болады. «Егер мына өмірге адамдардың көпшілігі ойсыз келсе,
онда мұндай өмір тіпті болмағандай, адам ондай өмірді бастан кешпегендей». Сондықтан өнер
өмірді
 
қайта
 
қалпына келтіру үшін, адамды заттар мен құбылыстарды түйсінуге мəжбүрлеу үшін,
санасында тасты тас етіп бейнелеу үшін өмір сүреді. Өнердің мақсаты – белгілі бір нысанды
таныс күйінде емес, қабылдануы бойынша сезінетіндей етіп көрсету. Өнер техникасының мəні –
нысандарды «бейтаныс» ету үшін
 
формаларын қиындатып, қабылдануын ұзартып күрделендіру,
өйткені
 
қабылдану үдерісі – бұл өз-өзінен ұзартылуы тиіс эстетикалық сипаты бар үдеріс. Өнер –
нысанның икемділігін сынау тəсілі; нысан маңызды емес...».
Шкловский, Борис Эйхенбаум мен Юрий Тынянов əдебиетті зерттеуді
батыстық философияға негізделген теориядан лингвистика жəне əдеби
құрылым əдістеріне негізделген зерттеулерге қарай ауыстырды. Оған
баяндау желісі, сатылы əңгіме, поэзияның аллитерация мен эуфония
сияқты тəсілдері жатады.
XX ғасырдың басы поэзия жайында
 
қызу толғаныстардың
 
кезеңі болған
еді. Эзра Паунд «поэзия мүмкіндігінше еркін болуы керек» деп пайымдады.
Викториандық нақыш пен күйректікті жоққа шығарған модернистік
көзқарасқа сəйкес, сөздер
 
əсерлі жəне эмоциядан
 
азат болуға тиіс деген
ұстанымда болды. T.С. Элиот ақындарды дəстүрден иеленген орны
бойынша қарастырды. Ол романтикалық субъективизм идеалына қарсы
бола отырып,
 
пайым тұрғысынан
 
бейжай сезімнен жоғары тұрудың
орнына, ақындарды дəстүрден алатын орнына қарай бағалады.
Лингвистика XX ғасырдың бас кезінде кемеліне келді. Оған Фердинанд
де Соссюрдің (1857–1913) еңбегінің ықпалы ерекше болды. Ол тілді
біртұтас таңбалар
 
жүйесі ретінде зерттей келе, сөздер өзара байланысу
арқылы қандай да бір қызмет атқарады əрі белгілі бір
 
мəнге ие болу
мүмкіндігі бар деген тұжырымға келді. Мəскеудің ақындық ұйымына В.
Шкловскиймен қатар мүше болған Роман Якобсон метафора (поэзия


сипатында) жəне метонимия (ойдан шығарылған əңгіме сипатында),
лингвистикалық формалардың
 
жəне когнитивті үдерістер мен афазия
(aphasia)
сияқты ахуалдың байланысын зерттеуді ерте бастан құптады. Ол
антрополог Клод Леви-Стросс сияқты француз ойшылдарын Соссюрдің
идеяларымен таныстырып, мəдениетті лингвистиканың құралдары мен
əдістерін пайдалану арқылы структурализм деп аталатын қозғалысты
бастауға ұйытқы болды. Леви-Стросстың мифтің құрылымына арналған
зерттеу еңбектері айрықша ықпалды болды. Ол əртүрлі этникалық
мəдениеттердің
 
жүздеген мифтерін салыстыра келе, олардың ортақ
құрылымдық бөліктерден тұратынын анықтады. Владимир Пропп ертегілер
арасындағы құрылымдық ұқсастықтарды тапты, олардың барлығы да ұқсас
нарративті жүйеге құрылады, яғни кейіпкердің сапарға аттануы,
қиыншылыққа тап болуы, ғайыптан көмек келуі, ақырында арман-
мұратына 
жетуі. 
Леви-Стросс 
мифтердің 
осындай 
құрылымдық
ұқсастықтарының болуы олардың жалпыадамзаттық ортақ мəселелермен
байланысты болуында деген болжам айтты. Бұл
 
ертегілер мен хикаяларға
қатысты мəселе əдебиетті құрылымдық тұрғыдан зерттеудің өзегіне
айналды. 
Жерар 
Женетт 
жəне 
Цветан 
Тодоровтың 
ой-пікірлері
«нарратология» ғылымының дамуына алып келді. Таңбаларға құрылған
семиологиялық жүйедегі құрылымдық лингвистиканың мəнділігі Ролан
Барт сияқты француз теоретиктерін де лингвистикалық құралдардың
көмегімен мəдениетті зерттеуге құлшындырды. Барттың қысқаша
«мифологиялары» 
көпшілікке 
танымал 
мəдениеттің 
жарнамалық
хабарландырулар мен жолнұсқа сияқты таңба белгілерді қолдану арқылы
белгілі бір мағынаны білдіретін таңбалар жүйесінің
 
қырларын
 
қарастырды.
Еуропалық əдеби сын теоретиктері əдебиетті зерттеуді
 
барынша
ғылымиландыруға тырысқан кезде, америкалық теоретиктер əдебиетті
ғылымға қарсы қоюды дəлелдеуге тырысты. Ғылымда сөздер нақты бір
ғана мағына білдіреді, алайда əдебиетте Клинс Брукс сияқты жаңа
сыншылар 
əдеби 
шығарманың 
контексіндегі 
сөздердің
орналастырылуының əсері рухани тұрғыдағы қосымша коннотативті-
үстеме мағынаға алып келуі мүмкін болатынын пайымдады. Ғылым
нақтылы заттардың атын тура атап, шындықты іздестірген кезде, əдебиет
ирония мен
 
парадокс сияқты сөздердің өзара мағыналық байланысуына
құрылған күрделі троптарды қолдану арқылы шындықты жеңілірек
сипаттауға
 
қол жеткізеді.
Туындаған жаңа мағыналар сенсорлық объектіге қарағанда, ғылыми


лексиканың көмегімен (сөздікті қолдану арқылы) ғана нақтылы атауға
болатын абстрактылы идеяларға ұқсайды. Жаңа сыншылар идеалистік
дəстүрді əдіс пен формаларды зерттеуге бағытталған
 
(өнерді кез келген рух
пен сананың көрінісі
 
ретінде таныған) жаңа қозғалыспен
 
біріктірді.
 
Олар
«мұқият оқуды» жақтады немесе жекелеген əдеби шығармалардағы бейнелі
образдар мен олардың
 
мағынасын көрсететін күрделі əдістерді бірлікте
алып зерттеуге көңіл бөлді. Клинс Брукс сөз мағынасын шыңдау үшін
қарапайым сөз қолданысы поэзияның қыспағында қалай тарылғанын атап
көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет