ретінде қарастырған жөн. Сонда одан туындыға қатыстылықтың белгілі бір
деңгейіне иелік ететін тарихтағы субъектіні көруге болады.
1
«Туындату» мен «қабылдау» терминдерін салыстырудың өзі «туындату»
терминін коннотациялық белсенділігі мен онтологиялық артықшылығына
сəйкес басым терминге айналдырып, иерархияны қалыптастырады. Ал
қабылдау, керісінше, «өзінен белсенді түрде ертеректе жаратылған
дүниенің» қабылдаушысы болып, пассив саналады. Тіпті біреу «қайта
туындатуды» «қабылдауға» алмастырғанның өзінде де, əлі де дəл сол
дилеммамен бетпе-бет келеді. Өйткені «қайта туындату» бастапқы
туындату жүзеге асуы мүмкін сəтке айрықша əсер танытады. Ол бұған
дейін жасалғанның тек қайталауы болып қана қоймай, белгілі бір жолмен
оның жасанды көшірмесіне айналады. Шамасы, бұл саналы айырым түрі
«мəтіннің өзін» жəне «мəтіннің мағынасын» немесе «автордың ниетін»
оқырманның «түйген мағынасына» қатысты жігерлендіру дəстүрінің
негізінде жасалатын ежелден келе жатқан тенденция болса керек.
Оқу процесі объективті дүниені пассив түрінде қабылдамау үшін өткен
шақ пен осы шақ арасындағы əрдайым өзгеріп тұратын диалог болады,
өйткені осы шақ оқырмандарды мəтінге қатысты сұрақтарды қоюға
итермелейді. Мұны өткен шақта қою, бəлкім, «заңдылық» ретінде көрінбес
еді. Беннет мəтін, оқу мен контекст арасындағы байланысты ашып көрсету
үшін «оқып-үйрену үлгісі» деген терминді енгізді (яғни, оқырман
студенттердің бірнеше топқа бөлініп, мəтінді терең талдап зерттеп-үйрену
үлгісі). Бұл тарихтың кез келген сəтіндегі оқу əдістерін анықтайды (7–11-
мəтіндер). Оның оқып-үйрену үлгісі жайлы концептісі Яусстың «үміт
көкжиегіне» ұқсас. Бірақ оның артықшылығы ірі əлеуметтік əрі тарихи
күштерді айқын көрсетеді. Бұған қоса, кейде эстетиканың да шеңберінен
шығып кетеді. Беннет оқумен байланысты жағдай қоғамдық тұрғыдан
болсын, дискурстық қырынан болсын анықталып қойғандықтан, белгілі бір
мəтін түрлері яки белгілі бір əлеуметтік факторлардың
Достарыңызбен бөлісу: