Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет348/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   369
Кастрация 
(castration). Зигмунд Фрейдтің айтуынша, барлық ер баланың есі кірмеген шағында
анасымен жақындасуға деген сезімі болады жəне ол адамзат қалыптастырған мəдени мəміле тезіне
түскен кезде тұншықтырылады, сол кезде бала зорлықпен кастрация жазасының алдында тұрғандай
үрейді бастан кешетін көрінеді. Жак Лакан бұл үрейді семиотикалық түсіндірмемен бұрып əкетті. Ол
ер баланың балиғаттық есею рəсімдерімен бетпе-бет келуін біздің қазіргі өркениетте кім екенімізді
анықтайтын өмір сүру салтының рəсімдері (ат қою, рөлдер беру, ережелерге бой ұсыну т.б.) іспеттес
мəдени мəміле мен рəсім жоралғылар патшалығына өтуімен парапар санайды. Ер бала анасына деген
жақындасу сезімін тұншықтырып, бейсанаға өтеді, енді ол санаға қолжетімсіз болып, симптомдар
секілді белгі күйінде ғана қалады. s/S алгоритміндегі белгілердің ортасындағы сызық (кіші s


симптомға тең жəне үлкен S – бейсананың эквиваленті) бейсананы түс секілді айқын симптомдардан
бөліп тұрғанға ұқсайды. Қалаулысының (анасы) жоқтығы – ер адамның анасымен қиялында қайта
жақындасуды іздеуіне дейінгі барлық қалауының мотиві. Символдық тəртіпке ену жəне
тұншықтырылуға деген қажеттілікті қабылдау символдық түрде айқындалса да, кастрацияға жақын.
Яғни ер бала еркектік сексуалды қуаттың белгісі есептелетін фаллосқа қол жеткізуді құрбан етіп,
мұның əкенің иелігі екенін мойындайды, «əке еркі» еркек үстемдігі бағытындағы адамзат
мəдениетінде оны анасынан алшақтатады.
Конденсация 
(condensation). Бейнелі көріністер адам қиялында тұнба тəрізді қоюланады немесе
сезім мен ойдың əлденеше талшықтарын өріп тұтастырады. Бір атау төңірегіне бірнеше бейсана
себептер мен референттерді топтастыруы мүмкін. Фрейд бір кітаптағы құрғақ жапырақ жайлы түсте
əйел адамның есімі («Флора») мен немістің «бақ» сөзі сияқты көптеген референттердің
қолданылғанын байқаған.
Констатив 
(constative). Сөйлеу актісі теориясы бойынша, өмірдегі өзгерісті көрсететін «сіздерді
ерлі-зайыпты деп жариялаймын» деген сияқты тілдік əрекеттер «перформативті сөйлеу» деп
аталады, ал жай ғана белгілі мағлұматты жария еткен мəлімдемелер («Сіздер ерлі-зайыптыларға
ұқсайсыздар») «констативті сөйлеу» болады (
Перформативті қараңыз
)
.
Констелляция 
(constellation). Вальтер Беньямин Барокко дəуіріндегі неміс трагедиясы жайлы
зерттеуінде сол дəуір фрагменттерін қазіргі біздің жағдайымызға сай тұжырымдауға қарсы шығып,
дəуір фрагменттерін бір-біріне қатысы тұрғысынан зерттейді. Бенжамин сол дəуірді анық танытатын
түсініктерге емес, оны түсінуге мүмкіндік беретін фрагменттерге айрықша назар аударды.
Сондықтан оның талдау əдістері имманентті, тарихи жəне материалистік тұрғыда болды. Əдеби
шығармаларды дəуірдің талқысына салып жіберудің орнына (Дьёрдь Лукач əдебиетті сараптауда
тарихи материалистік əдісті қолдануға бейім болған), Беньямин біртұтас шоғырдың əрбір бірегей
элементтерін жеке-жеке зерттеді.
Контекст 
(context) – бір нəрсенің өмір сүретін жəне оның тұтас немесе толық түсінігін
қалыптастыруды қамтамасыз ететін айналасы немесе қоршаған ортасы; көбінесе тарихи ортасы
маңызды əдеби шығармалар үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет