Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет21/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   369
Клинс Брукс
: «Міне, Уордсуорттың «Құпия сыр» 
(Intimations)
атты одасында өте күшті ирония
жатыр. Ақын бұл одада үміт пен мəжбүрлікті сан алуан символмен жеткізе білген: одада үміт пен
мəжбүрлік бір-бірінің басымдығын ескере отырып, өзара қатал қақтығысқа түскен. Шындығында,
ғылыми тұрғыдан қарасақ, бұл одадағы символдар бұрмаланып, яғни нағыз философтың
көзқарасына сай қолданылған; тұңғиықтан бастау алған қараңғы көлеңкеден шығып, жарыққа
ұмтылып жатқандай көрінеді; құрсаудан босағандай емес, керісінше, құрсаудың ішіндегі тар
қапасқа қамалып жатқандай көрінеді.
Бұл да сыры шешілмейтін жұмбақ емес. Ғылыми терминдер – абстрактілі символдар, яғни олар
ешбір контекске бейімделіп өзгермеуі тиіс. Ғылыми терминдер – объективті (немесе объективті
болуға ұмтылған) ұғымдар; яғни ол терминдер – бұрыннан бар атаулар. Сондықтан, жаңа
құбылысты атаған кезде ол терминдерді бейімдеп өзгерту мүмкін емес. Бірақ поэмадағы
ұғымдарға анықтама беретін термин жоқ деп айта аламыз ба? Ақынның кез келген сөзді бұрмалап
өзгерте алатынын білеміз ғой. Элиот айтқандай, «ақынның басты міндеті – сөзді түсінікті
мағынаға айналдыру».
ХХ ғасырдың ортасында Еуропаның əдебиет теориясына марксизм
қосылды. Дьёрдь Лукач «Тарихи роман» 
(The Historical Novel)
атты
еңбегінде Бальзак сияқты реакционист роялистердің 
(royalist)
əдеби
еңбектерін де теорияға айналдырған. Себебі, роялистер сол дəуірді толық
баяндай алған реалист жазушылар еді. Вальтер Бенджамин «Неміс
бароккосы драмасының пайда болуы» атты диссертациясында тарихты
зерттеудің жаңашыл əдісін ұсынған. «Медианың кино сияқты жаңа
түрлерін дүниені танудың жаңа əдісі ретінде қолдану қажет» деген пікір
білдірген. Теодор Адорно, Макс Хоркхаймер сияқты франкфурттық сын
мектебі ағымының кейбір мүшелері «поп-мəдениет – адамзатты
шатастыратын жол, капиталистер жұмысшы тапты осы поп-мəдениет
арқылы бағындырып отыр» деген. Ал Герберт Маркузе мен Эрнст Блох
сияқты ойшылдар консервативті, марксистік ағымдағы утопиялық ойға
беріліп, «идеологиялық» сипатына назар аударған.
Түрлі 
формалистік 
ағымдар 
əдебиет 
саласында 
əртүрлі 
жаңа
теориялардың пайда болуына себепкер болды. Ол жаңа теориялардың
қатарында роман сияқты жанр, реализм сияқты бағыт, романтизм сияқты


тарихи кезеңді сипаттайтын ағым да бар еді.
Орыс теоретигі Михаил Бахтин романның əлеуметтік-лингвистикалық
сипатына баса назар аударған. Роман бізді қоршаған дүниенің дүбірін жан-
жақты жеткізе алады деп сенген. Чарльз Диккенстің еңбектерін мысалға
келтіріп, оның сөйлеу түрлерін өз қиялымен ұштастыра білгенін
дəріптеген. Оның кейбір ойларына жұрт күле қараса, кейбіреуіне шын тəнті
болғандар да бар. Ч.Диккенстің романдары сөйлеудің түрлерін біріктіре
отырып, гетероглоссиялық 
(heteroglossic)
сипатқа ие болған, яғни қоғамды
дискурс арқылы бейнелей алған. Ч.Диккенстің романдарындағы дискурстің
əрбір көрінісі сол романның оқиғасына тікелей байланысты болып
табылады. М.Бахтин мұндай сипатты диалогизация
 
деп атаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет