Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет250/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

The Magus
), Дорис Лессингтің 
«Алтын дəптер» 
(
The Golden
Notebook
) жəне Д.М. Томастың «Ақ қонақ үй» (
The White Hotel
) секілді
романдарын талдағанда, бұл тəсілді сəтті қолдандым. Бұл мақаламда
студенттердің Джеймс Джойстің 
«Улисс»
романы жайындағы ізденістерін
мысал ретінде пайдаланамын. Өйткені 
«Улисс» 
– студенттер үшін тым
қиын мəтін. Студенттерді үрейлендіріп алармыз деген қауіппен көптеген
оқытушылар оған едəуір «артық» теориялық жəне тарихи мəліметтерді
аңдамай қосып жіберетіні тағы бар. Əйткенмен, шығарманы туындату мен
қабылдауға қатысты дəл осындай жұмыстар студенттеріме 
«Улиссті»
құпиялықтан арылтуға (
демистификация
) көмектеседі. Оған белсенді
түрде қарсы тұруға, одан лəззат алуға əрі оны өздерінің тарихи жағдайына
назар аударуға бағындыруға мүмкіндік берді.
Курс былайша ұйымдастырылған: екі апта бойы 
«Улисс»
романының
контексін оқуға кіріспей тұрып, алғашқы төрт аптаны шығарманы туындату


мен қабылдау теориясын талқылауға арнаймыз. Одан кейінгі төрт аптада
«Улисстің»
өзін оқимыз. Содан соң осы процесті басқа романда
қайталаймыз.
2
 
Осы теорияны дəрісханаға енгізер тұста əдеби мəтін мен
оқырман арасындағы болсын, оқытушы мен студент арасындағы болсын,
дəстүрлі қатынас əлеуетін өзгертуді ұсынамын. Студенттер сыни һəм
тарихи сана-сезіммен оқып бастайтын бұл процесс шамамен үш кезеңде
жүзеге асады.
Біріншіден, 
олар 
«Улисс» 
пайда 
болған 
тарихи 
формацияның
перспективасын міндетті түрде оқуды қолға алады. Шығарманы туғызған
«алғышарттарды» (
background
) зерттеу үшін ғана оқымайды, яғни
персонаждар жайлы материалдар, саяси оқиғалар, діни тəжірибелер т.б.
секілді мəтінге «қатысты» болатын тұрақты дүниелерді емес, бұдан гөрі
мəтінді 
симптомдық
тұрғыдан оқиды. Онымен шектелмей, мəтін дүниеге
келген, сосын көбіне бейсана түрде мəтін ішінде көрініс тапқан əлеуметтік
формацияның шиеленіскен һəм қайшылықты «симптомдарын» іздейді.
Мысалы, 
«Циклоптың» 
(
Cyclops

тарауын 
ирланд 
саясатының
қайшылықтары мен күресі арқылы байланыстырып таныстырғысы келген
студент, Барни Кернанның сыраханасындағы маңызды эпизодқа тоқталады.
Неге? Ондағы ирланд ұлтшылдығын пародиялау үшін. Мұнымен қоса, бір
мезгілде британдықтардың ирландтықтарға қысым көрсетуін дəл нұсқауды
да ұмытпайды. Нұсқай отырып, түрлі интерполяциялардың, яғни
лингвистикалық 
эксцессиялардың 
еніп 
жатқанын 
назардан 
тыс
қалдырмайды.
3
Саналы түрде Джойс заманындағы Ирландия саясатына ден
қойған студент, Джеймсон «тежеу стратегиясы» деп атаған (53–54) ирланд
ұлтшылдығы секілді оның пародиясындағы интерполяцияның формалды
мəтіндік стратегиясы деген əдістерді үйрене алар еді. Оны шындықты
алмастыратын бөлек дүние десе де болады. Дəл осы мысалда іші қыжылға
толы ирланд ұлтшылдары адам төзгісіз жаппай сипат алған Британ
үстемдігін басуға мүлдем қауқарсыз.
Студенттер
«Улисстің
» симптомдық тарихын қайта құрастыра отырып,
Макрери айтқандай, 
«ниетпен жасалған» 
емес, 
«белгілі бір шарттарда
жасалған» 
мəтінді қарастыруға кіріседі (78). Оқудың екінші сатысында
студенттер 
«Улисстің»
тарихы барысында 
қайта туындаған
белгілі бір
жағдайларды зерттеуді енгізу үшін бұл перспективаны барынша кеңітеді.
Олар оқу түрлерінің мəтін ішіндегі əрқилы мəселелерді қалай һəм неліктен
қаузайтынын зерделейді. Көбіне нақты бір идеологиялық мақсаттар үшін
еріксіз түрде мəтінді не үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет