Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет24/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   369
 
кесіп тастауға
негізделген. Егер адам осындай мүмкіндіктерге ұмтылса,
 
кітап сияқты
заттардың
 
бүтіндігі мен сəйкестігін сақтап тұрған шекаралар ашылады.
Тіпті мəдениет пен табиғат арасындағы
 
айырмашылық бұзылады. Біздің
барлық идеялық құрылымдар – материяның формалары. Бұл түсініктер
XXI ғасырдың басындағы əдеби теориядағы «жаңа материализмді» табуға
көмектеседі.
Деррида философия тарихын зерттей келе, жер бетіндегі
 
білімнің
табанды үрдісінің тиянақсыз құрылғандығына назар аударылмай, дүниедегі
философияны тұрақты деп
 
санаған қате пікір қалыптасқанын атап көрсетті.
Философия əдеби жəне философиялық мəтіндердегі мағынаның
бірдейлігін топшылайды. Алайда Деррида
 
қаралған мəтіннің барлығынан
Соссюрдің тілге қатысты байқаған айырмашылықтарын тапты. Сондықтан
мəтіннен мағынаға немесе автордың өміріне дифференциалды қарым-
қатынастағы
 
күрделі желіге түспей өтуге болмайды, ол біз күткеннен гөрі
анағұрлым көбірек мағына үстейді.
Дерриданың 
еңбегінен 
алынып, 
АҚШ-та 
жетілдірілген 
теория
деконструкция 
(deconstruction)
деп аталады. Оның жетекшісі Пол де Ман,
ал оны іс жүзіне асырған Барбара Джонсон болды. Де Ман
 
барлық əдеби
мəтіндерден тұрақты мағынаны табу мүмкін емес болғандықтан,
оқылмайтындығын дəлелдеу үшін Дерриданың идеяларын пайдаланды.
Ролан Барт та Дерриданың əдебиетті зерттеуде автордың өмірмен
байланысына көбірек мəн беруден гөрі оның мəтінінің мазмұнына қатысты
жайттарға басымдық беру турасындағы идеяларын қолдады. Əдебиет енді
«шығармалардан» емес, күрделі «мəтіндерден» тұратын болды.
XX ғасырдың екінші жартысындағы ірі француз ойшылы Мишель Фуко
структуралист болумен қатар, ықпалды
 
постструктуралист те еді.


Алғашында ол əлемді бейнелеу үшін осы
 
дүниені біздің қалай
көретінімізді, «дискурс тəртібін» қалай пайдаланатымызды, дискурсқа
салынған ережелер мен болжамдар əдісін зерттеді. Кейін оның жұмысы
өкіметтің
 
талдауынан өтіп, «тəртіп» ретінде қоғамдағы өкіметтік емес
құралдармен қамтамасыз етілді. Ақырында, оның назары
 
уақыт ағымымен
тəннің дискурстік реттелуі мен жыныстық қатынасқа ауды. Əдебиет
теориясын дамыта алмағанымен, Фуко саяси оқиғаларға аз көңіл аударып,
көбінесе дискурстың тарихты қалай жасайтынына маңыз берген
 
əдебиеттің
тарихи зерттелуін жаңартты. Стивен Гринблаттың «Жаңа тарихшылдығы»
(New Historicism)
, Кэтрин Галлахер мен басқалар кез келген тарихи
кезеңдегі дискурстарға сілтеме арқылы өзара байланыста болған.
Фуконың талдаушылық қарым-қабілеті 1950 жəне 1960 жылдардағы
əлеуметтік жəне саяси қозғалыстардан туындап, өсіп шықты десе де
болады. Бұл қозғалыстар əдеби теорияның маңызды мектептерінің
біразына дем берді. Отарлыққа қарсы, отарлықтан кейінгі күрес, ұлтаралық
қатынастардың өршуі, əйелдердің теңдік үшін қозғалысы феминистік
əдебиет теориясына алып келді; азаматтық құқық үшін күрес əртүрлі
этникалық салаларды зерттеуге серпін берді, тіпті гейлерден азат ету
қозғалысына арналған «куирлік» жəне «гендерлік зерттеулерді» жүргізуге
көмектесті.
Отарлықтан кейінгі ұлтаралық зерттеулер отаршыл үстемдіктің өршуін
зерттеуден басталды.
 
Ағылшын əдебиетінде ақнəсілділерге телінген
астаналық мəдениеттің отарлық шеткі аймақтағы мəдениеттен басымдығы
дағдыға айналған болатын. Эдуард Саид «Ориентализм» деп аталатын
тұтас бір ғылым саласы Шығыс пен Батыстың айырмашылығын түсіндіру
үшін, ғылыми дəрежесіне қарамастан, өрескел бұрмаланған стереотип
жағдайында 
дамығанына 
назар 
аударды. 
Хоми 
Бхабха 
сияқты
деконструктивті
 
бағытта ізденуші теоретиктер отаршылдар мен отарлық
қатынасты қиратушы, бүлдіруші зұлым əрекет ретінде бейнеледі.
Ұлтаралық зерттеулер ғаламдық мəдениеттің шынайылығын
 
пайымдайды,
мұнда дамыған орталық немесе артта қалған шалғай жер сияқты дəстүрлі
түсініктердің ешқандай мəні жоқ. Тіпті дəстүрлі ұлттық мəдениеттің
отарлыққа қарсы идеясы біріккен сандық жəне жанама ғаламдық əлемде
ендігі жерде маңызға ие бола алмайды. Этникалық теория этникалық
мəдениеттің нақтылы түрлері мен динамикалық əрекеттестігі басым
мəдениеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет