Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет345/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   369
Жетіспеушілік 
(lack)
 
– əуелгіде аталмыш термин объектілер қарым-қатынасына арналған
ағылшын психологиясында «басты олқылық» деген атауды иеленді. Ал Жак Лакан бұл терминді
(«manque a etre») 
тұлғалану процесі барысында ананың денесінен бөлінудің нəтижесінде пайда
болатын сезімді сипаттау үшін қолданды.
Идеализм (idealism)
қазір көнерген, идеялар физикалық əлемнен бөлек сферада болады деп
санаған философия мектебі.
Идентификация, бірегейлік 
(identification) – адамның «Мені» күшті жəне еліктеуге лайық басқа
адамдардың қасиеттерін ішінара өз бойына дарыту арқылы қалыптасады деген Фрейдтің идеясы. Бір
адам санасында өзге бір тұлғаның мінсіз бейнесін жасап алады да, «өзін» осы идеалға еліктеу
арқылы қалыптастырады.
Идеология 
(ideology) – Карл Маркс үшін билеуші таптың билік жүргізу идеялары. Уақыт өте келе
адамдардың экономикалық өмірінің өзгеруіне қарай, байлық пен билікті əділетсіз бөлуді ақтап
алатын идеялар да өзгеріске ұшырады. Иерархия алдындағы борыштар сезімін мойындаған ежелгі
діни идеялар «ақсүйек» деп қабылданған əлеуметтік топтармен бірігіп, қасиетті касталардың билігін
заңдастырды. Кейін азаттық немесе еркіндік идеялары саудагерлер мен өнеркəсіп иелерінің шағын
тобына байлықты шектен тыс жинауды заңдастырып берді. Француз философы Луи Альтюссер
идеологияны жеке даралық қасиеті деп сипаттады (адам өзін капитализм ережелеріне бағындыратын
мектеп, білім сияқты институттар шеңберінде қоғам мен мəдениеттегі рөлдер мен тəртіп ережелерін
бойына сіңіруші етіп емес, иллюзияның арқасында барынша еркін адами субъект ретінде сезінеді).
Икон
(icon) – семиотик Чарльз Сандерс Пирстің таңбалық белгілерді белгіленген заттарды еске
түсіру үшін қолданған термині. Мысалы, карта немесе портрет.
ИМҚ немесе идеологиялық мемлекеттік құрылым 
(ISA or ideological state apparatus according).
Луи Альтюссердің ойынша, идеология мектеп, шіркеу жəне жұмыс орындары сияқты мекемелерге,
адамдарға капитализмнің үлгілі субъектісі болуды үйрететін инвестиция ретінде құйылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет