жоғары мəртебеге ие интерпретациялау стратегиясы тарихи һəм
институттық тұрғыдан олардың илеуіне көнді. Сонымен, студенттің эссесі
«мəтіннің өзіндік мəнін», яғни заңдастырушы күшті қамти отырып, осы
курсқа арнайы жасалған басымдыққа ие теориялық дискурсқа жоспарлы
түрде қарсы болады. Дегенмен оның эссесі кез келген теорияның, тіпті
шығарманы туындату мен қабылдаудың болжамға толы диалектикалық
теориясының өзінің де əлеуетін мойындап, жауаптарды жүйелеуге
көмектесті. Бұл қанша жерден парадокс болып көрінсе де, ойлау жүйемізді
тарихи қырынан һəм диалог құру жағынан шектейді.
Менің бұл жердегі талқылауым, əрине, дəрісханадағымен салыстырғанда,
айтарлықтай абстрактілі. Дегенмен
«Наусикая»
тарауында студенттерімнің
көтерген мəселелері мені ойға қалдырды. Оларға оқытушының міндетін
атқаруды тапсырдым. Білім алушылар сыни һəм тарихи тұрғыдан
теориялық негіздеуге қажет көптеген құралдар қолдарына берілсе,
«Улисспен
» интеллектуалдық əрі эмоциялық ықпалдастыққа түсе алатынын
аңғартты. Өткен тарихпен диалогке түсерліктей сұрақтар да қоя алады. Ең
бастысы, өздерінің тарихи күйіне жүгіне алатын интерпретация түрін
жасап шыға алады. Студенттің
«Наусикая»
тарауына қатысты жазған
эссесінен топтың алған əсері топпен болатын нақты диалогтік қатынастың
диалектикалық пайымның дамуына қалай ықпал ететінінің бір ғана
мысалы деуге əбден болады. Мұны Мастерман: «Топтың ішінде де, əрбір
жеке адамның ішінде де жүріп жатқан ішкі қайшылық пен алған əсерді
қабылдай отырып, топтық деңгейде зерделенген барлық жағдай мен
мəселеге қатысты мұндай қайшылықтың пайда болуын заңды дүние деп
ұғады», – деп сипаттайды (33). Шығарманы туындату мен қабылдауға
қатысты теориялық бағдарды қолға алған кезде, мұндай диалогтік қатынас
білім алушыларға өздерінің жəне бір-бірінің
«Улисс»
секілді өте ауыр
əдеби мəтіндерді қоса алғанда, барша мəдени объектілерге қатысты оқу
процесін мəселе етіп қарастыра алатын алаң ұсынады. Мұны оқу процесі
мен оны тарихиландырудың диалогтік табиғатына қарсы тұруға септесетін
тəсіл ретінде пайдалануға болады. Оның өзін де тарихилану процесінің бір
субъектісі ретінде тануға жол ашылады. Ол да дəрісхананың институттық
атмосферасында өзін осы процестің толыққанды субъектісі ретінде
сезінуге мүмкіндік алады.
Достарыңызбен бөлісу: